Тұнбаны кептіру және қатты қыздыру. Тұнбаны сүзгі қағазымен бірге термостатта кептіреді (t=90-1050C; 20-30 мин). Кейін кепкен сүзгі қағазын тұнбамен бірге тигельге салып, қыздырады.( t=10000C; 20-30 мин)
Қыздырудың екі түрі бар:
1.Сүзгі қағазды алмай қыздыру.
Мысалы: BaSO4, CaCO3, AI (OH)3 және т.б.
2.Сүзгі қағазды алып қыздыру. Мысалы: AgCl. Себебі; бұл тұнба сүзгі қағаз жанғанда түзілген көміртекпен тез тотықсызданып, бос күйіндегі Ag түзеді.
Гравиметриялық түрді өлшеуге қойылатын талаптар.
Тұнбаға түсіру үрдісінде қажетті жағдайлар сақталмаса тұнба түрлері әртүрлі болады.
Кристалл тұнбаларды дұрыс тұнбаға түсірмеген жағдайда, тұнба формасы майда кристалды болып сүзгі қағазынан өткенде тұнбаны қатты ластауы мүмкін. Алынған тұнбаны талдау жүргізу кезінде қыздыруға тура келеді.Тұнба бұл кезде химиялық өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан гравиметриялық талдауды тұнбаға түсіру және өлшемдік форма деп бөлеміз. Кейбір жағдайда бұл екі форма құрамы бойынша бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |