Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) таңдау Кредит саны –5 Жалпы cағат саны 135 лекциялар 15 практикалық зертханалық -30 боөЖ


Дәріс 10. Қоршаған орта ластаушыларының сипаттамалары



бет24/33
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91422
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
umk ondiristik ekologiya e-18-1 tob 44 20201)

Дәріс 10. Қоршаған орта ластаушыларының сипаттамалары.


Жоспары:
1. Атмосфераның, литосфераның және гидросфераның ластанулары.
2. Өнеркәсіптік ластаушылардың топтастырылуы.
3. Ластануды жою проблемалары.


1. Атмосфераның, литосфераның және гидросфераның ластанулары.
Негізгі химиялық ластағыштар. Көптеген өнеркәсіп орындары, автокөліктер, ірі кешендер қоршаған ортаға әр түрлі зиянды заттар шығарады, кесте. Солардың бірі- көміртек диоксиді (СО 2), екіншісі – көміртек монооксиді (СО). Жалпы отын жаққан кезде түзілетін бұл екі оксид те ластағыш газдар. Көміртек диоксиді – улы емес, ал көміртек монооксиді - улы. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен қосылып, зианды қоспа түзеді.
Жер бетінен ғарыш кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмірқышқыл газының атмосфера шегінде шектен тыс көбеюін жылдамдатуда. Мәселен, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында көмірқышқыл газының атмосферадағы мөлшері 0,029% болса, 1990 жылдары 20 %-ға көбейді. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеуі бойынша 2000 жылы 30 %-ға жеткен. Мұндай жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1 0С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәлеметтерді компютерлік жүйе арқылы есептегенде, жер шарының орташа теппературасы жақын жылдары 1,5- 4,5 0С-қа жылынуы әбден мүмкін.
Жер шарының осылайша біртіндеп жылынуы дүниежүзілік мұхиттардың деңгейінің 1,5 метрге көтеріп, ғаламшарымызда топан су қаупін туғызары сөзсіз. Мұхиттар деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема болғандықтан, жылыжай эффектісінің әрекетін, оның пайда болу механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Радиациялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөлетін радиоактивті нуклидтер құрайды. Міне, осы бөлшектер мен таралған сәулелер адам организміне түскенде клеткалардың құрылымын бұзып, сның салдарынан түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, бета және гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адамдар мен жануарлар клеткаларындағы нәруыз, фермер және басқа құрылымдардың өзгеруіне, яғни сәулелік аурулардың тууына апарып соғады.
Сәулелік аурудың пайда болуы қабылдаған сәуленің мөлшеріне байланысты. Адамға 50 рентген мөлшеріндегі сәуле әсер ете бермейді. Ал 100 рентген сәуле қабылдаған адамнан сәулелік аурудың белгілері байқала бастайды.
Сәулелік ауру қабылдаған сәуленің мөлшеріне қарай: ауыр және созылмалы ауру төрт дәрежеде жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; орташа түрі – 200 – 300 рентген мөлшерінде; ауыр түрі – 300 – 500 рентген мөлшерінде; өте ауыр түрі – 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле қабылдаған кезде болады (9-кесте).
Сәулелік ауру төрт кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде – сәуленің организмге әсері оның қабылданған мөлшері қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айна, құсу, іш өту терінің бозаруы, қан қысымының ауытқуы, Естен тану. Екінші кезеңде аурудың жағдайы уақытша жақсарады. Бұл кезеңді жасырын кезең, яғни жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған сәуле мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады – екі күннен үш аптаға дейін созылады. Әлсіздік, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады және
Қан құрамы да өзгеріске ұшырайды. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі. Аурудың дене қызуы көтеріліп, ішінде жаралар пайда болады. Бадамша безі асқынып, тамағы ауырады. Үш – төрт аптадан кейін шаштары түседі, қанайналымы бұзылады. Осы кезеңде өкпенің қабынуы, іш өту, аққан ауруы, т.б. өршуі мүмкін.
Төртінші кезең – сәулелік аурудың жеңіл түрі болғанда ауру жазыла бастайды. Ал ауыр түрі болғанда – адам бастапқы кезеңдерде-ақ өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның қаны азайып, қан қысымы көтеріліп және организмде әлсіздік байқалғанымен, бірнеше айға созылған аурудан жазылуы мүмкін. Адамның іс-әрекеті салдарынан биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр.
Радиоактивті заттардың кең түрде қолданылуы, оны тасымалдау кезіндегі немқұрайдылық радиациялық ластанудың көзі болуда. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына апарып соғады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап атом электр станциялары, мұзжарғыш кемелер, ядролық қондырғылар, сүңгуір қайықтар кеңінен пайдаланыла бастады. Атом энергиясы қолданылатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде ғана қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластану мүмкіндігі болмайды. Мұндай мекемелерде апат болған жағдайда радиациялық ластану дәрежесі мәңдаған километрге дейінгі тіршілікті жояды. Қазіргі кезде радиоактивті қалдықтарды көму технологиясын сақтау қоршаған орта үшін ауадай қажет болып отыр.
Бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру тудыра алатын тырысқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерге ол ауруларды тудыра алмайды. Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен бұлақ суларын пайданалар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері - тырысқақ, іш сүзегі, дизинтерия ауруларының таралуы себепші болған кездер жиі кездеседі.
ЖИЖС вирусы тек адам организмінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың организмінде тіршілік ете алмайды. ЖИЖС ауруын тек адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайданылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін. Негізінен, бұл ауру жыныс жолы арқылы таралады. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Республикамыздаң аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Олар тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.
1990 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қару сыналған жердің көлемі облыстарда: Ақтөбе – 4207,5, Атырау – 1635,3, Шығыс Қазақстанда – 11,1, Жамбылда – 2576,1, Қарағандыда – 4900, Батыс қазақстанда – 1558,8, орталық Қазақстанда – 19,6, Маңғыстауда – 21,4, Павлодарда – 717,0, Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдің әскери ведомостволары 500-ге жуық ядролық сынақ жасап 20 млн га шұрайлы жерді жарамсыз еткен.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн га жері әскери полигондардың кесірінен бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумағында барлығы 16 млрд т радиоактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының – 800 га, Жамбыл – 190 га, Қарағанды – 25 га, Қызылорда – 3 га, Оңтүстік Қазақстан облысы – 2 га жерін алып жатыр. Мұны Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары мен олардағы қазіргі қалыптасқан жағдайлар келтірілген фактілер арқылы көруге болады, 9-, 10- кестелер.
Кейінгі жылдары экологиялық апатты аймақтарда тұрғындарды әлеуметтік және материалдық жағынан қорғау жұмыстарына көңіл бөлінуде. Оның негізгісі – тұрғындарға тікелей дәрігерлік көмек көрсету және әтлеуметтік жеңілдіктер беру. Экологиялық апат аймақтарына мемлекет тарыпынан қаржы бөлініп отыр. Сонымен бірге болашақта тегін медициналық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру көзделуде. Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында өндіріс қалдықтарын жою, техникалық жағынан қауыпсіздендіру жұмыстары жүргізілуде. Ең бастысы - өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу бүгінгі күннің талабы болып отыр.
2. Өнеркәсіптік ластаушылардың топтастырылуы.
Ластану дегеніміз табиғатқа тән емес агенттердің қоршаған ортаға таралуы немесе табиғатта бар заттар концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) шектен тыс артуы, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туындауы. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың тиімді концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді);
• пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), нысандық (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивтік (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (тұмша өнімдері);
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутегі, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіпорындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн.
Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топққа бөлуге болады:
1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
2. Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.
3. Биологиялық ластану – жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық ластану – табиғаттың әсем ландшафтарының бүлінуі, орман – тоғайлардың жойылуы, табиғатты сұлу жерлерді су басып, батпақ-сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бүлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар.
Биосферадағы ластану үдерісі үш кезеңге бөлінеді.
1. Ластанушы заттардың таралуы.
2. Ластағыштардың биомассаға енуі.
3. Ластанғыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы. Адам ағзасы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам ағзасы оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.
Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа, су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген.
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу мүмкіндігі жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады:
- Қоршаған ортаға түсетін көлеміне;
- Улылығына;
- Тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыздық тудыруы, оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және сақталу мерзіміне, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты жылулық құбылыстың пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25 % ластанған. Қазіргі кезде атомдық қозғалтқыштар мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануынан зор қауіп төніп отыр.
Табиғат ресурстарды пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
3. Ластануды жою проблемалары.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер шығару әзірге жолға қойылмаған. Сондықтан, қалдықтарды сақтауға, жинауға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалуы керек.
Кен үйінділерін, өнеркәсіп шығарындыларын, қала қоқыстарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олардың құнды шикізат болуы әбден мүмкін. Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Қалдықтарды қайтадан пайдалану қоршаған ортаны қорғау, негізгі шикізаттарды тиімді пайдалану, энергияны үнемдеу сияқты мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Көбінесе ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтар түрінде тасталынады. Д.И.Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек пайдаланылмаған шикізат болады» деп айтқан. Алғашында пайдасыз зат көрінген кез келген қалдық басқа бір өндіріске шикізат болуы ғажап емес. Бұл өз кезегінде пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған тезхнология болу қажеттігін ескертеді. Сондықтан кез келген қалдық басқа бір өндіріс үшін екінші ретті шикізат көзі қызметін атқарады.
Елімізде халық шаруашылығынан жыл сайын шығатын қалдықтарды көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұйық қалдықтар жинақталған. Қалдықтардың 70-75 -ы тау-кен өндірістерінен, 20 -ы байыту және қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады.
Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауыл шаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Өнеркәсіп қалдықтарын құндылығына қарай пайдалану мүмкіндігі де жоғары. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру біраз жерлерді ауыл шаруашылығына босатуға мүмкіндік береді.
Егер қалдықтар шаруашылық айналымына түссе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жер қойнауындағы шикізат қорларын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Шикізат қорларының да шексіз таусылмайтын қор емес екендігін бүгінде кез келген адамзат түсінеді. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат қорының күрт елеулі азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, шикізаттарды қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығынң әр түрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінен пайдалы элементтердің 2-3 -ы ғана алынып, қалған 97-98 -ы пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Маңызды шикізат қорларының бірі ретінде күл мен қоқысты айтуға болады. Күл мен қоқысты құрылыс материалдарын алуда пайдалануға болады. Күл цементке толтырғыш ретінде қолданылады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1 т цементтің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің құрамында 5-30  темір тотығы, 30  әк және коксталған көмірдің қалдығы болатындықтан металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға болады.
Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат көзі ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталған жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялық барлау жасауға, тасымалдауға, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалатынына байланысты шлактардан алынған металдардың өзіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады.
Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық және Солтүстік Қазақстанда металлургиялық өндірістердің қалдықтарын қолдану арқылы азот, фосфор және басқа минералдық тыңайтқыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда.
Металл сынықтары өнеркәсіп қалдықтарының ішінде ерекше назар аударуға тұратын қалдыққа жатады. Өндіріс процестерінен шығатын металл сынықтарының жалпы көлемінің 67 -і кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үгінділерден, 31 -ы амортизацияық сынықтардан, қалған 2 -ы қоқыстан алынған металл қалдықтарынан тұрады. Айта кететін тағы бір мәселе тұтыну қалдықтарының ішінде де бүгінгі күні металл сынықтары көптеп кездеседі. Бұл халықтың пайдаланатын заттары түрлерінің әралуандығымен түсіндіріледі.
Амортизациялық сынықтарға шығынға жіберілген, істен шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т.б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана.
Машина жасайтын өнеркәсіптерде амортизациялық сынықтардың 55  технологиялық жабдықтар мен саймандарды ауыстырған кезде шығады. Өндірістегі металл қалдықтарының өңдеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе қоспаларының мөлшеріне байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын негізгі көздеріне металдарды механикалық өңдеу, түрлі пішіндерге келтіру, құю процестері жатады.
Металлургиялық өнеркәсіптер тек металл сынықтары мен қалдықтар шығаратын көз ғана емес, сонымен қатар олар негізгі пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна электрлік болат өндіруге 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сынықтары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алынғаннан 60-70 -ға арзанға түседі.
Шетелдерде ерекше назар алюминий және қаңылтыр банкілерін жинау мен өңдеуге аударылады. АҚШ-та қайтадан өңделіп шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5  қайтадан өңдеу арқылы қалдықтардан алынған. Қалдықтарды өңдеу арқылы алынатын өнімдердің анағұрлым арзан болатыны анықталған.
Қиындық туғызатын проблемаларға пластмасса және әр түрлі полимерлі материалдарды өңдеу жатады. Пластмасса және полимерлі материалдарды өңдеуден өткізу үшін оларды мұқият сұрыптау қажет. Әр текті пластмассалар төменгі сортты материалдар алуға жұмсалады. Полиуретан мен жасанды талшықтардан жасалған кейбір бұйымдарды қайтадан өңдеу біршама қиындықтар туғызады. Мұндар материалдар ыдырауға түспейді және көмуге де жатпайды. Пластмассалар ішінде дәл осындай қайта өңдеуге көнбейтін түрлердің көптігі оларды өңдеу, көму сияқты жұмыстарды күрделендіреді.
Соңғы 15-20 жылда пластмассалардың жаңадан жетілдірілген түрлерін жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мұнайдан өндірілетін арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микроағзалардың қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін қосылыстарға ыдырайтын түрлерді алу негізгі мақсат болып отыр. Осындай полимерлі материалдар ауылшаруашылық дақылдарынан (жүгеріден, картофельден, қатты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе целлюлоза мен полиэтилен қоспаларынан алынады. Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез арқылы алынған жасанды полиэфирлер және микроағзалардың қатысуымен түзілген биополимерлер, биосахаридтер жатады. Осындай материалдар ылғал болған жағдайда биохимиялық жолмен ыдырайды және әр түрлі жағдайда орналастыруға көнеді. Биополимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шығарыла бастады. Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған жоқалардың орнына амортизациялық буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір рет пайдаланылатын әртүрлі ыдыс-аяқтар, контейнерлер және т.б. жасалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет