Лекция 6. Тақырыбы : Аналитикалық химия
Мақсаты: аналитикалық химия пәннің мақсаты және міндетін талдау.
Терминдер: Макро талдау, Сантиграмм-әдіс, Микрограмм-әдіс
Жоспар:
1.1.Аналитикалық химияның мақсаты және міндеті.Сапалық талдау әдістері.
1.2.Сандық талдау әдісіХимиялық талдау әдістері.
1.3.Химиялық әдістердің мәні және жіктелуі.Гравиметриялық талдау әдісі, жіктелуі.
Аналитикалық химия ғылымы – бізді қоршаған бұйымдар мен материалдардың және заттардың химиялық, кейде фазалық құрамын, сонымен қатар үлгінің құрамындағы молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейді.
Аналитикалық химия – элементтер және олардың қосылыстарын, бір заттың екінші затқа айналу процесін зерттейді.Осы процестер кезіндегі заттың химиялық құрамын және қандай мөлшерлі қатынаста болатынын анықтайды.
Сапалық талдау әдісі қосылыстар мен өнімдер құрамындағы атомдар, иондар, функционалдық топтар, молекулаларды және олардың физикалық, химиялық қасиеттерінің ұқсастығын анықтайды. Сондықтан, сапалық талдау химиялық және физикалық болып бөлінеді.
Зерттелетін қосылыстар мен өнімдер әр түрлі агрегаттық күйде кездесетіндіктен, сапалық аналитикалық реакциялар «құрғақ» немесе «ылғал» түрде жүргізілуі мүмкін.
Барлық химиялық реакциялар сапалық талдау жасауға тиімсіз. Құрғақ әдіспен талдаулар қатты заттарға жүргізіледі. Зерттелетін затты от жалынына қыздырып, жалын бояуының түсі арқылы анықтайды. Бұл әдісті пирохимиялық деп атайды.
1898 ж Ф.М.Фловинский ұсынған «ұнтақтау» әдісі зерттелетін затты ұнтақтап, реакция нәтижесінде түсті қосылыс алуға негізделеді.
Құрғақ талдау әдісі негізінен далалық жағдайда минерал және кен құрамына сапалық немесе жартылай сандық зерттеулер жасауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |