Мақсаты: Әртүрлі анализаторларында кемістіктері бар балаларды оқытып-тәрбиеледің ерекшеліктерін сауықтыру тәсілдерін, түзету жолдарын анықтау.
Міндеттері: -Студенттерді есту, сөйлеу және көру ағзаларының анатомиясы мен физиологиясымен таныстыру.
-Есту және көру арқылы мәлімет қабылдаудың зерттеу әдістемесімен таныстыру.
-Студенттерді сезім анализаторларының қызыметтерінің бұзылына әкеліп соқтыратын себептермен сырқаттардың клиникалық белгілерімен таныстырып, олардың зардаптарынан хабардар ету.
-Тәжірибиелік жұмысқа қажетті негізгі мәліметтерді беру.
-Дер кезінде есту, сөйлеу және көру мүшелерінің қызметінде кемістігі бар балаларды анықтап, олармен медико – педагогикалық коррекциялық жұмыс жасау және кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
-Қазіргі кездегі аудиология, сурдология, офтольмологияның ғылыми–методологиялық және тәжірибиелік жетістіктерімен таныстыру.
-Студенттерді әртүрлі сезім мүшелерінің аурларының диагностикалық тәселдерімен, алдын алу және сауықтыру тәселдерімен таныстыру.
Пән мазмұны: Мүмкіндігі шектеулі балалар мүшелерінің анатомиясы және патологиясы, физиологиясының бөлімдерін қарастыру. Психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесін қолдану қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.
1) Мүмкіндігі шектеулі балалар мүшелерінің анатомиясы және патологиясының зерттеу әдістемелерінің нәтижелерін көрсету;
2) Бұл жүйе баланың психикасының және дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға арналған жұмыстарды қалыптастыру;
3) Мүмкіндігі шектеулі балалар мүшелерінің анатомиясы және патологиясы қарсы алдын алу және реабилитациялау шараларын дәрігерлермен бірге біліуі пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;
4) медицина саласында патологиялық ауруларды анықтау;
5) психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесін қолдану қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.
6) әр түрлі ауытқулықтары бар балаларды топтастыру және ғылыми зерттеулерде зерттеп оларды оқытылатын салада қолдану;
7)Мүмкіндігі шектеулі балалар мүшелерінің анатомиясы және патологиясын оқытылатын салада анықтап, теорияларды зерттей білу және түсіну;
8) әр – түрлі ауытқулықтары бар балаларға психолого – педагогикалық мінездеме беру маңызын ұғыну.