Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Жұмыстың нәтижесін кесте түрінде рәсімделінеді



бет108/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Жұмыстың нәтижесін кесте түрінде рәсімделінеді:


Тәжірибенің бастапқы уақыты, мин

Температура, К

Максималды темпера-тураға жеткенге дейінгі уақыт, мин

Әктас классы












Бақылау сұрақтар:

1. Әктас алып және оның сөндірілу жылдамдығы?

2. Ауалы әктас таза немесе құрамында не болады?

Негізгі әдебиеттер:3- 5, 8

Зертханалық жұмыс №6

Кальций карбонатын күйдіру арқылы әк алу

Жұмыс мақсаты: Әктастан (бор немесе мәрмәр) әк алу және өнімнің шығымын анықтау.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: Муфель пеші, кальций карбонаты, аналитикалық таразы, тұз қышқылының ерітіндісі

Теориялық кіріспе

Карбонатты кендерді күйдіру портландцемент және силикатты кірпіш өндірісінде ең маңызды процесс болып табылады. Өйткені, осы процестің нәтижесінде силикатты өндірісіне өте маңызды шикізат болып табылатын әктас алынады.

Әктас алу процесі кендердің құрамында СаСО3 және MgCО3 заттар СаО кальций тотығымен MgO магний тотығына және көмірқышқылына СО2 825° С температураға дейін қыздыру барысында ыдырауына негізделген. Көмірқышқыл күйдіру барысында пештен шығын газдармен бірге кетеді, ал кальций тотығы таза күйінде немесе магний тотығының қоспасында кесек түрінде пештен алынады. Ізбестас күйдіру барысында көлемі 12-14% -ға азайып, салмағынан 44% жояды.

Карбонатты кендердің диссоциалануы жылу бөлінумен қатар жүреді, СаСОз 1 грамм-молекуласы ыдырау үшін 190·103 Дж жылу талап етеді. Кальций тотығы әктаст құрамының ең маңызды бөлігі болып табылады. Кальций көмірқышқылының ыдырау реакциясы қайтымды және көмірқышқыл газының температурасы мен парциалды қысымына. Кальций көмірқышқылының диссоциасы 600° С –тан басталып байқалады. Ізбестасты кендерді күйдіру температура 950-1100° С-да үздіксіз жұмыс жасайтын шахталы пештерде жүреді. Бірақ әктасты рационалды түрде алу үшін айналмалы пештер, және қайнау қабатындағы пештер болып табылады.



Жұмыс барысы

Таразыда кальций карбонатының (мәрмәр, бор, әктас) 3-5 грамын өлшеп алу.

Күйдірілген тигелді аналитикалық таразыда өлшеп алу.

Өлшенген карбонат өлшендісін тигелге салып, аналитикалық таразыда өлшеу.

Өлшендісі бар тигелді муфель пешінде 900-950° С шамасында бір сағат бойы күйдіру.

Тигелді эксикаторда суытып, қайтадан аналитикалық таразыда өлшеу.

Тигелдегі затты сандық түрде химиялық стақанға ауыстырып, дистилденген судың артық мөлшерінде еріту.Толығымен еріткен соң, ерітіндіні фильтрлеу. Фильтрді сумен қарқынды шаю. Фильтратты өлшегіш колбаға құйып алып, белгісіне дейін сумен толтыру (колба көлемін фильтрат мөлшеріне байланысты таңдау).

Тұнбасы бар фильтрді күйдірілген тигелге салып, өлшеп, муфель пешінде 900° С температурада күйдіру.Тигелді эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда қайтадан өлшеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет