Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет55/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.


4 БӨЖ ЖӘНЕ БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
4.1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

БӨЖ

Тексеру формасы.

1.Тіл мен ойлау

Конспект

2. Тіл мен сөйлеу

Конспект

3. Тіл және этникалық бірлік

Реферат

4. Ежелгі дәуір тіл білімі

Реферат

5. Орта ғасыр тіл білімі

Конспект

6. XIX ғасыр тіл білімі

Реферат

7. XIX ғасыр тіл білімі

Конспект



4.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ



БОӨЖ

Тексеру формасы.

Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы

Конспект

Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері

Конспект

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика.

Реферат

XIX ғасыр тіл білімі. Тіл философиясы. Типологиялық зерттеу.

Реферат

XX ғасыр тіл біліміндегі структуралық тіл білімі.



Конспект

Кеңестік тіл білімі

Реферат



4.3 БӨЖ, БОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар

Тіл біліміне кіріспе пәнінен БОӨЖ орындаудың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.


Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:

  • Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;

  • Әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;

  • Әрбір қазақ тілі сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;

  • Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;

  • Қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;

  • Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;

  • Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.

Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
БОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.


4.4 Бақылау түрлері
Тест тапсырмалары



  1. Интралингвистика саласы нені зерттейді?

  1. Тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір- бірімен қарым- қатынасын зерттейді;

  2. Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді;

  3. Тіл мен ойлаудың қарым- қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді;

  4. Тілдің дыбыстық мәнерлерін, экспрессивтік, эмоциялық,көркемдік мүмкіндіктерін зерттейді.

  1. Атау, ат қою теориясы, грамматикалық өнер теориясы қай дәуірге жатады?

  1. Ежелгі дәуір;

  2. Қайта өркендеу дәуірі;

  3. Орта ғасыр дәуірі;

  4. XIX ғасыр.

  1. Қытай иероглифі қандай нормаға келтірілген?

  1. Уставтық, жартылай уставтық, жылдам жазу;

  2. әдеби тіл нормасы;

  3. кітаби- жазба стильі;

  4. іс –қағаздары стильі.

  1. «Эрья» қай халықтың сөздігі?

  1. Қытай;

  2. Үнді;

  3. Грек;

  4. Араб.

  1. «Аштадхьян» еңбегінің авторы кім?

  1. Панини;

  2. Яски;

  3. Бхартхари;

  4. Вараручи катьяна.

  1. Ежелгі Грециядағы: «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы» деген пікірді жақтаушы

  1. Демокрит;

  2. Героклит;

  3. Платон;

  4. Аристотель.

  1. «Александрия мектебі» қалыптасқан дәуір


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет