Электрохимиялық ұяшық – сырттан электродтарға белгілі бір мөлшерде потенциал бергенде ғана электрохимиялық реакция өтеді. Электролиттік ұяшық вольтамперметрия, кулонометрия, кондуктометрия, электрогравиметрия әдісте-рінде қолданылады.
Электрохимиялық құбылыстарды 3 типке бөлуге болады;
А) Электр тоғына ерітіндінің кедергісі;
В) ерітіндіге малтырылған электродтарда потенциалдың пайда болуы;
С) белгілі бір потенциал бергенде электродтарда өтетін химиялық реакция.
Электрохимиялық әдістерде стандартты және индикаторлы электродтар қолданылады. Стандартты электродтардың потенциалы тұрақты, ал индикатор-лы электродтардың потенциалы зат концентрациясына тәуелді болады.
Стандартты электродтарға;
1) Хлор күмісті ерітіндісіне батырылған)
2) Каломель электроды -
Индикаторлы электродтарға: 1) платиналы электроды
2) тамшы сынап электроды
3) шыны электроды қолданылады.
Талданатын ортада жүретін электрохимиялық құбылыстарға қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Потенциометрия – қайтымды және қайтымсыз гальваникалық элемент-тердегі электродта пайда болған электр потенциалдарының айырымын өлшейді. Гальваникалық элемент индикаторлы және салыстырмалы деп аталатын екі электродтан тұрады. Бұл әдістің аса дәлдігі, сезімталдығы, сенімділігі және сұйытылған, боялған, әрі лайлы ерітінділерге қолдану мүмкіндігінің жоғары-лығымен ерекшеленеді.
Кондуктометрия талданатын ерітінділердің меншікті электр тогын өткізу қабілетін анықтайды. Ерітінді арқылы өткен электр тогының күші электролит концентрациясына тәуелді, егер ерітіндіде электролит ионы көп болса, онда токта көп болады.
Қолдану әдісіне қарай электрохимиялық кондуктрометрия әдісі тура кондуктометрия, кондуктометрлік титрлеу болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |