23 Дәріс. Осман мемлекеті.
Мақсаты:
Жоспары
Осман империясы мен Еуропа.
Осман мемлекеті және Ресей.
Халықаралық қатынаста алатын орны.
ХҮІ ғасырдағы Түркия мен Россия. Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар ХҮ ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін польша-литва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М.Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа (Феодосия) қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.
Екі жылдан соң Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға достық өмір сүруге, түрік жерлерінде орыс көпестерінін саудасына ыңғайлы жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Россия да ешқандай саяси немесе территориялық мәселелер көтерген жоқ. Бұл мәселелер ХҮІ ғасырдың басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен қатар Мәскеуде тұтқында отырған Қырым ханы Абдуллатифты қайтаруды талап етті. Бұл талап орындалмаған соң түріктер орыстардың ноғайлардағы елшісі Семен Мальцевті тұтқынға алды.
Орыс казактарының бұзықтығы, олардың Түркия шекарасына жақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орыстардың түркі тілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы, кабарда халқын езгіге салуы (1557) - осының бәрі 1569 жылғы І-орыс-түрік соғысының еебебі болды.
Түріктердің 60 мыңдық әскері 1569 ж. жазда (шілде-тамыз) Астраханьға (15 кыркүйек) сәтсіз шабуыл жасап, кейін қайтуға мәжбүр болды. Кавказдағы түркі тілдес халықтар бірауыздылык танытпады, түріктерге көмек, қолдау көрсетпеді. Бұл кезде Ливон соғысында есі шығып жатқан орыстарды түріктердің жеңуіне, әрине болатын еді. ІҮ Иван түріктердің Астраханьнан кейін қайтқанына қуана-қуана дереу келіссөз жүргізуге елшілер жіберді. Түріктер Астраханьның Россияға қосылғандығын мойындауға мәжбүр болды. Бірақ Астрахань арқылы мұсылмандардың қажылыққа барып тұратын жол ашуды, орыстардың Теректегі қамалын жоюды, Солтүстік Кавказға орыстардың жақындамауын талап етті.
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер. 1595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілісшілер сәтсіздікке ұшырады. Кара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға паша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзірбайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы кетеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.
2.4 ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб елдері өзінің тәуелсіздігі үшін күресті.
ХҮІ ғасырдың аяғында Ливанды эмир ІІ-Фахреддин басқарды. Алғашқы кезде ол сұлтан қазынасына тиісті салықты уақтылы және толық жинап беріп отырды. Сұлтанның сенімі мен қолдауына ие болған Фахреддин өзінің иелігін бірте-бірте кеңейте берді. Оның жалдамалы отряды болды. Бұл отряд қарулы күштердің негізі болды. Олардың құрамында 40 мың жауынгер болды.
Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын Фахреддиннің қазынасы байып, қуаты арта түсті. Бірте-бірте Фахраддин өз еркімен шет елдермен байланыс орната бастады. Мысалы, Флоренциямен сауда келісімін жасады. Мұндай өзін-өзі билейтін тәуелсіз мемлекеттің құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасск патшасы етіп түрік үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады. Фахреддин әскері жаңа пашаға қарсы тұрды. 1618 жылы Ливандықтардың 100 мыңдық әскері Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін жойды. 5 жылдан соң Дамасск пашасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны Ливанға қосып алды. Бірақ, 1633 жылы түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық калпына келтірілді.
Жоғарыда айтылғандай, І-Селим (1515-1520) сұлтанның тұсында, дәлірек айтсақ - 1517 жылы Египет Осман империясының қол астына кірді. 2-3 жылдан кейін мұнда түріктер билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Ол наразылықтарды басу үшін түрік сұлтаны Сүлеймен Эль-Кануни 1525 жылы өзінің жақын досы Ибрагим-пашаны Египетке жіберді. Ол келе салып әскер күшімен катаң тәртіп орнатты. Египеттіктер үшін "Кануннамэ - мысыр" деген заңдар жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың артықшылығын, шаруалардың міндеткерлігін анықтады. Египетті 1-3 жыл аралығында қайта тағайындалыл отыратын түрік пашасы басқаратын болды. Ол пашаның қолшоқпары янычарлар мен мамлюктерден құрылған улан болды.
Каир пашасының ең басты міндеті - Стамбулдағы сұлтанның қазынасына египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы жіберіп отыру болды. Жердің бәрі мемлекеттің меншігі болып табылды. Мемлекеттікі деген - сұлтандыкі деген... Сұлтанның египеттегі өкілі - пашадан жер алып, пайдаланьш отырғандар мультазимдер деп аталды. Мультазимдердің міндеті - қол астындағы феллахтардан салық жинап, пашаға тапсырып отыру болды. Мультазимдер өздері емес, деревня старосталары арқылы жинады. Салық тек ақшалай емес, заттай да жиналды. Египет жылына 600 мың лиастр төлеуі керек болды. Салық уақтылы жиналмаса паша мультазимді иелігінен айыруға хақылы болды. Мультазимнің иеліктері мұра ретінде беріле алатын болды.
Түрік үкіметі салық жинауға мұқият көңіл бөле отырып, щаруашылықты жетілдіруге мән бермеді. Турік рыноктарында тек шет елдік товарлар ғана сатылды. Осының бәрі Осман империясының экономикалық жағдайын нашарлатты
24 Дәріс. Монғолдар мемлекеті.
Жоспары
Монғолдар державасының құрылуы.
Жаулау жорықтары.
1. Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы. Монғолдардың табиғат жағдайлары ежелгі уақыттан-ақ монғолдардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуна жағдай жасады. Ел территориясының көп бөлігі, атап айтсақ 4/5 бөлігі құрғақ далалардан, таулы жайылымдардан тұрды. Деректерде б.з.д. ІІ мың жылдықтың өзінде-ақ Монғолия территориясындағы көшпелі тайпалар туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Монғолиядағы алғашқы мемлекеттік құрылым б.з.д. ІІІ ғасырда құрылған ғұндар державасы еді. Ғұн мемлекетінен кейін Монғолия территориясында бірінен соң бірі XII ғасырға дейін бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Олар: Сяньбилер мемлекеті (І-ІІІ ғ.ғ.), Жужань қағанаты (ІV-VІ ғ.ғ.), Түрік қағанаты (VІ-VІІІ ғ.ғ.), Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж.), Қидандардың Ляо империясы (X-XІ ғ.ғ.). Бұл мемлекеттердің этникалық құрамы әртүрлі болды. Мұнда монғол тілдес тайпаларды, түркі тілдес тайпаларды, тунгус-манчжурлық тайпаларды ерекше бөліп айтуға болады.
XII ғасырда қазіргі Монғолияның, Манчжурияның және Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде көптеген монғол тайпалары өмір сүрді. Олардың көп бөлігі далалық жерлерде өмір сүріп, мал шаруашылығымен шұғылданды. Қой, мүйізді қара жылқы өсірді. Монғолдардың бір бөлігі ормандарда өмір сүріп, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылданды. Далалық монғолдар анағұрлым көп және дамыған болатын. Олар ормандық монғолдарға өз биліктерін жүргізіп, олардан алым алып отырды. XII ғасырда монғолдардың әлеуметтік құрылысында әлі де тайпалық құрылыстың белгілері күшті болды. Көшпенді монғолдар ру-ру болып жасады. Оларда ата-бабалар дініне табынудың орны күшті болды. Әрбір рудың өзінің табынатын, құдайға теңелетін бабалары болды.
Дегенмен XII ғасырдың ІІ жартысында XIIІ ғасыр басында монғолдардың қоғамдық құрылысында рулық қатынастар ыдырай бастады. Рудың ыдырауының нәтижесінде бай ақсүектердің нояндар мен баһадүрлердің бөлініп шығуына жағдай жасады. Нояндарда белгілі мөлшерде құлдар болды. Нояндар мен баһадүрлер орданы (ру одағы) басқарды. Олар өз кезінде хандар басқаратын ірі тайпа одақтарына бірікті. Хандар мен оларды қолдаушы әскери-тайпалық ақсүйектер бағындырылған тайпалардан алым-салық алып отырды. Уақыт уақытымен тайпалық одақтың ақсүйектері құрылтай жиналысына жиналып отырды. Құрылтайларда хандар сайланды, өздеріне жау тайпалар мен халықтар арасындағы соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешетін кейде кінәлі нояндар менхандардың өзін де соттап отыратын.
2. Шыңғысханның монғол-татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары.
ХІІІ ғасырдың басында Амур өзенінің жоғарғы ағысы мен Қытайдың солтүстік шегарасында өмір сүретін монғол тайпаларының ханы Темучин (1155-1227) монғолдың әртүрлі тайпалары мен татарларыды біріктіруге қол жеткізді. 1206 жылы Құрылтайда (Онон өзенінің жағасында өткен) Темучин ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан деп атала бастады. Монғолдардың үлкен әскери одағының құрылуы ірі жаулап алу жорықтарының басталуна әкелді. Бұл үшін алғышарттары бар еді. Темучин күшті әскери тайпалық ақсүйектерді басқарды. Оның әскери пайдаға құныққан тәжірибесі әскери күші болды. Монғол тайпаларында көп мөлшерде қатардағы әскердің резерві болды . Көшпелі мал шаруашылығы салтымен өмір сүретін монғолдарда жылқы баптау жоғарғы дәрежеде дамыды. Ал егіншілікпен өмір сүріп отырған халықтардың қарсы тұруы қиын болды. Бұнымен қатар көршілес Қытаймен көп соғыса отырып, әскери техниканы қытайлықтардан өздеріне енгізді. Шыңғысхан аз ғана жылда Оңтүстік Сібірде жасайтын көптеген халықтарды бағындырды. Олардың арасында: буряттар, якуттар, қырғыздар тағы басқалар болды. 1211 жылы Шыңғысхан Солтүстік Қытайды жаулап алуды бастады, бұл тек өмірінің соңғы жылдарында аяқталды. Қытайды түгелдей жаулап алудан алдын Шыңғысхан Орта Азияны жаулап алу саясатын бастады. 1218-1223 жылдары өте үлкен Хорезм мемлекетін бағындырды. Ол кезде Хорезмнің құрамына Хорезмнің өзінен бөлек Шығыс Иран, Бұхара, Ауғаныстан кірді. Шыңғысхан жаулап алған елдер мен қалаларын аяусыз қырып жойып отырды. Шыңғысханға қарсылық көрсетуге тырысқан Самарқан, Бұхара, Үргенш (Хорезм астанасы), Отырар қалаларының тұрғындарын аяусыз өлтіріп, тек кейін қолөнершілерді құлға айналдырды.
3. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысханның өлімінен кейінгі монғол жаулап алу жорықтары. Моңғолдар көне көшпелілердің бірі деп айтылады. Моңғол (хамаг моңғол) әулетінің игі жақсылары бас қосып, Тэмужинді «Чингиз хан» деп лауазымдап, Хамаг моңғолға хан көтерді. Көне түркі және моңғол ұғымында «Чингиз хан» дегені «аймақтың» немесе көл-көлшіктің билеушісі, немесе ханы емес, баршаның билеушісі. Көптің ханы – «теңгіс хан» деген мағына берсе керек. Шыңғысханның таңба-мөріндегі «Көкте тәңір, жер бетінде хаған бар. Әлем иесінің таңба мөрі» деп жазылуының түбірі, міне, осында жатса керек.
Шыңғысхан моңғол әулетінің бұл сенімін ақтады. Айналасына кім білімді, кім адал, кімдер өткір, қырағы соларды топтастыра білді. Мысал келтіріп көрелік. Шыңғысханның төрт дарабозы: Боорчы, Мухулай, Борохул, Зэв (Жебе) төртеуі төрт тайпадан. Олардың екеуі тіптен түркі тектестерден. Ал ханның тоғыз бас уәзірінің (9 өрлег): Мухулай, Чу Мэргэн, Боорчы, Сорхан шар, Зэлмээ, Зэв, Хар Хяруу, Борохул, Чихихутагты алып көрсек, бірі жалайыр, бірі шүршіт, бірі урианхат, бірі ойрат, бірі татар, бірі жүрхан, тіптен боржығаннан бірде-бірі жоқ.
Керейттің бұрынғы астанасы Қара қорымды Моңғол елінің астанасы етіп орында тұр. Өйткені, әзірге Шыңғысхан, оның ұрпағынан өзге әлемнің тең жартысын жаулап алған ешкім жоқ.
Аталған елдерді жаулап алған аймағы аса кең: ол жапон немесе Сары теңізден Каспий, Кавказға дейін, Байкөл ханғай жотасынан Ордосқа (Ся), Түркістан құмайтына дейінгі кеңістікті қамтиды. Ұлы хаған көз жұмар алдында ұлдарына айтқан өсиетінде келтіргеніндей бұл бір шетінен бір шетіне дейін салт атпен «Бір жыл жүріп әзер жететін жол» екен. Немерелері бұл жағрафияның батысын Адриатикаға, шығысын Ляодун түбегіне дейін жеткізіп, Моңғол империясын құрды. Империя 150-ге жуық жыл (1223-1368) өмір сұріп, тарихта айшықты із қалдырды. Осынау әскери стратегиялық жойқын жорықтың бас стратегі, ой тастаушысы, қолбасшысы – ұлы хағанның өзі еді
Шыңғысханның үрім-бұтағы, Моңғол империясының құрамында болған Орта Азия мен Шығыс Түркістан, Алтын Орда, Юань Қытайы т.б. мемлекеттердегі моңғолдың феодалдық билеушілері. Моңғол империясы күйрегеннен кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді. Шыңғысхан әулеті «Алтын ұрпақ» («Алтын ұруғ») деп аталып, моңғол феодалдары ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға праволы болды. Моңғол империясы Шыңғысханның балалары басқарған 4 ұлыс-иеліктен құралды. (қ. Қазақстан жеріндегі Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары). Шыңғысханның төртінші баласы Төлеге 1227 жылы әкесінің қара шаңырағы – моңғол жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғысхан өлгеннен кейін оның орнына отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздеріне сақтап қалу үшін Төленің тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Шыңғысхан әулеті тұқымдары ұлыстарының шекаралары олардың өзара қырқысулары барысында үздіксіз өзгеріп отырды.
Шыңғысхан әулетінің арасындағы қақтығыстар оның тақтан дәселі мұрагерлерімен қоса (баласы немесе немересі) ханның нағашы жұрты мен ағайындары арасында да болды. Мұның өзі іс жүзінде олардың арасында ала ауыздық туғызып, бара-бара жекелеген феодалдық топтардың қарулы қақтығысына әкеліп соқты. Қару-жарақтың күшімен құрылған бұл империя жаулап алынған елдер арасында терең тамырлы тарихи және экономикалық байланыстары болмағандықтан ыдырап, оқшау бірлестіктер болып қала берді 1227 жылға дейін, яғни Шыңғысханның өліміне дейін Монғолия мемлекеті өте үлкен территорияны алып жатты. Шығысында Охота теңізінен батысында Каспий теңізінің оңтүстік жағалауларына дейінгі жерлерді алып жатты. Монғолиядан бөлек оның құрамына Солтүстік Қытай, Орта Азияның көп бөлігі, Оңтүстік Сібір және Кавказдың бір бөлігі кірді. 1235 жылдан бастап Монғолияның ресми астанасы Орхон өзені бойындағы Қарақорым болды. Жаңа мемлекет ашық әскери сипатта болды.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді:
Жошыға: Батыс Сібір, Ертістен Орал тауына дейін және одан ары қарай монғол атының тұяғы тиген жерге дейін берді;
Шағатайға: Орта Азияның Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлері берілді;
Үгедейге: Батыс Монғолия, Солтүстік Қытай берілді;
Толыға: Монғолияның өзін қалдырды.
Шыңғысханның мұрагерлері оның жаулап алу соғыстарын жалғыстырды. Батый 1235-1242 ж.ж. Шығыс Европаға үлкен әскери жорық ұйымдастырды. Ол Русьты, болгарларды, половецтерді және Волга мен Донның төменгі ағысындағы халықтарды басып алды. Монғолдар Венгрияға, Чехияға, Польшаға дейін жетті. Олардың әскерлері негізінен Сібір және Болғария территорияларынан өтті. Орта Азияны жаулағыны сияқты татар-монғолдар Европада да өзінің ізін қалдырды.
XII ғасырдың 30-40 ж.ж. монғолдардар бүкіл Кавказды, Грузия, Азербайжан, Арменияны бағындырды. Орта Азияны жаулап алуды Шыңғысханның келесі бір немересң Төленің баласы Хулагу басқарды. Хулагу 50-60 ж.ж. Иранды, Месопатамияны, Сирияны бағындырды. 1258 жылы Хулагу Бағдатты алады. Бұл уақытта Бағдаттың саяси маңызы құлаған болатын, бірақ қала ірі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы болатын.
25 Дәріс. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия.
Мақсаты:
Саяси дамуы.
Жоңғар хандығының құрылуы.
Әлеуметтік – экономикалық дамуы.
Ламаизм
26 Дәріс. Африка.
Мақсаты:
Жоспары
Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері.
Мемлекеттік құрылымдар. (Гана, Мали, Сонгай т.б.)
Еуропалық мемлекеттердің отарлауының басталуы.
Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері
Мәдениеті: VI ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезі Қытай ғылымы мен мәдениетінің гүлдену ғасыры болды. Ол уақытта ерте орта ғасырлық Европа ғылыми ой-тұжырымдар шіркеу қол астында болған болса, Қытайдың ортағасырлық ғылымы мисстика мен схоластикадан аулақ болып, елдегі мәдени мұралардың сарқындары мен ішкі қақтығыстарға қарымастан тез дами бастады. Қытай ғалымдары бұл кезеңде бірнеше ғылыми және техникалық ашулар жасады. VIІІғасырдың басында будда монахтары И Цзин мен Лян Лин-ңзянь қозғалмайтын жұлдыздардың ара қашықтығы жөнінде өз ойларын білдірді. 725 жылы меридиан градусының ұзындығы өлшенді. Алгебра, геометрия, физиканың дамуына үлкен үлес қосылды. 626 жылы Ван Сяо-тун «Ежелге арифметика» атты еңбек жазып, онда Қытай математикасы дамуының бірнеше жылдар бұрынғы көрінісін ашты. VII ғ. бірінші жартысында тандық Қытайдағы дәл ғылымдардың дамығанын, біз осы кездегі 3260 ғалым-математиктардың болғанымен дәлелдейміз. Ал, құрылыс техникасының тамаша жетістіктері айтарлықтай орын алды. Қытайдағы е көні 37 метрге жететін тастан жасалған Хэбэйдегі көпір болып, ол өзінің келбетін осы күнге дейін сақтап, транспортта қолдануда.VІ ғасыр аяғында ксиолография-тақтайшаларға жазылған жазулар пайда болды. Ксилографияның даму негізінде иероглифтык жазу жүйесі қалыптасады. Қытай медицинасы шипалы емдік дәрілер шығарды.
VII г. Қытай саудагерлері мен пилиграимдары Қытайлық, үнділік және цейлон кемелері арқылы, бірнеше рет оңтүстік азиялық муссондық жол аркылы Малай археологиясына, Бенгалия мен Цейлонға сапар шегеді.
629-645 жылы Қытай буддисті Сюань Чжуан - ер жүрек зерттеушісі орталық Азия мен Индия болады. Сюань Чжуанның қалдырған Оңтүстік және Орталық Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігі атты жазба ескерткіштері «Батыс елдері туралы жазбалар» атты кітапшағып шығарын, кейінгі кездерге дейін олардың тарихи зерттеудегі аса маңызды дерек көзі болып табылады. Сюань Чжуан Қытайға үнді ғылымының дамуы мен будда тарихындағы догматикамен таныстырды. Бір жағынан, Сюань Чжуанның арқасында - Индия мен Қытай халқының арасында достық гүлденіп Индияда Қытай мәдениеті белгілі бола бастады. Ол санскрит тіліне Лао-Цзыдың философиялык «Даодэцзии» атты еңбегін аударды. 671-695 жж. Қызығушылык барысында Суматра аралына Индияға, Непалга теңіз жолы арқылы, баска будда монахы, ғалым И.Цзин келеді- Ол өзінің жүзуінде кұнды географиялык зерттеулер жазады. И Цзин VII ғ. орта шегіне дейінгі 37 кытай миссионерлерінің теңіз арқылы Гуан-чжоудан үнділік жағалауға шыққанын келтіреді. Өте үлкен табыс зерттеулерінде Хань дәуірінен Танға дейінгі уақыт аралығындағы тарихи шығармалар баяндалады. Император Ли Ши-Миньнің өзі Цзинь династиясының тарихының басын жазады. Акырындап, мемлекет тарихынын дамуын өз қолына ала бастайды. Император сарайының ауласында әдейі ұйымдастырылған канцелярия жұмыс жасап, оның негізгі функциясы - Тан династиясының тарихын зерттеу болды. VI ғ. аяғына дейін император ауласында кітаптарды сақтау және жинау мәселесі орын алды. Императорлар жібек матасын ежелгі ғалымдар мен әдебиетшілердің жазған еңбектерін тапқандарға, үлкен сыйлықтар берді. VII ғ. сарай кітапханасы қорында 90 мың том кітапқа жетті.
Чиновтиктік қызметке түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кажет болды. Мұндай жүйе Қытайда б.з.д. II ғасырда пайда болып, оның нық басқан кезі тандық кезеңмен тұспа-тұс келеді. Жоғарғы шен алғысы келгендер, аулалык академияға келіп, емтихан тапсырулары тиіс болды. Емтиханда иероглиф жазуымен өте әдемі етіп жаэумен жазу және өлең шығару керек болды. Конфуцийлік ілімді жатқа айту керек еді. Міндетті түрде өту керек емтихадар, жоғарыдағыларға білімінің керек екенін дәлелдеді. Ел астанасында үш жоғары училище болды. Мұнда тан аристрокаттарынын сегіз мың балалары оқыды. Облыстық, округтік және үздік орталықтарда арнайы мектеп ұйымдастырылды. Тандық кезеңде Чаньанда әлемде ең алғаш рет газет шығарылады. Олар ағаш тақтайшаларына басылды. Біздің кезге дейін келіп-жеткен металдан өнделіп жасалған бұйымдардан қарап, белгісіз қытай - шеберлерінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Қағазды пайдалаудан біз, кытайдың өнері -коллиграфияның дамытанын көреміз. Қытай халқының қол жеткізген жетістіктерінің бірі- живопись, скульптура мен архитектура болды. Әсіресе живописьтің жібек матасы мен қағазға жасалған түрі кең түрде етек жайды. Дәстүрлі діни сюжеттерден картиналардағы суреттер көрініс тапты.
Елдегі жаңа әлеуметтік - экононикалық жағдайлар қоғамдық өмірде және әдебиеттің дамуына әсерін тигізді. Әріесе, елдің ірі қалаларында, Чаньанда және Лоянда, көптеген ақын-жазушылар өмір сүріп, өздерінің шығармаларын жарыққа шығарды. Олардын шығу тегі көбіне кішігірім кызмет атқарған чиновниктердің, ұсақ жер иленушілердің, ал кейбір жағдайда олардың өзі мемлекеттік кызметтегі адамдар болды. Олардың арасында елдің ары қарай дамуы мен қиыншылык туғызатын мәселелері алаңдатты.Осы кезде өзінің гүлденуін публицистика бастан кешірді. Оның көрнекті өкілдерінің бірі Хань Юй болды. Оның қоғамынан шыққан көптеген мақалалар, жолдаулар, шығармалар шықты. Өзінің көз қарасы бойынша Хань Юй, адамды жер бетіндегі тірі ағзалардың ішінен бөліп қарастырған жоқ. Оның пайымдауынша, табиғаттан адамды бөліп қарастыруға болмайды деді. Себебі, Адам – табиғаттың үлкен бөлшегі. Оның философиялық трастаты - «Адам туралы» деп аталады.
Адамның бойынан ол тек қана жеке ерекшеліктерін ғана анықтамай. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі көрінісі деп пайымдады. Филосой ежелгі дәуірге көз жұмып карауды тоқтату керек деді. Қытайдағы VII-ХІ ғғ. Қоғамдық тұжырымдар мен әдебиетті жандандыру үшін ең бірінші ежелден бастау алу керек екендігін айтты. Хань Юй ежелдегі Хань империясы мен Чжоу патшалығындағы көне ескерткіштерді қарастырды. Ол әр түрлі әдебиеттерде сол дәуірдің адамының әлемдегі ең құнды бөлігі деп түсінді деді. Философ дінді жоғары қойғандарға карсы болып, ол дінде тек қана дінді дәріптеушілік болады деп айтты. Сонымен қатар Хань Юй «будданың сүйегі» атты үлкен баяндама жасайды. Осы жазған еңбегі имперағорга деген қарату болып, император буддизмнің жақтаушысы болғандықтан, Хань Юйды елден қуып жібереді.
Бейнеленген новеллалар адамды өмірге деген көзқарасын оятқанда болды. Осы кезде Қытайда алгаш рет әсерлі бейнеленген әдебиет жарық: көріп, ол өмірдің шындық сәттерін уайымдады. Осы уақытты «Тан новелласының» биікке өрлеген кезі деп қарастыруға болады. Оның ірі шебері Юань Чжэнь еді. Тан империясы тусындағы ең танымал поэт Бо Цзюи өмір сүреді. Бо Цзюидің «Прекраснобровая пошбла под копытами коней» атты поэмасында «Өмірлік нышандық» деген трагедиялық еңбегінде байлауыш киген ананы көрсетеді. Поэма, көбіне тарихи тұрғыда жазылғанымен, бірақ онда ез еркі мен білместікпен қате жібереді. Ян Гуифей атты кейіпкер император ұлдарының бірінің колында болады, ал Мин-хуан ол кезде алпысқа толады, ол қызды өзінің гаремдігіне алады делінген. Ань Лушань Чаньанды жаулап алған кезде, император 72 жаста, ал Ян-гуифей қырықка келіп жетті дейді. Ань Лушань акылды әрі саналы генерал болады. Ол өзінің іс-әрекеттерін алыстан ойлайтын. Бірақ, ең соңында оның ойлаған жоспарлары құрдымға кетеді. Император Сычуань провинциясының батысына тығылуға мәжбүр болады. Чаньанды көтерілісшілерден азат етеді, бірақ Мин-хуан тақтан бас тартып, өзінің өмірінің соңына дейін Сычуанда калады.
Тан империясының сарайы гүлдену үстінде болды. Императордың «Аспан сарайының» кұрылысы үшін күнделікті онда он мыңға жуық мемлекеттік барщина етуге тиіс шаруалар мен ремеслинниктер еңбек ету тиіс болды. Сарайды әсемдеу үшін 300 - ден астам тонна медь кетті.VII ғ. Екінші жартысында, бір тан чиновнигі трон билеушісіне былай доклад: «Елдің әскер 800 мың адамды кұрайды. чиновниктер, саудагерлер, монахтар - жерге дән екпей, Тек кана жеуді білетіндер, елдің түрғындарының бес-алты есесін кұрап отыр. Өте ауыр істе жүрген шаруаларды аяусыз қанап, жеті туеядтарды киіндіріп және тамақтану үшін жағдай туғызады» деп жазады. Император сарайында күрес туындайды. Көп уақытқа дейін императорлар мен ен арасындағы дауды евнух-царедворлык пайдаланып қалуға тырысты. Осы таптық өкілдері орталық мемлекттік жэне әскери органдардан кызмет алу үшін күреседі. Ақыры, олардың кол атына сарай гвардиялары түседі.
Caxapаның оңтүстігінде орналасқан Африка халықтары ұзақ та, өзіндік тума тарихи даму жолынан өтті. Бірақ Африка тарихының жеткіліксіз зерттелуі ол жолды толық ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен қазірге дейін жинақталған ғылыми мәліметтер Африка халықтарының көпғасырлық тарихына азды-көпті талдау жасауға жол ашады.
Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка аудандарының даму қарқыны бірдей болмады. Орта ғасырлардың бас кезінде бір халықтарда таптық қатынастар қалыптасып, мемлекеттік бірлестіктер құрылса, енді бір халықтары алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатты. Сондықтан Сахараның оңтүстігіндегі Африка территориясында қоғамдық қатынастары мен экономикалық өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі аудандарды бөліп қарастыруға болады. Ол аудандарға Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка мен Оңтүстік Африка жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егіншілікпен айналысты. Тек берберлер мен Оңтүстік Сахараның туарегтері, фульбе (Батыс Африка), масаилар, галлалар (Шығыс Африка) сияқты біраз көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты. Табиғи жағдайдың ерекшеліктері, әсіресе жердің құнарлылығы, тек өсірілетін дақылдар түріне ғана емес, егіншілік құрал-жабдықтарының түріне де әсер етті. Тропикалық Африканың топырағында құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны терең жырту пайдасыз. Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге ұшады. Сондықтан бұл жердегі халық ұшына темірден жасалған тіс орнатылған кетпенді (мотыға) пайдаланып келді. Оның бірнеше түрі болады. Африкаға тән дақылдар негізінен сорго, тары және күріш болды. Сондай-ақ бұршақтың бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер бұршағы (земляные бобы) - өсірілді. Май алынатын өсімдіктерден - кунжут (сезам), кокос кокос пальмасы өсірілді. Кен тараған техникалық дақылдар: мақта (хлопчатник), индиго (бұршақ тұқымдас), қант тростнигі болды. Огородтық дақылдар да, әсіресе тамыржемістілер көптеп өсірілді.
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Әр қауымда ерекше әлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары болды. Олардың қатарына темір ұсталары, гончарлар, тері өңдеушілер мен тоқымашыларды жатқызуға болады. Қауым қажетті қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін.
Қолөнердің маңызды салалары металл өндеу, ауылшaруашылығы құрал-жабдықтарын және қару-жарақ жасау, тақыма және гончарлық іс болды. Африкалықтар металл өндеудің ерекше тәсілін пайдаланды. Темір мен мыстан гөрі алтын аз өндірілді. Қауымдық шаруалар барлық африкалық қоғамдардың негізгі өндіргіш күші болды. Африкада жер иесінен алынбайтын. Бағындырылған жердің адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін де, тек салық төлеумен шектелетін.
Достарыңызбен бөлісу: |