Мазмұны
1
|
Жалпы ережелер
|
4
|
2
|
Пәннің мазмұны мен сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үлестіру
|
6
|
3
|
Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар
|
7
|
4
|
Курстың форматы
|
8
|
5
|
Курстың саясаты
|
8
|
6
|
Бағаларды қою саясаты
|
8
|
7
|
Әдебиеттер
|
10
|
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер
Төлеубекова Сандуғаш Сайлауқызы, аға оқытушы
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы
Қатынасу ақпараты тел. 35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті
Сабақ өткізілетін орындары - № 306 аудитория
Пәннің атауы – «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау»
Пән бойынша кредитердің саны - 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәні екі бөлімнен тұрады, олар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, сондықтан бұл пәндерді бір оқулық курста оқыту әрбір қызмет бағытының маңыздылығы жөнінде толық түсінік береді.
«Стандарттау» атты бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың құқықтық, ұймдастырушылық және әдістемелік негіздері беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды жасау, бекіту және қолдану тәртібі.
«Сертификаттау» атты екінші бөлімі Қазақстандағы сертификаттаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады.
1.3 Осы курстың мақсаты студенттерге кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметтерінің дамуына қажетті және Қазақстаннның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі үшін халықаралық сертификаттау жүйелерінің деңгейіне жету үшін стандарттау, сертификаттау салалары жөнінде білім беру.
1.4 Пәнді оқытудың басты мәселесі – студенттерге өнімнің, қызметтердің, технологиялық процестердің параметрлерінің әдістері мен ережелері жөнінде түсінік беру; сонымен қатар студенттерді стандарттаудың, сертификаттаудың даму тарихымен, олардың өнімнің сапасын жоғарлатудағы рөлімен, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерімен, ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде стандарттау және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен таныстыру жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдылар беру.
1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілер жөнінде түсінік алады:
- стандарттау мен сертификаттаудың тарихы мен олардың Қазақстан мен шетелдегі қазіргі жағдайы туралы;
- дамыған елдерде стандарттау қызметінің ұйымдастыруы туралы;
- стандарттау және сертификаттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары жөнінде;
- стандарттау мен сертификаттау арасындағы байланыстары жөнінде.
Сонымен қатар студенттер пәнді оқу барысында келесілерді білуі керек:
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын;
- стандарттар мен өлшем бірліктеріне ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйелерін;
- өнімнің сертификаттау технологиясы мен ұйымдастыруын, өнімге сынақ жүргізу мен оны қабылдау ережелерін.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді қолдануды білуі керек:
- стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жүргізудің компьютерлік технологиясын;
- өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде өнімнің және процестердің сапасын бақылау әдістерін;
- өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтерді талдау әдістері мен ақаулардың пайда болуын табу тәсілдерін;
- стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу әдістерін.
Пәнді оқу барысында студенттер келесі дағдыларға ие болады:
- бақылаушы-өлшеуші және сынақ техникасымен жұмыс істеуді;
- өлшеу, сынау және бақылау құралдарын қолдануды;
- стандарттау, сертификаттау жөніндегі қолданыстағы стандарттарды және басқа да құжаттарды қайта-қарауды;
- кәсіпорындарда қолданылатын стандарттау, сертификаттау жөніндегі стандарттар мен басқа да құжаттарға жүйелі түрде тексеру жүргізуді;
- стандарттау мен сертификаттау салаларында отандық және шетелдік тәжірибелерді жүйелеуді білу.
1.6 Курстың пререквизиттері: жоқ.
1.7 Курстың постреквизиттері:
1.7.1 Ветеринарлық санитария.
Достарыңызбен бөлісу: |