Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет43/54
Дата05.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#17514
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Практикалық сабақ мазмұны: 1. Жарыс өткізу мәселелері.
2. Жарыс өткізу жүйесі.
Әдебиеттер: С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл
Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г
Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год
А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва


7. Практикалық сабақтар және ОСӨЖ–ге өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Қозғалу тәсілі. Баскетболшы қозғалыстың мынадай түрлерін қолданады: кәдімгі жүріс, жүгіру, қосалқы қадамдар, аялдаулар және бұрылулар. Әрбір амал допты әперу, лақтыру және басқа қолданыстар үшін қолданады, қозғалыс жылдамдығын шапшаң ауыстыру, бір қолданыстан екіншісіне күрт ауысулар қолданылады.
Жүгіруді жетілдіре отырып, баскетболшы алдымен де, артымен де бағытты, жылдамдықты өзгерте отырып, сонымен бірге шапшаң жүгіре алуы керек.
Қосалқы қадамдармен қозғалудың негізгі талаптары – аяқты бүгіп оларды бір-біріне қарай жайлап тарту. Бүгілу аяқпен орын ауыстыру: оңға, солға немесе артқа, шартты көрініс белгісі бойынша, қосарлы – біреуі шабуылда, келесісі қорғаныста.
Секірулер барлық қолданыстарды орындауда қолданылады. Олар бір немесе екі аяқпен итерілу арқылы, бір орында немесе қозғала жүріп жасалуы мүмкін. Бір орыннан жоғары, жоғары –алға, жоғары-артқа, жоғары-бір қырынға секірулер, дәл осыны 90 және 180 градусқа бұрыла отырып жасау. Жүгіріп келіп бір аяқпен итеріле секірулер, гимнастикалық отырғыштан, секіргіш жіппен бір және екі аяқпен секірулер.
Бұрылулар – орында тұрып және қозғалыста жасалады. Бұрылудың екі амалы бар: алға немесе артқа. Баскетболшы тұрысымен тұрып, өз бетінше алға немесе артқа бұрылыстар жасау, шеңбер бойынша – біріншісі екіншісіне қарай жүгіреді де, оның дәл алдына келеді де, күрт кері бұрылады, белгілі бір белгіге дейін жүгіріп келіп тоқтап, артқа бұрылып және алға бұрылып жүгіруді жалғастыру. Доп ұстаған ойыншы қорғаушыдан допты жасыра бұрылыстар жасайды, қорғаушының міндеті допқа ие болу.
Ойынды аялдау баскетболшы аяқ астынан немесе алдын ала дайындаған жерде жасалады. Жүгіруден кейін баскетболшы қадаммен немесе секіріп аялдайды. Екі қадаммен аялдау оң немесе сол аяқты өкшеден ұшына жылжыта қойып, ал сол немесе сол аяқпен қадам әдеттегіден кеңірек жасалады. Секіріп аялдағанда екі аяқпен бір мезгілде секіру арқылы іске асырылады. Аяқ өкшеден толығымен бір сызық бойна иық көлемінде қойылады, жерге түсер алдында дене артқа қарай шалқайтылады, ал көлденең жылдамдық жүрелеп отыру есебінен төмендетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет