Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет45/54
Дата05.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#17514
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Топтық әрекеттерге үйрету. Топтық өзара әрекеттерге екі немесе үш ойыншының өзара әрекеттері жатады. Осының негізінде командалық ойынның бүкіл тактикасы құрылады.
Тосқауыл – серігін аңдушыдан босатып алуда көмек көрсететін қолданыс. Тосқауыл қоюдың арқасында ойыншы қорғаушының іс-әрекетін тоқтатып оны ең ұзын жолға түсуге мәжбүр етеді.
Бірқалыптылықтан шығару – шабуылдаушының қозғалмай тұрған серігін қорғаушыны аңдушының қойылған тосқауыл ретінде пайдаланатын қолданыс. Шабуылдаушы серігінің дәл қасынан үлкен жылдамдықпен жүгіріп өтіп бара жатып, аңдушыны не сол серігіне, не қорғаушыға соғып кетуге мәжбүр етеді.Бұл қолданыста добы бар ойынщы да, допсыз ойыншы да қолдана алады.
Үштік. Үш ойыншының өзара әрекеті үшбұрыш түрінде өтеді. Ең жоғары басында қарсылас қалқанынан қалған екіуіне қарағанда алысырақ орналасқан шабуылдаушы доппен тұрады, ал ол екеуі алға шығыңқырап себетке қауіп төндіріп тұрады. Үштіктің өзара әрекеті шабуылдың бір жақ қанатында допты әперу мен екінші жақ қанатында тосқауыл қоюдың бірлігіне негізделген.
Жарыс ережелерінің негізгі қағидалары.
Баскетбол - әрқайсысы 5 адамнан тұратын екі команда арасындағы ойын.Бұл командалардың мақсаты бір жағынан қарсыластың себетіне допты мүмкіндігінше көп лақтыру болса, екінші жағынан қарсылас команданың осындай әрекетеріне кедергі келтіру.

  1. Допты бақылау.

  2. Команда 10 адамнан, жаттықтырушыдан және оның көмекшісіне тұрады.

  3. Ойыншыларды ауыстыру.

  4. Ереже бұзғаны үшін жазалау.

  5. Жаттықтырушы ойын кезінде командаға басшылық етеді.

  6. Команда капитаны - ойыншылардың ішінде төреші мен кез-келген мәселе бойынша сөйлесе алатын жалғыз ойыншы.

  7. Бастапқы лақтыру алаң ортасында әр таймның немесе қосымша уақыттың басында жасалады.

  8. Таласушы ойыншылар ауадағы допқа 2 рет қана қол тигізе алады.

  9. Допты ұстап жүру және жүгіру.

  10. Ойыншылардың бұрылулары допты бақылау кезінде ғана жасалады.

  11. Допты жүргізу бір аяқпен немесе кезек-кезек бір және келесі қолмен жасалады.

  12. Айыптық лақтыру аймағында ойнау.

  13. Алаң сыртынан допты ойынға лақтыру.

  14. Допты торға лақтыру.

  15. Жеке ескерту.

  16. Айып доп лақтыруды орындау.

  17. Команданың 7 рет тәртіп бұзуы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет