Дәріс 8. Химия және мұнай-химия өндірісі техникасы мен технологиялары. Химия және мұнай-химия өндірістерінің қоршаған ортаға әсері
Мақсаты: Химия және мұнай-химия өндірісі техникасы мен технологиялары.мен таныса отырып, химия және мұнай-химия өндірістерінің қоршаған ортаға әсеріне талдау жасау.
Жоспары:
1. Химия және мұнай-химия өндірісі техникасы мен технологиялары.
2. Химия және мұнай-химия өндірістерінің қоршаған ортаға әсері
Негізгі терминдер:
1. Химия және мұнай-химия өндірісі техникасы мен технологиялары.
Жаңа бұйым және жаңа технологияның жобасын әзірлеу - өндірісті техникалық дайындау – бұл жаңа бұйым жасау және игеру, жаңа технологияларды ендіру жөніндегі ғылыми, жобалау-конструкторлық, технологиялық және өндірістік-шаруашылық жұмыстар кешені. «Ғылыми – техника - өндіріс – тұтыну» жүйесінде техникалық дайындық жалғастырғыш буын ролін атқарады, себебі он жеке-дара ғылыми-зерттеу,жобалау-конструкторлық, тәжірибе-эксперименттік және ұйымдастыру – техникалық жұмыстарын біріктіріп, нәтижесінде ғылым өнімдері өндіріс өнімдеріне айналады.
Кәсіпорынның салалық еншілігіне, ауқымына, өндіріс профиліне қарай өндірісті техникалық дайындау көлемі мен құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін, мұның нәтижесінде техникалық дайыддықтың ұзақтығы мен осы мақсатқа пайдаланылатын ресурстар көлемі де өзгермек. Өндірісті техникалық дайындаудың келесідей формаларын ажыратады:
• толық форма, техникалық жағынан күрделі профильді жаппай және ірісериялық өнімдердің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығаруға дайындықта пайдаланылады және ол «ғылым – техника - өндіріс – тұтыну» жүйесінің толық циклын қамтиды.
• шағын форма, конструкциясы мен технологиясы аса күрделі емес өнім өндіріс дайындап,шығаруға, стандартты жабдықтарды өндіріске енгізуде және басқадай ұйымдық-техникалық іс-шаралар өткізуде кеңінен қолданылады;
• технологиялық форма, күрделі жабдықтарды, технологиялық желілерді, басқару жүйелерін енгізуге дайындық кезінде қолданылады.
Аталған техникалық дайындық формаларының арасында нақты шектеулер болмайды. Техникалық дайындықтың барлық жұмыс түрлері келесі кезеңдерден тұрады:
• Ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық және тәжірибе-эксперименттік жұмыстар – жаңа өнім үлгілерін құрып, оны өңдеу арқылы жүргізіледі (конструкторлық дайындық);
• Технологиялық дайындық, оған технологиялартүзу, жабдықтарды, өндіріс ағындарын орналастыруды жобалау, арнайы жабдықтар, құрал-саймандарды, жарақтарды құрастырып әзірлеу, оларды сынақтан өткізу, жабдықты күйге келтіру т.с.с. кіреді;
• өнімді өндіріске жөнелту.
Осы жерде кейбір авторлар өндірісті техникалық дайындау жұмыстарын өндірісті ғылыми-техникалық даярлау, өндірісті жобалық – технологиялық дайындау т.с.с деп әр мәнерде атай отырып, олардың барлығын бір мағынада түсінеді. Өндірісті техникалық дайындау ісі жолға өнім шығару кезінде, сонымен қатар кәсіпорынды немесе оның жекелеген өндіріс учаскелерін қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту және кеңейту кезінде жүргізіледі. Демек, конструкторлық және технологиялық дайындық, және өнімді өндіріске жіберу іс-шаралары кәсіпорын өндірісін ғылыми-техникалық ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Өндірісті техникалық дайындау үрдісі тиісті нормалар, ережелер, талаптар мен стандарттарға сәйкес реттеледі.
Қазіргі уақытта стандарттар түрінде ресімделген 27 салааралық құжаттамалар пайдаланылады.
• Мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ);
• Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесі (БКҚЖ);
• Бірыңғай технологиялық құжаттамалар жүйесі (БТҚЖ);
• Бірыңғай өндірісті техникалық дайындау жүйесі (БӨТДЖ);
• Мемлекеттік өлшемдер тұтастығын қамтамасыз ету жүйесі (МӨЖ);
• Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ);
• Өнімді жобалау және өндіріске жөнелту жүйесі (ӨЖӨЖ);
• Өнімдерді мемлекеттік сынақтан өткізу жүйесі (ӨМСЖ);
Аталған стандарттар жиынтығы өндірісті техникалық даярлау жұмысын жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде шығарылған өнімнің сапасы мен сатылымы жағынан ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекелестікке төзе алады.
Өндірістің техникалық даярлық деңгейі көптеген факторларға тәуелді (техникалық, экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік).
Техникалық факторларға типтік және стандарттық технологиялық үрдістерді түзіп, оны енгізу, технологиялық жарақтандырудың стандартталған, үйлестірілген құралдарын пайдалану жатады.
Экономикалық факторлар өндірісті техникалық даярлау жұмыстарын кезең-кезеңімен алдын-ала қаржыландыру, жеңілдікті несиелер беру, жаңа өнімді игеру ісін (өндіріске жіберуді) ынталандыру қорын құруды қамтиды.
Ұйымдастыру факторларына өндірістің мамандандын дамыта және тереңдете түсу, технологиялық үрдістер мен технологиялық жарықтандыру сапасын атестаттау, стандарттық емес жабдық жұмысын тәжірибелік үлгінің немесе негізі өндірістің алғашқы партиясының сапасын бағалау арқылы атестаттау, көмекші өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту т.б кіреді.
Әлеуметтік факторларға орындаушылардың біліктілігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатымен өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік саланы дамыту, ұжымдағы психологиялық көңіл-күйді жақсарту жұмыстары жатады. Техникалық даярлаудың барлық кезеңдері өзара тығыз байланысты.
2. Өнімді әзірлеу және өндіріске жөнелту жүйесі (ӨӘОЖ) – бұл өнімді жобалау, өндіріп шығару және оны тұтынушының тиімді түрде қолдануы тәртібін белгілейтін ережелер жүйесі. Бұл жүйе ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық, тәжірибелік – техникалық жұмыстардың, патенттік зерттеулердің, техниканың даму үдерісі мен техникалық деңгейін болжаудың бұйымды орамдау және тасымалдау тәсілдерінің тәртібін сондай-ақ шетелдік фирмалар лицензиясы бойынша дайындалатын өнімді өндіріске қою ретін белгілейді; заманауи деңгейге сәйкес емес өнімді өндірістен олып тастау тәртібін бекітеді. Және, ең маңыздысы, жүйе жоба әзірлеушісінің, тапсырыс берушінің (тұтынушының), өнім дайындаушының қызметтері белгіленеді.
Бақылау сұрақтары:
1 Қалалардың, поселкелердің көлік қатынастарының құрылысы нәтижесінде түзілетін жүйе қалай аталады?
2. Бір тәулік ішінде орта қуатты ЖЭС қанша мөлшерде көмір жағады?
3. ЖЭС-да 1 квтсағ энергия алу үшін конденсаторды салқындатуға су қандай мөлшерде қажет?
. Техногендік жүйе шекарасы қалай анықталады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. (Оқу құралы).- Алматы: Ғылым, 1998. -176 б.
Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2003.-292 бет.
Петров К.М. Общая экология: Взаимодействие общества и природы: Учебное пособие для вузов.-2-е изд., стер.-СПб:Химия, 1998, -352 с.
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.- Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2001- 576 с.
Дуамбеков М.С., Тлебаева Г.М. Основы промышленной экологии.-/Учебно-методический комплекс.- Астана: Фолиант, 2004.Лот №108.-196 с.
Достарыңызбен бөлісу: |