ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
КМН 2205 «Құрылыс материалдар химиясы»
«6В07366 (5В073000) – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығы
(мамандықтың коды мен атауы)
3 кредит
(кредит көлемі)
Қызылорда
7.ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмысты орындау химия пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, студенттердің эксперимент жүргізу дағдысын қалыптастырады және студенттердің өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Зертханада жұмыс табысты өту үшін, химиялық практикум әдістемесінен және дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет. Сонымен бірге эксперимент техникасын сапалы түрде орындау қалыптасады, жасалған жұмыс ойластырылған, түсінікті болады.
Химия зертхансында жұмыс істеуші қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет және химиялық құралдар, ыдыстармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау керек. Химиялық практикумда көрсетілген құралдар мен химиялық реактивтерді қолдану жолдарын үйрену қажет. Берілген нұсқаулар студенттің өз бетімен жұмыс істеуін және инициативасын жоғалтапай, керісінше көрсетілген нұсқау жұмысты орындау жылдамдығын арттырады, құралдардың істен шығуын, ыдыстардың сынуын, реактивтердің бүлінуін ескертеді.
Эксперимент жұмысының табысты орындалуы, жұмыс әдістемесін дұрыс таңдауға, өлшеуді орындау ретіне, өлшеуге және жүйелі түрде нәтижесін дұрыс жазуға байланысты.
Тақырып бойынша теориялық білімін мұғалім тексерген соң, зертханалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша зертханалық жұмысты жазу журналын дайындаған студент ғана зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Зертханалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:
Зертханалық жұмысты орындау күні;
Зертханалық жұмыстын реті;
Зертханалық жұмыстын тақырыбы;
Зертханалық жұмыстын мақсаты;
Зертханалық жұмыстын барысы, байқаулары;
Химиялық реакциялар мен есептеулер;
Қорытынды.
Зертханалық жұмысты орындап болған соң студент жұмыс орнын ретке келтіріп кезекшіге немесе лаборантқа тапсыру керек. Студент зертханалық журналында жұмыс нәтижесін толтырған соң есебін оқытушыға тапсыру керек. Химия курсында көп уақыт химиядан есеп шығаруға бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі студенттің өздігінен жұмыс істеуін, дәріс кезінде алған білімін кеңінен қолдануын қажет етеді.
Зертханалық жұмыстың тапсырмасы, бақылау сұрақтары және тақырып бойынша есептер «Практикум по неорганической химии»: Пед. институт студенттеріне арналған оқу құралы/ Л.В.Бабич, С.А.Балезин, Ф.Б.Гликина – М.: Просвещение, 2014ж. – 320 с. оқулығында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |