Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет50/106
Дата04.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#10219
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106
Синтаксистің жүйелілік мәселесі. Белгілі обьектіні оқытуда жүйеліліктің болуы – мәселені ғылыми тұрғыда қарастырудың айрықша белгісі. Мектепте синтаксисті оқытудың жүйелілігі тек синтаксистік теориямен ғана емес, дидактикалық принциптермен де (жалпы мен жекелік ұғымдардың қатынасын оқыту), сондай-ақ ана тілінің құрлысын жете түсініп меңгеру заңдылығымен де белгіленеді. Ұғымдардың ғылыми жүйесі жалпыдан жекеге қарай деген принцип бойынша құрылады, синтаксистің негізгі бірліктері анықталып, олардың негізгі белгілері көрсетіледі.

Бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарда алдымен сөйлемнің белгілері санамаланып анықталады. Бұл аталған белгілердің әрқайсысы сөйлем түрлерін қарастыруға негіз болады. Мысалы, айтылу мақсатына қарай ( қарым-қатынастық бағдары), сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінсе, сөйлем соңындағы интонациясына қарай хабарлау, сұрау, бұйрық, өтігіш түріндек құбылады. Грамматикалық негізіне қарай екі тұрлаулы және бір тұрлаусыз мүщелі сөйлем, ал тұрлаусыз мүщелердің қатысу-қатыспауына қарай жалаң және жайылма болып, грамматикалық негіздерінің санына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Материалды осылай ұйымдастырып орналастыру тіл құбылыстарының арасындағы өзара байланыстылықты, олардың бір-біріне сатылай бағынуын анықтауға негіз болады, бұл сияқты байланыссыз шын мәніндегі жүйелілікті де, оқу материалын терең әрі берік меңгеру қажеттігі де болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет