Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) таңдау Кредит саны –5 Жалпы cағат саны 135 лекциялар 15 практикалық зертханалық -30 боөЖ


Дәріс 4. Қоршаған табиғи орта мен өнеркәсіптердің өзара әсерлесулері. Өнеркәсіптердің қоршаған ортаға келтіретін зардаптары



бет18/33
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91422
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
umk ondiristik ekologiya e-18-1 tob 44 20201)

Дәріс 4. Қоршаған табиғи орта мен өнеркәсіптердің өзара әсерлесулері. Өнеркәсіптердің қоршаған ортаға келтіретін зардаптары.


Мақсаты: Қоршаған ортаға өнеркәсіптік өндірістердің әсері, келтіретін зардаптарына сипаттама беріп, талдау жасау.
Жоспары:
1. Өнеркәсіптік өндірістердің қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына әсері.
2. Өнеркәсіптердің қоршаған ортаға келтіретін зардаптары.
Негізгі түсініктер: қоршаған орта, ластану, ластанудың түрлері, ландшафт, антропогендік ландшафт.

.
Адамның өндірістік іс-әрекеті – қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.


Қоршаған орта дегеніміз – бұл адамның шаруашылық іс-әрекеті және оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи орта. Қоршаған ортаға өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік магистральдары, қалалар мен ауылды жерлердегі елді мекендер, әлеуметтік орта және т.б. кіреді.Адамның бір қалыпты өмір сүруіне таза ауа, ауыз су қажет болса, шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешекдерін қорғаудың да маңызы зор.
Шаруашылықтың әр түрлі салалары қоршаған ортаны ластаудың және оны тасымалдаудың көзі болып табылады. Өнеркәсіп – еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге қоршаған ортаны күшті ластаушы. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларын қоршаған ортаға әсер ету бағытына қарай - өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары деп екі топқа біріктіруге болады.
Көмір, темір рудаларын, минералды тұздар және басқа да қазба байлықтарын өндіретін кен орындарының жұмысы, әсіресе кенді өндіру ашық әдіспен жүргізілетін болса, үлкен аумақтық ландшафтың бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл жерде антропогендік ландшафт қалыптасады.
Антропогендік ландшафт дегеніміз – адамның іс-әрекетінің нәтижесі. Мысалы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында темір рудалары жер бетіне таяу орналасқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз кен орнындағы көмірді де ашық әдіспен алады.
Адамның биосфераға антропогендік іс-әрекеті Жер шарындағы көптеген аймақтардың климатын өзгеріске ұшыратуда. Адамдар пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен қатар олардың саны мен көлемін ұлғайту жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Отын энергетикалық кешендері, пайдалы қазбаларды көп мөлшерде өндіру және оны жағу (дүние жүзі бойынша 10 млрд т) атмосферада көмірқышқыл газының жиналуына әсерін тигізеді. Ал атмосферадағы көмірқышқыл газының көбеюі жер планетасында температураның көтерілуіне, яғни ауа райының өзгеруіне – жаппай жылынуға әкеп соғады.
Қазіргі кезде атмосферада метанның, көмірқышқыл газының, азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы ұлғайып отыр. Бұл адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді.
Табиғат пен адам қоғамы арасында өзара байланыс бар. Рас, адам қоғамы өзінің ерекше заңымен дамиды. Адам қоғамы аңдар әлемінен саналы еңбек арқылы ерекшеленеді. Аңдар да өзіне қажеттісін жасайды. Олар ұя немесе үйшік салады, ін қазады. Бірақ өзіне немесе балаларына тек тікелей қажеттісін ғана жасайды. Адамдар өзі шығаратын затының шамасын, өлшемін, мөлшерін біледі, табиғи заңдылықты басшылыққа алады, әсемдікті сезінеді.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600 – дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер:
• Пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;
• Радиоактивті қалдықтар
• Сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер
• Мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар метталлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;
• Қорғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу ндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады.
• Пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, лактар, коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер, косметикалық заттар;
• Тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16 %.

2.Өнеркәсіптердің қоршаған ортаға келтіретін зардаптары.


Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы ғаздардың тепе-теңдігін бұза алмайды, алайда, қолайсыз әсері біраз уақытқа дейін орын алуы мүмкін.
Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына, яғни құрамы мен қасиеттеріне зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар, радиоактивті материалдар, өндіріс пен тұтыну қалдықтарды, шу, тербеліс, магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы, мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіретін және басқа да халықшаруашылық салалары жатады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен, қағаз өндірісі – күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды.
Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркісібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар: электроэенргетика - 39%, өнеркәсіп пен үй – жай секторы - 35%, коксхимия өнеркәсібі - 14 %, ауылшаруашылығы - 5%.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу — осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс — фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнеркәсіптік өндірістердің қоршаған ортаға шығаратын ластаушыларына сипаттама беру...
2. Өнеркәсіптік өндірістерден шыққан улы заттардың тірі ағзаларға және адамға әсеріне мысалдар келтіру...
3. Өнеркәсіптік ластанудың қандай түрлері бар?
4. Өнеркәсіптік ластағыштардың атын атаңыз...
5. Өнеркәсіптік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы- Алматы: Ғылым,1998. -176 б.
2. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2003.-292 бет.
3. Петров К.М. Общая экология: Взаимодействие общества и природы: Учебное пособие для вузов.-2-е изд., стер.-СПб:Химия, 1998, -352 с.
4. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.- Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2001- 576 с.
5. Дуамбеков М.С., Тлебаева Г.М. Основы промышленной экологии.-/Учебно-методический комплекс.- Астана: Фолиант, 2004.Лот №108.-196 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет