Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет113/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Нәтижелерді өңдеу

Сілтіге төзімділікті пайызбен келесі формула бойынша есептейміз:

X=(m1·100)/m

Мұндағы: m1-күйдіргеннен кейінгі массасы, m- бастапқы массасы.



Бақылау сұрақтар:

1. Керамика.

2. Керамикалық материалдардың сілтіге төзімділігін анықтау

Негізгі әдебиеттер:3- 5, 8

Зертханалық жұмыс №9

Шыны алу.

Жұмыс мақсаты: Берілген құрамына сәйкес шыны алу және оның химиялық тұрақтылығын анықтау.

Реактивтер: Кварц топырақ, бор қышқылы, сода немесе поташ, шынығы бояу беру үшін қорғасын тотығы, темір, кобальт, никель, мыс немесе марганец тотықтары, тұз қышқылының 0,01 моль/л ерітіндісі, метил қызыл ерітіндісі.

Қондырғылар: Муфель пеші, фарфор ыдысы мен ступкасы, фарфор тигель, №09, 06 сүзгіш. 100 және 250 мл колбалар, ағаш тақтай.

Жұмысты орындау

Берілген тапсырма бойынша шихта құрамын есептеп, 8-12 г шыны алу үшін шихта массасын анықтайды.Осы жағдайда шыны тек тотықтардан түзіледі деп алады және олардың үшқыштығы салыстырмалы аз. Есептеулерге сәйкес шихта компоненттерін 0,1 г дәлдігімен өлшеп алып, оларды жақсы араластырады. Шихтаны сәл дымқылдатып (3-5%) алып, алдымен қағазда кейін фарфор үккіште араластырады. Кейін оны алдын ала күйдірілген және өлшенген тигельге енгізеді. Егер шихта құрамына бор қышқылы кіретін болса, онда биік фарфор тигельін алған жөн, себебі қышқыл ыдырау кезде қатты көбіктену болып шынымассасы төгілуі мүмкін. Шихтасы бар тигелді муфель пешіне қойып температураны қажетті шекараға дейін біртіндеп көтеріп қосады. Температураға жеткеннен кейін уақытты байқап, 20-30 минут аралығында шыны пісіруды жүргізеді, осыдан кейін тез, сонымен бірге мұқият тигелді пештен алып арнайы формаларға немесе таза қаңылтыр үстіне балқытылған шыныны құйяды. Шыны пісіру процесін қолғап және көзілдірікпен сақталынып жасайды! Ары қарай тегиль мен шыны толық суығансоң өлшейды және шынының % -пен теориялық мүмкін шығымын анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет