Сүзгі қағазындағы тұнбаны жуу. Сұйықты сүзгі қағазына шыны таяқша бойымен жаймендеп құямыз. Тұнба үстіндегі сұйықтық көп мөлшері сүзгі арқылы өткеннен кейін тұнбаны стаканда декантациялау арқылы жуамыз (көбіне NH4ОН, НNO3, HCI сұйық ерітінділері).
Декантациялау кезінде тұнба лайланбауы қажет және бұл үрдісті тұнба үстіндегі сұйықтықты құйып алуға мүмкін кезге дейін жүргіземіз.
Кейін азғана шаюшы сұйықтықты құйып тұнбаны араластырып сүзгі қағазға көшіреміз.Ал стакан мен таяқшаға жабысып қалған тұнбаны сүзгі қағазы қалдықтарымен құрғағанға дейін сүртіп, оны да сүзгіге саламыз.
Осы үрдістер аяқталғаннан кейін тұнбаны сүзгіде жуамыз. Жууды дистельденген сумен немесе тұнбаға түсіруші реагенттің сұйық ерітіндісімен жүргіземіз.
Ал аморфты тұнбаны сұйық электролит ерітіндісімен жуады. Электролит – коагулятор ерітінділер, аморфты тұнбаның тез еруіне кедергі жасайды және олар ұшқыш зат болуы қажет.
Тұнбаны декантациялау және сүзгіде жуу арқылы ондағы қоспаларды сұйықтықққа (фильтратқа) көшіреді.Тұнбаны сүзгіде жуар алдында, шаюшы сұйықтықты сүзгі қағаздың қабырғаларындағы тұнбаларды төмен түсіріп, конус бетін біркелкі етіп толтырғанша шашыратып жуамыз. Кейін фильтрат белгілі бір қоспаға теріс реакция бергенде,тұнбаны жууды тоқтатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |