Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Кафедра меңгерушісі: _____________ Жусупова Л.А.
Пән оқытушылары: _______________ Шарипова А.Ж.
ДӘРІСТІК КЕШЕНІ
Дәріс №1. Өнеркәсіптік экология пәнінің қалыптасуы мен дамуы.
Мақсаты: Өнеркәсіптік экология пәнімен таныстыру, пәннің мақсаты мен міндеттері және қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдерді қарастыру.
Жоспары
1. Өнеркәсіптік экологияның мақсаты мен міндеттері.
2. Өнеркәсіптік экологияда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.
3. Өндіріс және тұтыну.
Негізгі түсініктер: «өнеркәсіптік экология», ластану, ингредиенттік ластану, биоцентикалық ластанулар, экологиялық дағдарыс.
1. Өнеркәсіптік экологияның мақсаты мен міндеттері.
Қоршаған орта деградациясының дәрежесі және табиғат ресурстарын пайдалану деңгейі – XXI ғ. басты проблемасы болып табылады. Бүгінгі таңда біздің елде және көптеген шетелдерде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаның ластануын жою, сондай-ақ қазіргі заманғы өркениеттің орнықты дамуы, қоғам қажеттілігін қамтамасыз ететін проблема. Оның шешімі өнеркәсіптік өндірісті және экономикалық жүйені ұйымдастырудың жаңа әдістерін меңгерумен байланысты. Осы айтылған мәселелер өндіріс экологиясының негізін құрайды.
«Өнеркәсіптік экология» түсінігі 1980 ж. басында пайда болған. 1983 жылдың өзінде Д.И.Менделеев атындағы МХТИ-да «өндіріс экологиясы» деп аталатын кафедра болған. Бұл кафедрада химик-экологтар үшін «өндіріс экологиясы» деп аталатын лекция оқылған.
«Өнеркәсіптік экология» материалдық, бірінші кезекте өнеркәсіптік өндірістің, адамның және басқа да тірі ағзалардың олардың өмір сүру ортасымен өзара әсерлерін, өзарар әсерлесулерін оқып-зерттейді. «Өнеркәсіптік экология» пәні экологиялық-экономикалық жүйе болып табылады.
2. Өнеркәсіптік экологияда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.
Экологиялық тазалық - өндіріс нысанының өсу-энергетикалық табиғи айналысқа «ену» қабілеті және оның қоршаған ортаға әсерінің мөлшері (орта жағдайының параметрлері).
Экологиялық әсер - өндірістік еңбекпен байланысты табиғи нысандар мен факторлардың кез келген антропогендік өзгерістерінің себеп-салдарлары (әдейі жасалған, кездейсоқ, біртіндеп болған немесе апат).
Қоршаған орта жағдайының параметрлері – температура, қысым, газдардың, сұйықтардың көлемі, заттардың концентрациялары, электромагнитік өрістің кернеулігі, радиобелсенділік және т.б.
Экожүйелердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін мұндай параметрлер белгілі аралықта болуға тиіс.
Жергілікті экологиялық апат - әртүрлі ингредиенттер мен әсерлер түрлерінің жергілікті экожүйелерге түсетін жүктемелерінің рауалы концентрациядан көп жоғары болуы.
Экожүйелердегі материалдық және энергетикалық түрленулер Жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді, атап айтқанда
1. Экожүйелер ғаламшар бетіне түсетін артық энергияның ластанбаған орта арқылы өтуі есебінен өмір сүреді.
2. Ресурстардың алынуы, қалдықтардан құтылу ластанбаған ортамен шектелген зат айналысы есебінен жүзеге асады, дәлірек айтқанда көміртегі қосылыстарының, азоттың, күкірттің, фосфордың айналыстары.
3. Экологиялық пирамида принципі жүзеге асады; популяцияның биомассасы үлкен болған сайын, оның алатын трофикалық деңгейі төмен болуы тиіс.
Трофикалық (қоректік) тізбек – алдыңғы звено келесісі үшін азық болатын және бір мезгілде энергия тасымалының тізбегі болатын ағзалар қатары. Бірінші трофикалық (төменгі) деңгейде продуценттер (күн энергиясын жинайтын өсімдіктер) және редуценттер (органикалық заттарды ыдырататын микроағзалар) орналасады. Келесі деңгейде – консументтер (насекомдар, өсімдік қоректі жануарлар) орналасады. Одан әрі бірінші ретті жыртқыштар, екінші ретті жыртқыштар орналасады. Экожүйелерде барлығы 5-7 трофикалық деңгей болады. Энергия шығынының салдарынан әрбір келесі трофикалық деңгейдің үлесіне аз энергия тиеді.
Бақылау сұрақтары:
1. . «Өндірістік экологияның» негізін салған кім?
2. Экологиялық дағдарыс дегеніміз не?
3. Ластану дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
4. Ингредиенттік ластануға анықтама беріңіз...
5. Экожүйелер қандай жағдайда бұзылады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. (Оқу құралы).- Алматы: Ғылым, 1998. -176 б.
Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2003.-292 бет.
Петров К.М. Общая экология: Взаимодействие общества и природы: Учебное пособие для вузов.-2-е изд., стер.-СПб:Химия, 1998, -352 с.
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.- Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2001- 576 с.
Дуамбеков М.С., Тлебаева Г.М. Основы промышленной экологии.-/Учебно-методический комплекс.- Астана: Фолиант, 2004.Лот №108.-196 с.
Достарыңызбен бөлісу: |