Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Синтаксистің лингвистикалық-дидактикалық негіздері



бет49/106
Дата04.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#10219
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Синтаксистің лингвистикалық-дидактикалық негіздері. Синтаксистің мектеп курсының мазмұнын негізгі синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесі болады. Ұғымдар мен ережелер нақты тілдік материядан тыс қаралмайды. Синтаксистің әдістемесі үшін теориялық-дидактикалық материалды сұрыптау, түсіндіру және ұйымдастыру принциптері негізгі мәселе болып табылады.

Синтаксисті оқытудың қазіргі теориясы мен практикасы мына принциптерді жүзеге асыру: синтаксистің мектеп курсындағы ғылыми проблемасы, оқытудың ғылыми прингципі - дидктикалық дәлелдеуді ғылыми дәрежеге көтеру мәселесі. Синтаксис мазмұнының дәрежесін көтеру дегенді қалай түсінуге болады? Бұдан теориялық мағұлұматтардың көлемін ұлғайту деген ұғым тумайды, керісінше, теориялық және практкалық материалды сұрыптағанда барынша тілдік шындықты қамтитындай түсінік, талдау, ой қорыту болу керек. Бұл мәселені шешу синтаксистің мектеп курсындағы мазмұнын тіл туралы қазіргі ғылыммен жақындату болып табылады.

Мектептегі с-с курсын қазіргі ғылыми тұрғыдан жаңа мағлұматтармен толықтыру немесе жаңаша түсіндіру керек. ......( айтылу мақсатына қарай..... сөз тіркесі өз алдына қарастырылмайтын, 1950 жылдан бастап.......)

Сонымен ғылми синтаксисте сөйлем мен сөз тіркесі бір-бірінен ажыратылып, оған сәйкс олардың анықтамалары арқылы обьектілері белгіленеді. Сөйлем – тілдің біршама тиянақты ойды білдіретін, сондықтан да қарым-қатынас жасайтын синтаксистік бірлігі болса, сөз тіркесі – зат, құбыоыс, іс-әрекет жайында кеңірек түсінік беретін, бірақ өздігінен қарым-қатынас жасай алмайтын синтаксистік бірлік болады. Ол қарым-қатынас жасауға сөйлем құрамына неу арқылы қатыса алады. Бұлар өздерінің құрылымы, қызметі мен ойлаудың қатысы жағынан бір-бірінен ажыратылады.

Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын оқушыларға түсіндіру әдістеменің міндеті болса, бұларды негізгі айырым белгілеріне қарап салыстыру қажеттігі туады. Мектеп оқулығында сөйлем де, сөз тіркесі де қызметі, құрлысы және грамматикалық мағынасы жағынан сипатталады. Сол арқылы оқылып отырған материалды саналы меңгертуге жағдай жасалады. Сөз тіркесін оқытқанда, оқушылардың назарын сөздердің тіркесушілік мүмкіндігі мен талаптарына, олардың бір-бірімен байланысу нормаларына, жай және күрделі сөз тіркестерінің алуан түрлі модельдеріне, синтаксистік байланысқа түскен сөздердің арасындағы қарым-қатынасына көңіл аудару қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет