ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 050730 «Құрылыс материалдары бұйымдары және құрылымдарының өндірісі» мамандығы үшін процестер мен аппараттар-2



бет55/72
Дата23.08.2017
өлшемі7,12 Mb.
#24989
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72

в) Қайнау аймағы (зонасы) сыртқа шығарылған буландыру аппараты (9.13-сурет). Бастапқы ертінді ысытатын камераның (1) астынғы жағына беріліп, құбырлар (ұзындығы 47м) арқылы жоғары көтеріледі. Гидростатикалық қысымнын салдарынан ерітітінді құбырларда қайнамайды. Ерітінді құбырлардан шығып, сепаратордың (3) төменгі жағына орналасқан жоғары қарай кенейтілген құбырға (2) кіреді. Бұл құбырда қысымнын төмендеуі салдарынан ерітінді қайнайды. Сонымен, буландыру ысытатын камерадан тыс орнатылған құбырда болады. Циркуляцияланатын ерітінді сырттағы құбыр (4) арқылы төмен тұседі. Қоюландырылған ерітінді сепаратордын (3) төменгі жағынан шығарылады. Екіншілік бу шағылыстырғыш (5) тамшы ұстағыш (6) арқылы аппараттан шығарылады.


Еріксіз циркуляциялы буландыру аппараттары.
Мұндай аппараттарға (9.14-сурет) ерітінді насос (4) арқылы береіледі. Қоюландырылған ерітіндінің бір бөлігі сепаратордан (2) алынып, калған бө-

лігі циркуляциялық құбыр (3) арқылы насосқа (4) беріледі де, онда бастпқы ерітіндімен араласады. Аппараттын қайнатқыш құбырларындағы ерітіндінің жылдамдығы 1,53,5 м/с аралығында болады. Осындай үлкен жылдамдықта жылу беру коэффициенті табиғи циркуляцияға қарағанда 34 есе көбейеді. Сонымен бірге құбырлар қабырғасы ластанбайды. Мұндай аппараттарда тұткыр ерітінділерді ысытатын бу мен ерітінді арасындағы температулар айырмасы 3-4°С болғанда буландыруға болады.



Кемшілігі: насостын жұмыс істеуіне энергиянын шығындалуы.





9.14-сурет. Еріксіз циркуляциялы буландыру аппараты:

1 - ысытатын камера; 2-сепаартор;

3 - циркуляциялы құбыр; 4 - насос.


9.15-сурет. Қабықшалы буландыру аппараты:

1-ысытатын камера; 2-сепаратор; 3 -шағылыстырғыш; 4 - тамшы ұстағыш.



Қабықшалы буландыру аппараты.


Бұл аппараттардың табиғи циркуляциялы аппараттардан айырмашылығы буландырылатын ерітіндіні құбырлар арқылы бір-ақ рет өтуінде, яғни ертіндінің циркуляциясы болмайды. Ерітінді құбырдын ішкі беті бойынша жүқа кабықша түрінде қозғалады. Кұбырдың орталық бөлігінде оның өсі бойынша екіншілік бу қозғалады. Бұл жағдай гидростатикалық депрессияның төмендеуіне әкеліп соғады. Қабықшаның құбыр ішінде бағытына байланысты мұндай аппараттар қабықша жоғары көтерілетің және төмен ағатың болып бөлінеді.

Қабықша жоғары көтерілетің аппарат (9.15-сурет) ұзындығы 79 м, диаметрі 1522 мм құбырлар шоғырынан түзілген ысытатын камера (1) және сепаратордаң (2) құралған. Қайнау температурасына дейін ысытылған бастапқы ерітінді құбырларға төменгі жағынан беріледі. Қоюландырылған ерітінді сепаратордың төменгі жағынан, ал екіншілік бу тамшы ұстағыш (4) арқылы онын жоғары жағынан шығарылады. Ысытатын камеранын жоғары жағына шағылыстырғыш (3) орнатылған. Мұндай аппараттар тұтқырлығы аз, көбіктенбейтін және жоғары температураға шыдамсыз ерітінділерді буландыруда қолданады.



Тұтқыр ерітінділер үшін қабықша төмен қарай ағатын аппараттар қолданылады. Мұндай аппараттарда ерітінді жоғарыдан беріледі. Сепаратор аппараттан төмен орналасады. Бұл аппараттардын кемшілігі: ұзын құбырларды тазалау қиын; процесті басқару қиын.
Жылулы насосты буландыру аппараты.
Көпкорпусты буландыру қондырғыларың пайдалану технологиялық себептерге байланысты тиімді болмауы мүмкін. Мысалы, бірінші корпустағы температура ерітіндінің ыдырау температурасынан жоғары болуы мүмкін, сондықтан көпкорпусты буландыру алынатын өнімнін бұзылуына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жылулы насосты буландыру аппаратын пайдалану экономикалы тиімді. Қондырғы (9.16-сурет) буландыру аппараты (1) және ағынды компресордан (инжектор) (2) құралған.






9.16-сурет. Жылулы насосты буландыру аппараты:

1 - буландыру аппараты; 2 - ағынды компрессор (инжектор)



9.17-сурет. Барботажды буландыру аппараты:

1 - корпус; 2 - барботажды тор.




Біріншілік бу компрессордың өсі бойынша беріліп, қысымы төмен екіншілік буды сорады. Біріншілік және екіншілік булардын қоспасы компрессордан шыққанда Р2  Р1, екіге бөлінеді; қоспаның көп бөлігі буландыру аппаратының ысытатын камерасына, ал калған артық бөлігі (Dарт) басқа жылу қабылдағыштарға беріледі.

Жылулы насосты қолданудың тиімділігі екіншілік буды компрессорда сығуға жұмсалған энергия шығының бірінішілік будың шығының қатынасымен анықталады. Жылулы насосқа жұмсалған энергия шығыны біріншілік және екіншілік булардын қанығу температурасының айырмасына пропорционал. Ал бұл айырма буландырылатың ертіндінің температуралық депрессиясына байланысты.

Сондықтан, температуралық депрессиясы төмен ерітінділерді буландыруда бұл аппараттар тиімді. Мұндай аппараттар теңіз суын тұшыландыруда, жеміс соктарын буландыруда және концентрациясы аз (төмен) ерітінділерді қоюландыруда қолданылады.
Буландыру аппараттарын тандау.
Буландыру аппараттары төмендегі талаптарды қанағаттандыруы қажет:


  • жоғары өнімділікті;

  • аппараттын мүмкін болғанша аз көлеміндегі жылу беру процесінің жоғары қарқындылығы;

  • құрылымының қарапайымдылығын;

  • пайдалану онайлығын;

  • жылу алмасу бетін тазалау онайлығын.

Сонымен бірге буландыру аппаратының конструкциясы және материалын тандау қоюландырылатың ерітіндінің физикалы-химиялық қасиеттеріне (тұткырлык, температуралық депрессия, жылуға беріктігі, химиялы агрессивтігі және т.б.) байланысты болады.

Тұтқырлығы аз кристалланбайтын ертітінділер үшін (8·10-3 Па·с дейнгі) көбінесе тік табиғи циркуляциялы, әсіресе ысытатын камерасы және циркуляциялы құбыры сыртқа шығарылған аппараттар қолданылады.

Кристалданбайтын тұтқыр (0,1 Па·с дейін) ерітінділер үшін еріксіз циркуляциялы, ал кейбір кезде кабықшасы төмен ағатың аппараттар колданылады.

Көбіктенетің ертінділер үшін циркуляциялы және қайнау зонасы сыртқа шығарылған аппараттар қолданылады.


Көпкорпусты буландыру қондырғының есептеу тәсілі.
Есептеу үшін төмендегілер белгілі болуы керек:

  • бастапқы ертіндінің мөлшері Sб;

  • ертіндінің бастапқы хб және соңғы хс концентрациялары;

  • ертіндінің бастапқы температурасы tб;

  • біріншілік (ысытатын) будың температурасы tбу;

  • сонғы корпустағы екіншілік будың температурасы tконд;

  • алынатын экстра булардын мөлшерлері Е1, Е2 және т.б.

Есептеуде анықталатын шамалар:

  • буландырылған судың жалпы мөлшері W;

  • әр корпустағы буландырылған су мөлшері w1, w2,...,wn;

  • бірінші корпусты ысытатын біріншілік бу мөлшері D;

  • корпустардың жылу алмасу беттері F1, F2,....., Fn

Көпкорпусты вакуум-буландыру қондырғының технологиялық есептеу төмендегіше орындалады:

1. (9.19)-теңдеу арқылы қондырғыда буланған судың жалпы мөлшерің W есептеген сон, оны корпустарға бөледі. Алдын ала шамалап есептеуде W-ны әр корпусқа бірдей етіп, яғни - тең етіп бөледі (n - корпустар саны).

2. Абсолютті қурғақ зат бойынша материалдық баланстың теңдеуін пайдаланып, әр корпустан кейінгі ерітіндінің концентрациясың анықтаймыз (9.20- ).



3. Бірінші корпусты ысытатын біріншілік будың қысымы (р1) мен конденсатордағы будың қысымы (рконд)-нің айырмасына тең болатын қондырғының жалпы қысымдар айырмасын (р) алдын ала шамалап корпустарға бірдей етіп бөлеміз, яғни әр корпустағы қысымдар айырмасы болады.

4. Конденсатордағы берілген екіншілік будың қысымы және әр корпус үшін қабылданған қысымдар айырмасы бойынша қондырғы корпустарындағы екіншілік будын қысымын анықтаймыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет