Тәжірибелік бөлім
Аналитикалық таразыда өлшенген 1 г цементті 150-200 мл стаканға салып,оған 25 мл дистилденген су құяды. Үлгіге тығыздығы ρ=1,19 болатын 5 мл HCl құйып, шыны таяқшамен араластырамыз. Оған тағы да 20 мл дистилденген су құйып, бетін сағат шынысымен жауып, қайнап тұрған сулы моншаға 15 минут қайнатамыз. Уақыт өткен соң үлгіні сүземіз. Хлорид иондарынан арылғанша тұнбаны дистилденген сумен шаямыз. Жұмыс жасаған стаканға тұнбаны қағазымен бірге саламыз да, 30 мл 5%-тік ысытылған Na2CO3 ерітіндісін құямыз. Бұдан кейін шыны таяқшамен сүзгіш қағазды бөліктерге бөледі де стаканды сағат шынысымен жауып, 15 минут сулы моншада қайтадан қыздырамыз.Қыздырғаннан кейін, тұнбаны сүзіп, ыстық сумен шаямыз. Сосын (1:9) қатынасындағы 1 мл HCl ерітіндісімен ылғалдаймыз және хлорид ионы толық бөлінгенше сумен шаямыз. Тұнбаны қағазымен бірге фарфор тигельге салып муфельді пеште тұрақты массаға келгенше кептіреміз.
Ерімеген тұнбаның мөлшерін (%) келесі формуламен анықтаймыз:
Ем Т = g/go * 100
g – күйдірілген тұнбаның массасы, go – цементтің абсолюттік құрғақ массасы.
Достарыңызбен бөлісу: |