Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) таңдау Кредит саны –5 Жалпы cағат саны 135 лекциялар 15 практикалық зертханалық -30 боөЖ



бет21/33
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91422
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
umk ondiristik ekologiya e-18-1 tob 44 20201)

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның мұнай-газ өндірісінің базасына сипаттама беріңіз..
2. Мұнай-газ өндірісінің тіршілік үшін маңызы қандай?
3. Мұнай-газ өндіретін аймақта ластаушылардың қандай түрі басым болады?
4. Қызылорда қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтамасыз етілуіне сипаттама беріңіз...
Дәріс 7. Көмір өндіретін кәсіпорындар, көмір өндіру техникалары мен технологиялары. Көмір өндірісінің қоршаған ортаға әсері.


Мақсаты: Көмірді шығару әдістері, көмірді шығару кезінде қолданылатын техникалар мен технологияларға және көмір өндірісінің қоршаған ортаға әсеріне талдау жасау.
Жоспар:
1. Көмір өндіретін кәсіпорындар, көмір өндіру техникалары мен технологиялары.
2. Көмір өндірісінің қоршаған ортаға әсері.
Негізгі түсініктер:

1. Көмір қоймаларында көтергіш конвейер қолданылады. Ол арқылы кәсіпорын кеніштің төменгі деңгейлерінен көмірді үздіксіз шығаруға мүмкіндік алады. Басты ерекшелігі: біріншісінен гөрі екі есе артық өнімділігі, осының арқасында кен қыртысының 20 миллион текше метрін сыртқы үйінділерге қаттауға мүмкіндігі бар. Екінші кешенге мердігерлік ұйымдар ғана емес, кәсіпорынның өн-дірістік учаскелерінің жұмысшылары да тартылды. Бай тәжірибе мен біліктілік жаңа кешеннің барлық нысандарында құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізуге кеңінен жол ашты. Келешекте аршу жұмыстарындағы экономикалық көрсеткіштерді сақтау және шығындарды азайту мақсатында резервтік учаскелерді тарту арқылы тау-кен жұмысының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.


Қолайлы сапалық көрсеткіші бар тас көмірдің шаң-тозаңсыз өндірілмейтіні белгілі. Технологиялық кешенге қопарылған көмір массасының орын ауыстыру жылдамдығы және конвейердің жоғары өнімділік кезіндегі ерекшелігін есепке ала отырып, сорғыш қызметі бар қайта тиеу құрылғысының инновациялық жобасын салуға мүмкінді болды. Режимді көмір тиегенде қопарылған көмір массасы аз тозаң шығаратындай етіп басқару маңызды. Энергетикалық отынға сұраныстың төмендеуіне байланысты және жоғары санат мамандары командасын сақтап қалу мақсатында №2 циклді-ағынды аршу кешені құрылысына түрлі мамандыққа ие жұмысшыларды тарту жөнінде ше-шім қабылданған. Нәтижесінде өн-дірістің өнімділігі артты. Бір экскаватор бір кеңістікті түгелдей қамтиды. Жұмысқа тартылған мердігер ұйым-дардың жұмысы сәтті үйлестіріліп, авторлық және техникалық қадағалау, маркшейдерлік қамтамасыз ету ісі қарқынды жүргізілуде, мұның бәрі құрылыстың кестеге сай жүруі үшін аса маңызды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары өндіріс үстінде жүргізілуде. Бұл жағдай басымдықтарды анықтауда, жұмысты тәуліктік және орта мерзімдік жоспарлауда қосымша жауапкершілік-тер жүктейді. Кеншілер шпалдарды дайындау және төсеумен де айналысады, ал бұл шпалдарға кейін арнайы конвейерлік секциялар орнатылады. Жобаны жүзеге асыру барысында кеніш мамандары №2 ЦААК құрылысына арналып ұсынылған жобалық шешімдерді қайта қарастырды. Мәселен, кәсіп-орын механиктері шпал конструкцияларын бұрын қолданыста болған металл құбырлардан өз жұмысшыларымыз әзірлеген кешеннің желілік конвейерлік секциялары орнына қолдануды ұсынды. Бұл – жаңа темірбетон конструкцияларды сатып алуға жұмсалатын қаржыны үнемдеуге қол жеткізу мүмкіндігі. Бас жобалаушының келісімімен осы шешім жұмыс құжаттамаларына енгізіліп, оңтайлы деп танылды.
Өндіріс саласында қосымша инновациялар да қамтылған. 2010 жылдан өндірістік шығындарды азайту үшін кеніште тау-кен-көліктік кешені жедел диспетчерлік басқармасы автоматтық жүйесі енгізілген. Бұл жүйе кеніштегі барлық жұмыс барысын қадағалайды. Жүк машиналардың жылу берудегі меншікті шығыны 6 пайызды құрады. 2013 жылдан бастап кеніштің басқару құрылымы бекітілді, орындалған операциялардың айқындылығын қамтамасыз ету үшін SAP бизнес-бағдарламасы енгізілді. Мәселен, жартылай жүк пойызының әрқайсысына орташа күлділігі 43 пайызды құрайтын көмір тиелген. Мұндай отынды электр станциясында жаққан кезде ешқандай қиындық тудырмайды.
Бүгінде «Шығыс» кенішінің дамуына байланысты басшылықтың, менеджерлердің алдында қандай басты міндет тұр?» Көмірдің айтарлықтай бөлігі, яғни, 500 миллион тоннадан астамы өндірілді. Кеніштің төменгі бөлігі жердің сыртқы қабатынан 250 метр тереңдікте орналасқан. Бұдан кеніштің жыл сайын тау-кен-геологиялық жағдайы күрделене түсетіні айтпаса да түсінікті. Біз, әрине, бұған дайынбыз. Сондықтан экскаватор жұмыстарында да жаңа жүйеге көштік. «Шығыс» кеніші теңдессіз көмір өндіретін кәсіпорын. Мұнда пайдалануға берілген сәттен бастап озық үлгідегі инженерлік тың жобалар енгізіліп келеді. Тізбелеп айтар болсақ: кен қыртыстарын аршу мен көмірді тасымалдаудағы жаңа технологиялар, ұсақтау кешені, жүк артудың автоматтандырылған пункттері. Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстыру да жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Өндіріс жұмыстары әрқашан жаңартуға, жаңа техникаларды игеруге байланысты жетілдіріліп отырады.
Бүгінде тау-кен күрделі жұмыстары кестеге сәйкес аяқталып, болашақ қозғалтқыш станциясы бар (С2) конвейерлік желі мен ұсатқыш құрылғыны (С1) монтаждау үстінде. Ұсату қайта тиеу агрегаты мен №1 біріктіргіш конвейерді монтаждау жұмыстары да мердігер ұйымның күшімен бір уақытта жүргізілуде. Металл конструкциясының ауқымы зор. Аз ғана мерзім ішінде қоймадағы қажетті жабдық сұрыпталып, 580 тоннадан астамы 200 метр тереңдіктегі монтаждау алаңына жеткізілді.

2. Көмір өндірісінің қоршаған ортаға әсері.


Бүкiл одақ бойынша халық шаруашылығындағы өндiрiлетiн тас көмiрдiң 63 -дан астамы темiр жол транспорты мен қара металлургия және электрстанса салаларында пайдаланылады. Сонымен бiрге көмiр тек отын ғана емес, химия өндiрiсiнiң шикiзаты. Тас көмiрдi коксқа айналдырған кезде бөлiнiп шығатын қара майдан 200-ден астам химиялық заттар алынады. Олар: жасанды бензин, әр түрлi дәрi-дәрмектер, ерiткiштер, мотор майлары, мүсәтiр, аммоний, селитра, бояулар, қантты заттар, нафталин, салицил қышқылдары, пластмассалар және т.б. Аптекалардан аспирин, сульфидин, новокаин, стрептоцид сияқты дәрiлердi алып пайдаланушылардың көпшiлігi бұл дәрiлердiң тас кемiрден алынатынын бiле бермейтiн де болар. Көмiрдi құрғақ айдаудан шығатын химиялық заттар, тиiмдi және арзанға түседi. Мысалы, анилинді табиғи бояулар әрi қымбат, әрi сирек кездеседi, ал тас көмiрден алынатын бояулар табиғи бояулармен салыстырғанда әдемiлiк жағынан да, арзандығы жағынан да анағұрлым тиiмдi және пайдалы. Демек, тас көмiрден және оның тектерiнен алынатын химиялық заттарды халық шаруашылығының барлық салаларынан кездестiруге болады. Жанғыш тақтатастар, асфальттар (басқа заттармен араласқан қатты мұнай), гудроидтар (мұнай қалдығы), минералды балауыздар, озокериттер (тау балауызы) тек жапқыш заттар түрiнде ғана емес, басқадай қажеттерге де, халықтық шаруашылығына да кеңiнен пайдаланылады.
Қазақстан жерiнде 400-ден астам тас көмiр, жүзден астам шымтезек, жиырмадан астам жанғыш тақта тастар және толып жатқан мұнай мен газ кен орындары бар. Көмiрдiң көптеген қоры Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңiрiнде, ал мұнай және газ кен орындары Қазақстанның батысы мен оңтүстiк аудандарында ашылуда. Жанғыш тақта тастар республикамыздың шығыс және батыс төңiрегiнде, шымтезектер оның солтүстiк жағалауларында кездеседi.
Біздің елімізде жыл сайын көмір өнеркәсібінде миллиондаған тонна қалдық бөлінеді. Таяу жылдарда бұл көрсеткіш өсе түспек. Егер мұндай қалдықтарды тиімді пайдалану жөнінде шұғыл шаралар қолданылмаса, еліміздегі Кузбасс, Қарағанды т.б. көмір өнеркәсібі шоғырландырылған аймақтарда бұл мәселе үлкен әлеуметтік әрі экономикалық проблемалаға айналмақ. Өйткені, көмір террикондары ауыл шаруашылық айналымына кіретін жерлерді басып жатады, әрі экологиялық жағынан да зиянды, ауа бассейнінің бүлінуіне себепші болады. Мұндай тау-тау үйінділер көмір разрезін ашқанда пайда болған үстіңгі және ішкі қабаттардағы жыныстардан және көмір байыту барысындағы қалдықтардан құрылады. Бұлардың ішінде соңғысы өзінің құрамы мен қасиеттері жағынан бірдей болып келеді де, оны құрылыс материалдары өндірісінде шикізат есебінде пайдалануға жақсы мүмкіндіктер туады. Бүгінде ондай тәжірибелер ғалымдар зертханасында ғана емес, іс жүзінде де едәуір жинақталып қалды. Енді сол жайындағы әңгімеге көшейік.
Соңғы жылдары еліміздің Қарағанды, Екібастұз сияқты ең ірі көмір бассейіндерінің байыту фабрикасының қалдықтары егжей-тегжейлі зерттеледі. Соның барысында бұл қалдықтар өздерінің химиялық құрамы жағынан лай-топырақ шикізаттарына жақын екені анықталды. Олардың құрамына едәуір мөлшерде (10-20 %, одан көп ) көмір қалдықтары да болды. Мұның өзі айтарлықтай отын көзін үнемдеуге мүмкіндік бермек.
Бұл қалдықтар өздерінің икемделгіш қасиеті жағынан төмен болып келеді де, олардың негізінде жасалған бұйымдарды жедел кептіруге мүмкіндік береді. Зерттелген қалдықтар тез балқығыш, қиын балқығыш және отқа өте төзімді болу қасиеттерімен ерекшеленеді.
Көмір қалдықтары қосымша шикізат есебінде шетелдерде де кеңінен пайдаланылуда. Мысалы, Польшадағы Каминск құрылыс керамика комбинатында шахта құрамына отыз пайызға дейін көмір өнеркәсібі қалдығы қосылып отырады. Англияның бірқатар зауытында отын шығынан азайту мақсатында шахта құрамына шахталардан шығарылған майда жыныстар енгізіліп жүр.
Көмір қалдықтарын пайдалану мәселесіне шетелдерге де зор көңіл бөлініп отырғандығын жоғарыда айтып кеттік. Керамикалық қабырға материалдары өндірісі, әсіресе, Польшада, Францияда, Біріккен Германияда, Жапонияда т.б. мемлекеттерде жақсы ұйымдастырылған. Бұл елдердердегі қолданып жүрген технологиялық әдістерден көп айырмасы жоқ. Сонымен, жоғарыда айтылған тәжірибелерді қорытындылай келе көмір өнеркәсібі қалдықтары керамикалық қабырға материалдары өндірісі үшін бағалы шикізат болып отыр деуге толық негіз бар. Тек бұл шикізаттардың кәдімгі лай топырақтарға қарағанда технологиялық үдеріс барысындағы кейбір ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет