Өлшендіні еріту. Өлшендінің суда, суда ерімесе қышқылда, сілтіде немесе органикалық еріткіште еру қабілеттілігіне қарай ерітіндіге көшіреді.
Анықталатын компонентті тұндыру. Анықталатын компонентті тұнбаға түсіру үшін тұнбаға түсіруші реагентті таңдаймыз. Түзілген тұнба ерігіштігі өте төмен болуы шарт.
Гравиметриялық талдауда қолайлы H2SO4 өйткені ол ұшқыш, кейінгі қыздыру, кептіру операцияларында ұшып кетеді (тұнбаға түсіруші реагент ұшқыш болуы шарт).
Талдау нәтижесі дұрыс болуы үшін заттар тұнбаға толығымен және тез түсуі қажет. Тұнба кристалды және аморфты болып бөлінеді. Кристалды тұнба тез түседі, тез сүзіліп және жақсы жуылады. Ал аморфты тұнба жай түседі, сүзілуі қиын, ерігіш келеді.
Кристалл тұнбалар, алдымен кристалл центрлерінің пайда болуынан басталады, кейін майда бөлшектер бір-бірімен әрекеттесіп ірі агрегат түзеді, мұны агрегация үрдісі деп атайды. Әр агрегат бір-бірімен өзара қарама-қарсы зарядталған бағытымен тартылып ауырлық күшінің әсерінен тұнбаға түседі, ориентация үрдісі деп аталады.Егер ориентация жылдамдығы агрегация жылдамдығынан үлкен болса, онда дұрыс кристалл торы түзіледі, басқа жағдайда аморфты тұнба түзіледі.
Сонымен кристалдық тұнбаны сұйытылған ыстық ерітіндіден ыстық реагентті жай құю арқылы түсіреді. Аморфты тұнбаны концентрленген ыстық ерітіндіден концентрленген ыстық тұнбаға түсіруші реагентпен әсер ету арқылы алады (тез қосу қажет). Аморфты тұнба коллоидты түрге өтуге бейім келеді, мұндай күйде олар сүзгіден жақсы өтеді, ал бұл анықталатын компоненттің біраз мөлшерін жоғалтуға әкеледі.
Тұнбаны сүзу. Сүзу арқылы тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Тұнбаны сүзу үшін күлсіз 3 түрлі сүзгі қағазын қолданады.
1.Көк ленталы- майдакеуекті, тығыз және жәй сүзеді. Майда түйіршікті тұнба үшін;
2.Ақ ленталы- тығыздығы орта сүзгі, кристалды тұнба үшін;
3.Қызыл ленталы - тығыз, тезсүзгіш және ірікеуекті сүзгі. Ірі түйіршікті және аморфты тұнбалар бөлу үшін қолданылады.
Тұнбаны сүзудің алдында сүзгі қағазын тығыздығына сәйкес таңдап сүзгі қағазын өлшеп дайындайды, себебі; сүзу қағазына тұнба сыйуы керек, яғни тұнба сүзгі қағазының 1/3 бөлігін ғана алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |