ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 050730 «Құрылыс материалдары бұйымдары және құрылымдарының өндірісі» мамандығы үшін процестер мен аппараттар-2



бет58/72
Дата23.08.2017
өлшемі7,12 Mb.
#24989
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72

Дәріс 9. Кептіру.

Дәріс жоспары.

1. Процестің жалпы сипаттамасы. Тамақ өндірісінде шикізатты, өнімдерді кептірудің түрлері мен технологиялық принциптері.

2. Кептіру теориясының негіздері. Ылғалдын материалдармен байланыс түрлері. Конвективті кептіру. Кептірудің кинетика және динамика негіздері. Кептірудің қисық сызығы және кептіру жылдамдығының қисық сызығы. Теориялық кептіру процесі. Кептіру процесін і–d диаграммасында көрінісі.

3. Кептіргіш қондырғылардың материалдық және жылу балансы. Кептіргіш агенттін меншікті мөлшері. Кептіру процесінің варианттары.

4. Кептіргіштердің жіктелуі. Кептіргіштердің конструкциялары.


Материалдан ылғалды буландыру арқылы шығару процесі кептіру деп аталады. Кептіруде материалға жылу беріледі және нәтижесінде ылғал буланады. Кептірілетін материалдарға жылуды беру тәсіліне байланысты кептірудің төмендегі түрлері болады:

Конвективті кептіру- кептірілген материал мен кептіргіш агенттің (ысытылған ауа, оттық газдар және т.б.) тікелей жанасуы арқылы;

Контактілі кептіру- жылу тасымалдағыштан кептірілетін материалға жылу қабырға арқылы беріледі;



Радиациялық кептіру – инфроқызыл сәулелердің жылуы арқылы;

Диэлектрикті кептіру – жоғары жиілікті электр тоғының жылуы арқылы;

Сублимациялық кептіру – терең вакуумда тоңазыту күйінде кептіру.

Конвективті кептіруде кептіргіш агент материалға жылу береді және өзімен бірге буланған ылғалды алып кетеді, яғни ол жылу және ылғал тасымалдағыш ролін атқарады. Ылғал газ құрғақ газ және су буы қоспасынан тұрады. Ылғал газ орнына ылған ауаны қабылдап, оның физикалық қасиеттерін қабылдаймыз. Ылғал төмендегі негізгі қасиеттермен сипатталады:



1. Абсолютті ылғалдылық 1 м3 ылғал ауадағы су буының мөлшерімен анықталады. Техникалық есептеулерде ылғал ауа идеал газ заңына бағынады деп есептеуге болады.

2. Салыстырмалы ылғалдылық немесе ауаның қанығу дәрежесі берілген шарттағы 1 м3 ылғал ауадағы су буыныңмассасының осы көлемде мүмкіндігінше көп бола алатын су буының массасына (қаныққан бу тығыздығына) тең:



(8.1)
3. Ылғал мөлшері 1 кг құрғақ ауаға сәйкес келетін су буының мөлшерін көрсетеді

(8.2)
Кептірілетін материалдың мөлшері бойынша материалдық баланс кептірудің конвективті, контактілі және басқа түрлеріне бірдей болады.

Кептіруге берілетін материалдың жалпы мөлшері бойынша материалдық баланс:


(8.3)
Абсолютті құрғақ материалдың мөлшері бойынша материалдық баланс:
(8.4)

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1.Кептіру процесі дегеніміз не? 2.Кептіру процесінің сипаттамасы қандай? 3. Қандай процесс тобына жатады? 4. Кептіру процесі қалай жүреді, кептіру процесіне қандай кептіру агенті қолданылады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктер қандай? 5. Тамақ өндірісіндегі кептірудің мәні? 6. Материалдарды кептіру процесі және олардың өтуі
Ұсынылатың әдебиет: 4.1.2. 127-165 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет