Малайзияда стандарттау жоніндегі үлттық үйым - Малай-зиялық стандарттар мен онеркәсіптік зерттеулер институты (СИРИМ) 1975 жылдан бар. СИРИМ озінің статусы бойынша-акционерлік қоғам қүқығындағы ассоциация, бірақ акцияның негізгі иесі малайзия үкіметі. СИРИМ басшылығымен Малай-зияда үлттық стандарттау мен сертификаттау жүйесі қүрылды.
СИРИМ-нің негізгі міндеттері:
- сауда мен енеркәсіпке ықпал ету үшін стандарттауды әрі қарай дамыту мен жетілдіру;
- адам өмірі мен денсаулығы үшін енім қауіпсіздігін қам-тамасыз ету;
- стандарттарды енгізу бойынша енеркәсіптік кәсіпорын-дарға кеңес беру;
- жаңа технология теңірегінде ғылыми- зерттеулер жүргізу;
- ИСО және МЭК халықаралық стандарттары туралы ақ-параттармен онеркәсіп аумағын қамтамасыз ету және оларды үлттық ретінде қабылдауға ықпал ету.
СИРИМ стандарттау жөніндегі халықаралық үйымға Малайзияның атынан қатысады, оның басшылығымен елде МЭК-тің электрондық және электртүрмыстық жабдықтар қауіпсіздігі бойынша негіз қалаушы стандарттары енгізілді. Барлық қолданыстағы осы сала енімдері үлттық стандарттары МЭК стандарттарымен үйлестірілген. Ол осы өнімдердің қарқынды жетілуіне ықпал етуде.
БСҮ бағалауынша Малайзия 90-шы жылдары әлемдік сауданың 25 кошбасшыларының бірі болды. Бүған көп дәрежеде сынау зертханаларын аккредиттеу жүйесін жасауы, экспорттық өнімдерді сертификаттау, 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкестенуге сапаны қамтамасыз ету жүйесін сертификаттаулар ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |