Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.