Шынының химиялық тұрақтылығын анықтау. Шынының химиялық тұрақтылығы – су мен химиялық реагенттерге қарсы тұру қабілеті. Тәжірибе үшін алынған шыныдан 4-5 г алып, фарфор ұсатқышта бөлшектері шар тәрізді формалар болу үшін айналмалы қозғалыс жасай отырып ақырын ұсатады. Ұсатылған шыныны, дәннің өлшемдері 0,75 – 0,49 мм, № 09 және 06 електен өткізеді. Бірінші елегіштен өтпей қалған кесектерді қайтадан ұсатып тағыда електен өткізеді. Бірінші елегіштен өтіп екінші елегіштен өте алмайтын шыны тәрізді ұнтақты іріктеп алып ағаш немесе пластмасса тақтайша үстіне сеуіп, және оны қисайтып ұстап тұрып жоғары жағынын ақырындап түртеді. Бұл кезде шар тәрізді кесектер түсіп, ал жалпақ тәрізділер беттікте қалабереді. Осылай дайындалған ұнтақтың 2 г алып 100 мл колбаға салып сынама үлгісін шаңнан тазарту үшін, салқын сумен шаюды декантация арқылы уш рет қайталайды. Жуу суларын фильтрлейді және фильтрге түсіп кеткен кесектер дәнін қайтадан колбаға салады. Колбаға 50 мл қайнаған бейтарап дистилденеген су құйып, колбаға хлоркальциялы түтікшесімен кері салқындатқыш қосады да қайнап жатқан су моншасында 1 сағ бойы қыздырады. Ыстық ерітіндіні көлемі 250 мл конус тәрізді колбаға құйып, индикатор ретінде 2-3 тамшы метил қызыл ерітіндісін қосып концентрациясы 0,01 моль/л НСl ерітіндісімен титрлейді. Концентрациясы 0,01 моль/л тұз қышқылы ерітіндісінің шығымы бойынша сынылып жатқан шынының гидролитикалық классын анықтайды, келесі кестені қөлдана отырып:
Шынының гидролитикалық классы
|
Шыны
|
Тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл
|
1
|
Сумен бұлжымас
|
0 – 0,32
|
2
|
Тұрақты
|
0,32 – 0,65
|
3
|
Қатты аппаратты
|
0,65 – 2,8
|
4
|
Жұмсақ аппаратты
|
2,8 – 6,5
|
5
|
Жарытымсыз
|
6,5 и выше
|
Қышқыл мен сілтілерге төзімділігін оқу зертханалығында ұзақ уақыт жүргізілетін болғандықтан анықтамайды.
Жұмыс нәтижесінкестеге енгізеді:
Шихта құрамы (г н/е %)
|
Алынған шыны
салмағы, г
|
Шығымы, %
|
Химиялық тұрақтылық
|
Шынының гидролитикалық классы
|
теориялық шығым
|
практикалық шығым
|
НСl ерітіндісінің көлемі
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |