Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) таңдау Кредит саны –5 Жалпы cағат саны 135 лекциялар 15 практикалық зертханалық -30 боөЖ


Дәріс 2. Табиғи-өнеркәсіптік жүйе (техногендік жүйелердің пайда болуы) және оның құрылымы



бет17/33
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91422
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
umk ondiristik ekologiya e-18-1 tob 44 20201)

Дәріс 2. Табиғи-өнеркәсіптік жүйе (техногендік жүйелердің пайда болуы) және оның құрылымы.

Мақсаты: Табиғи-техногендік жүйеге анықтама және сипаттама беру, құрылымын түсіндіру және қоршаған орта мен адамзат баласына әсеріне талдау жасау.


Жоспары:
1. Табиғи-техногендік жүйе және оның құрылымы мен компоненттері.
2. Табиғи-өнеркәсіптік жүйенің қоршаған ортаға және адамзатқа әсері.

1. Табиғи-өнеркәсіптік немесе техногендік жүйе – анықталған зат, энергия және ақпарат алмасуына негізделген, құрамына салыстырмалы орнықты және өз бетімен тіршілік ететін өнеркәсіптік, коммуналдық, тұрмыстық, табиғи, аграрлық нысандар кіретін өз бетінше дербес тіршілік ететін жүйе. Тиімді қызмет ететін табиғи-өнерксәпітік жүйе дегеніміз материалдық, энергетикалық, еңбек және т.б. шығындары минимал болатын және қоршаған табиғи орта сапасын қамтамасыз ету арқылы тиісті өнеркәсіптік өнім көлемін алуға қабілетті жүйе.


Техногендік жүйенің шекарасы осы жүйеге кіретін, яғни өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсер ету аймағымен анықталады. Техногендік жүйе еңбегінің бағытын және оның қоршаған ортаға әсерінің сипатын анықтайтын басты компонент өнеркәсптік звено болып табылады. Өнерксәптік звеноның құрылымдық сұлбасында
• негізгі өндіріс нысандары;
• көмекші өндіріс кәсіпорындары;
• энергетика нысандары;
• жаңа және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайта құрылуы және құру бойынша ұйымдастыру сияқты звенолар бар.
Өнеркәсіптік звено өнімі ретінде табиғи-өнеркәспітік кешеннен сыртқа жөнелтілетін, сондай-ақ өзінің жеке қажеттілігін қамтамасыз ететін өнімдері ескеріледі. Өнеркәсіптік звено өнімдеріне өндіріс қалдықтары да жатады: газ тәрізді, сұйық, шаң тәрізді өнеркәсіптік шығарындылар, қоршаған ортаны ластайтын жылулық ағындар және шу.
Көмекші өндіріс негізгі өндіріске қызмет көрсетумен байланысты еңбекті ұйымдастыру жұмысын атқарады. Оған жөндеу-механикалық орталығы, өнеркәсіптік көлік, дайын өнімдер қоймасы, шикізат және қондырғылардың қоймасы, сондай-ақ жаңа құрылыс пен негізгі кәсіпорынды, энергетикалық нысандарды, көлік магистралдарын қайта құруды қамтамасыз ететін кәсіпорындар жатады.
Коммуналдық-тұрмыстық звено өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығы өндірісі кәсіпорнында, табиғи-өнеркәсіптік кешен өнімдерімен жұмыс істейтін адамдардың өмір-тіршілігін қамтамасыз етеді. Звеноның негізгі нысандары халық орналасқан аумақ, азық-түлік дайындайтын кәсіпорындар, сауда, мәдени және оқу орындары, рекреациялық нысандар (парктер, стадиондар, жағажай, демалыс аймақтары және т.б.). Коммуналды-тұрмыстық звено өнімдеріне халық тұтынатын өнімдер, сондай-ақ коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар қалдықтары мен шығарындылары жатады.
Құрамында табиғи-өнеркәсіптік кешен қызмет атқаратын экологиялық жүйенің негізгі ерекшелігі – мұндай жүйенің барлық компоненттеріне үнемі өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты әсер етеді және олардың осы әсерлерге төзімділігі тәжірибеден өтеді. Техногендік жүйе аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы, орман және т.б. пайдаланылатын жерлер өздерінің өнімділігін төмендетеді, кейде толығымен деградацияға ұшырайды. Соған байланысты өнеркәсіптік кешендер әсер ететін жерлердің өнімділігі төмендеп мүлде құнарсыз жерге айналады.
Табиғи-өнеркәсіптік кешен аумағындағы ауыл шаруашылыығ өнімдерінің спасы да төмендейді. Өйткені, өнеркәсіптік шығарындылардың белгілі бөлігі табиғи қауымдастықтағы экологиялық тізбек звеносы болып табылатын зат айналымына араласып, адам ағзасына түседі. Сондықтан өнеркәсіптік кешендер аумағында орналасқан ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер өнімділігімен ғана емес, алынатын өнімнің сапасымен бағаланады.
2. Қоршаған табиғи орта мен өнеркәсіптердің өзара әсерлесулері.
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің маңызды проблемасы. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, энергетикалық жүйелер мен көліктердің атмосфераға шығарындылары, әсіресе, ірі өнеркәсіптік орталықтарда ластану деңгейлері рауалы санитарлық нормалардан асып түседі.

Ең үлкен қауіп атмсофераның ластануынан болып отыр. Атмосферадағы зиянды заттар концентрациясының мөлшеріне түрлі қоспалардың ауадағы тасымалдануы мен шашырауын желдің бағыты мен жылдамдығын және т.б. анықтайтын метеорологиялық жағдайлар көп әсер етеді. Атмосфераның жер бетіне жақын қабаттағы ластанудың қауіптірек түрінің бірі температура инверсиясы. Инверсия үдерісінің мағынасы: әдеттегі температураның орнына жоғарғы қабаттарда температураның жоғарылауы, ал төменгі қабаттарда температураның әрбір 100 м сайын 0,5-0,6 0С-ге төмендеуі байқалады. Температура инверсиясы ауаның тік қозғалысына кедергі жасайды және атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы зиянды заттары жинақталып қалатынаймақтардың түзілуіне мүмкіндік жасайды.


Өнеркәсіптік өндірістердің зиянды шығарындылары мен басқа да ластаушы көздер тек қоршаған ортаға ғана емес, техникалық заттардың пайдаланылуына да теріс әсерлерін тигізеді. Мысалы, ашық жерде орналасқан электр стансаларының қондырғылары, электр тасымалдауға арналған ауадағы сымдар органикалық отындардың жануынан шыққан шығарындыларға оранып тұрады, шығарындылар оларды басып тұрады.
Шаң бөлшектері оқшаулағыштардың бетіне қонады. Жинақталған ластаушылардың мөлшері беттің 1 см2-на бірнеше ондаған мг-ға жетеді және электрөткізгіштері оқшаулағышы бетіндегі түзілістерге айналады. Ластанған оқшаулағыштар ылғалданған кезде разрядталатын кернеу бірнеше есе төмендейді.
Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мәселелер кешенін қарастырғанда шудың, инфрадыбыстың түрлі дірілдердің адам өмір-тіршілігіне әсерлерінің жағымсыздығыескерілмей қлады. Қалаларда көлік және өнеркәсіптерден шыққан шулар, тұрмыстық құралдардың дыбыстарыадам ағзасына күшті дыбыстық шабуыл жасайды. Қоршаған ортаның «шумен ластануы» біршама көңіл бөлерлік проблема туғызады. Қала шуларының деңгейлері әрбір 5-10 жыл сайын 5-10 дБ-ге артып отырады.
Ультрадыбыс пен инфрадыбыстар үлкен қатер туғызады. Инфрадыбыстың салыстырмалы түрдегі төменгі деңгейіндегі энергиясының өзі елеулі аурулар туғызады. Қала халқының көптеген жүйке ауруларының түрлері тоқ ішек қабырғаларына дейін тесіп өтетін инфрадыбыстың әсерінен болады.
Кейбір жағдайларда қоршаған ортаның жылулық шығарындыларымен, электромагниттік өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және иондаушы сәулелермен ластанулары кездеседі.
Соңғы 10 жыл көлемінде жүргізілген экологиялық зерттеулер көптеген елдерде қоршаған ортаны антропогендік факторлардың зардаптарға ұшыратып жатқанын көрсетеді. экологиялық дағдарыстардың, атап айтқанда, шикізат қорларының сарқылуы, ішетін таза судың жетіспеуі, климаттық апаттар және т.б. ішіндегі ең қауіпті сипат алған проблема өнеркәсіптік жіне көлік қалдықтарымен – ауаның, судың және топырақтың ластануы болып отыр.
Соған байланысты қазіргі қоғамда инженерлік (техникалық) экологияның алатын орны ерекше. Өйткені, инженерлік экология қоршаған ортаны қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын жетілдіруі және жасап шығаруы, қалдықсыз немесе тұйық өндірістік айналысты дамытуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау ғаламдық сипат ала отырып, нақты өндіріс айналысы немесе кәсіпорынға тиісті емес, жеке қала, өнеркәсіптік орталықтар, аймақтар, барлық ел аумағы, жеке континенттердің топтары және бүкіл жер шары көлемінде қарастырылуы тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау – кешенді проблема. Оның кешенділігі табиғат, қоғам және өндіріс жүйесінің күрделілігімен байланысты. Бұл жүйенің тиімді дамуы әлеуметтік, экологиялық, техникалық, экономикалық, құқықтық және халықаралық проблемаларды ескерусіз мүмкін емес.
Табиғи ортаның газ тәрізді, сұйық және қатты өндірістік қалдықтармен ластануы халық денсаулығына зиян келтіреді және олардың өмір сүру ортасын деградацияға ұшыратады.
20 000-нан аса өндірістік кәсіпорындар бар Қазақстан өнеркәсіптік өндірістері табиғатты ластауда да, табиғатты қорғау іс-шараларын қолдануда да үлкен қызмет атқарады.
Табиғи ортаны ластауға үлес қосатын металлургиялық кешен, электр энергетикасы, жылу және химия өнеркәсіптерінің кәсіпорындары. Барлық өндірістерде ақаба суларды тазарту аз қамтамасыз етілген.
Ауа бассейнінің ластануына ірі қалаларда жол-көлік кешені үлкен үлес қосады, Қазақстан бойынша барлық шығарындылардың 60 -н жылжымалы және жылжымайтын көздер құрайды.
Атмосфераға шығатын зиянды заттарды залалсыздандыру, ұстап қалуға арналған технологиялар мен қондырғылар төменгі деңгейде дамып, жетілген.
Бақылау сұрақтары:
1. . «Өндірістік экологияның» негізі қандай?
2. Адамның шаруашылық еңбегі нәтижесінде қалыптасатын жүйе қалай аталады?
3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы процесінде құрылатын жүйе қалай аталады?
4. Адамның ауыл шаруашылығы еңбегінің нәтижесінде құрылатын жүйе қалай аталады?
5. Қалалардың, поселкелердің көлік қатынастарының құрылысы нәтижесінде түзілетін жүйе қалай аталады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. (Оқу құралы).- Алматы: Ғылым, 1998. -176 б.
Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2003.-292 бет.
Петров К.М. Общая экология: Взаимодействие общества и природы: Учебное пособие для вузов.-2-е изд., стер.-СПб:Химия, 1998, -352 с.
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.- Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2001- 576 с.
Дуамбеков М.С., Тлебаева Г.М. Основы промышленной экологии.-/Учебно-методический комплекс.- Астана: Фолиант, 2004.Лот №108.-196 с.

Дәріс 3. Өнеркәсіп және қоғам, қоғам дамуындағы өнеркәсіптік өндірістердің орны.


Мақсаты: Өнеркәсіптің қоғамдағы орны, өнеркәсіптік өндіріс және тұтыну, тұтыну мәдениеті туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
1. Өнеркәсіп және қоғам, қоғам дамуындағы өнеркәсіптік өндірістің орны.
2. Өнеркәсіптік өндіріс және тұтыну, тұтыну мәдениеті.
Негізгі түсініктер: өнеркәсіп, тұтыну, мәдениет, тауар, кіріс, шығыс, ресурс, шикізат, игілік.

1.Өнеркәсіп және қоғам, қоғам дамуындағы өнеркәсіптік өндірістің орны.


Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рол атқаратын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені қызметін атқарады.
Өндіріс дегеніміз не? Қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті сызба жүзінде «кіретін жағы» және «шығатын жағы» бар тік үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады.

«Кіретін жағы» «Шығатын жағы»


/ресурстар/ → Өндіріс → /игілік/

«Кіретін жағында» өндіріс ресурстары орналасқан. Олар адамның өндірістік қызметінің қажетті шартын құрайды, қоғамның өз дамуының сол кезеңіндегі күш қуат, мүмкіндіктерінің көрінісі болып табылады.


Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі жасампаз негізі жөнінде болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты әлеуметтік – эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың ықпалымен екі топқа бөлінеді: «Экономикалық белсенді» және «экономикалық сылбыр» тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін заттардың жиынтығы «қоғамның материалдық ресурстарын құрайды». Егер табиғи ресурстардың табиғи негізі болса, материалдық ресурстар адам қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: «кіретін» және «шығатын» белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс процестерінде жүзеге асырылады. Міне, өндіріс процесі шеңберінде «ресурстар» материалдық игіліктерді жасаған кезде белгілі қызмет атқаратын «өндіріс факторларына» айналады. Демек, өндіріс факторлары – бұл қимыл әрекетке келтірілген ресурстар. Ресурстардың жекелеген түрлері бір – біріне тәуелсіз өмір сүре алады. Өндіріс факторлары бір – бірінен дербес өмір сүре алмайды. Олар өзара бірлескен әрекетке, бір бірімен бірігу арқылы маңызды. Осы бірігу арқылы ғана қажетті игіліктерді жасайтын өндіріс пайда болады.
Кез келген өндірістің алдында үш негізгі міндет тұр. Оларды мынандай сұрақтармен бейнелеуге болады:
1. Нені өндіру қажет? 2. Қалай өндірген жөн? 3. Кім үшін өндірілуі тиіс / немесе өндіріс нәтижелерін қалай бөлу керек?
Осы міндеттерді табыспен шешу үшін өндіріс ұйымдастырылуы қажет. Өндірісті ұйымдастыру – оған қатысушылардың іс - әрекеттерін қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағындыру, бір жүйеге келтіру деген сөз. Өндірісті ұйымдастырудың екі негізгі деңгейі болады. бірінші деңгейі «өндіргіш бірлік» ретіндегі жеке кәсіпорынның қызметінен көрініс табады. Әр бір кәсіпорын тұтастық шеңберінде ерекше міндеттерді (функцияларды) орындайтын құрамдас бөліктері бар күрделі организм болып табылады. Кәсіпорындар арасындағы байланыстан өндірісті ұйымдастырудың екінші деңгейі өз көрінісін табады. Оны «қоғамның деңгейі» деп атайды. Онда өндіріс жаңа қорларға ие болады. оларды зерттеу аталған құбылысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Ал халық шаруашылығы өз кезегінде материалды өндіріс және өндірістік емес сферасына бөлінеді. материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктер өндіретін барлық өндірістік іс әрекеттер түрлерінің жиынтығын қамтиды. Оларға: еңбек құралдары (машиналар, аппараттар, құрылғылар), еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, тамақ өнімдері, маталар, киім және т.б.) және энергия түрлерінің барлығы жатады. Сонымен қатар матеиалдық өндіріске жүк тасымалдау, өнімді сақтау оны сорттау және қораптау жатады. Материалды өндірістің маңызды құраушысы болып – бұл қазба байлықтарды, табиғи және ауыл шаруашылық материалдарын өндіруді жүзеге асыратын және оны дайын өнімге дейінгі процесті қамтамасыз ететін өнеркәсіп жатады. Әдетте өнеркәсіпте еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі байқалады. Ал еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуінің мақсаты болып - өнеркәсіп өнімдерін шығару болып табылады. Өнеркәсіп екі үлкен сала топтарына бөлінеді: өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі. Өндіру өнеркәсібіне мұнай және газ өндіру, тау-кен өндіру, көмір өндіру, қара және түсті металлдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен өндіру жатса, өңдеу өнеркәсібіне жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өңдеумен айналысатын, машина жасау, қара және түсті металлдарды өңдеумен айналыстаны кәсіпорындарды жатқызамыз.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндіріс заттарын өндіру («А» тобы) және тұтыну заттарын өндіру («б» тобы) деп те жіктелуі мүмкін. Кейбір өнеркәсіп өнім түрлерінің барлығы «А» тобына жатса (станоктар құрылғылар және т.б.), біреулері түгелмен «Б» тобына жатады (тігін бұйымдары, аяқ киім, тамақ өнімдері және т.б.). Өнеркәсіп түрлерінің бірқатары өндірістік мақсатта жұмсалса, сондай – ақ өндірістік емес мақсаттарға бағытталуы мүмкін (электроэнергия, көмір, маталар, бензин). «А» тобының өнімдері еңбек заттары және еңбек құралдары деп жіктеледі.

2.Өнеркәсіптік өндіріс және тұтыну, тұтыну мәдениеті.


Кез келген қоғам адамның қажеттілігін өтеуге бағытталған өндіріс деп аталатын шаруашылық еңбегінің есебінен «өндіріс-тұтыну» принципі негізінде құрылады. Бұл кезде адамзат пен табиғат және өндіріс пен табиғи экологиялық жүйелер арасында қарама-қайшылықтар туындайды.
Ғаламшардағы халық санының үздіксіз өсуінен тұтыну арта түсуде. Бірақ халық саны мен тұтыну арасында пропорционалдық байқалмайды. Халық санына қарағанда тұтыну жедел артып отыр. Оның объективті себептері бар: күн сайын тұтыну тауарларының сапасы жоғарылап, түрі көбейіп және саны артып барады.
Күннен күнге артып келе жатқан тұтынуды тек қана өндірісті кеңейту арқылы қамтамасыз етуге болады. Өндірісті табиғат пен оның алуан түрлілігін пайдаланусыз кеңейту мүмкін емес. Адамзат пен табиғат арасындағы келіспеушілік те осыдан басталады.
Өндірістің өсуі үдерісінде адамзаттың табиғатқа әсерінің жағымсыз жақтарын қарастырайық.
Бірінші – жыл сайын адамзат табиғаттан мұнай, газ, көмір, су және т.б. табиғи ресурстардың ондаған млрд. тоннасын алып пайдаланады. Бүгінгі таңда дәстүрлі пайдаланылып жүргін құрғақ жердің табиғи қорларының шектеулі екенін білген «тойымсыз жаратылыс» иесі Әлемдік мұхит пен ғарыштағы жаңа көздерді пайдалануға ұмтылуда.
Екінші – әлемнің көптеген аудандарының қоршаған ортасының өндіріс қалдықтарымен ластануының экожүйелердің орнықтылығы мен адам денсаулығына шектен тыс зиян келтіріп отырғаны басты мәселе.
Атмосфералық ауаның ластануынан «ғаламшар өкпесі» ормандардың жойылуы, фауна санының азаюы немесе жойылуы, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуі, балықтың азаюы, су қоймаларының адам денсаулығына зиян келтіруі сияқты құбылыстар болып жатыр. Дәл осындай жағдайдағы жалпы экономикалық зиян жылына ондаған млрд. долларға жетіп артылады.
Апаттық жағдайлармен байланысты радиациялық ластану адамзат баласына үлкен қауіп төндіреді.
Адамзаттың антропогендік жүктемелерінің түрлеріне қарай ластаушы заттардың бір жылда таралуы 2 кестеде келтірілген.
Үшінші - өндірістің қоршаған ортаға жағымсыз әсері оның тиімсіз құрылымынан ғана емес, жетілдірілмеген. Қалған 97,5 -98  улы қалдықтар түрінде қоршаған ортаға тасталынып отырған. Өндірістік қалдықтарға тұрмыстық қалдықтар қосылады. Нәтижесінде қоршаған ортаны ластау арқылы адамның өндірістік еңбегінің технологиялық үдерістерінің салдарынан болып отыр. Оның дәлелі алынған минерал шикізаттың тек 1,5-2  ғана өңделуімен дәлелденеді пайдасынан зияны асып түсіп отырады. Бұл «өндіріс-тұтыну» жүйесінің қоршаған ортаға кері әсерлерінің қысқаша көрінісі ғана.

Бақылау сұрақтары:


1. «Өндіріс экологиясы» түсінігі қашан пайда болды?
2. Өндірістегі кіріс пен шығыстың маңызы қалай анықталады?
3. Өндірістің өсуінің қоршаған ортаға кері әсері қандай?
4. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін анықтау қалай жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет