Лекция 3. Тақырыбы: Беттік құбылыстар және дисперстік жүйе.
Мақсаты: беттік құбылыстар және дисперстік жүйе арасындағы тбайланысты түсіндіру.
Терминдер: беттік құбылыстар , дисперстік жүйе
Жоспар:
1. Адсорбция құбылысы. Адсорбция изотермасы.
2. Беттік керілу.
3. Қатты зат сұйық беттік шекерасындағы адсорбция.
Беттік құбылыстар — шекаралық қабатта артық еркін энергияның (беттік энергияның) болуынан, беттік қабат молекулаларының белсенділігінің жоғарылығынан олардың құрылымы мен құрам ерекшеліктерінен туындайтын құбылыстар. Денелердің физикалық және химиялық әсерлері ең алдымен осы беттік қабатта өтеді. Негізгі беттік құбылыстар бет ауданына пропорционал беттік энергияның кемуіне байланысты болып келеді.
Беттік құбылыстардың басқа бір тобына термоэлектрондық эмиссия құбылысы, фазалардың бөліну бетінде потенциал секірмесінің пайда болуы және қос электр қабатының түзілуі жатады. Бұл құбылыстар иондар мен дипольді молекулалардың адсорбтануына байланысты. Жылу алмасу және масса алмасу процестерінің (еру, булану, қоюлану, кристалдану, коррозия, т.б.) жылдамдығы бөліну бетінің шамасы мен қасиетіне байланысты анықталады. Сондықтан ол осы беттегі молекулалардың табиғатына және сол беттің құрылысына ерекше тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |