Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет68/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

3.Хроматографиялық әдістер газды,сұйық және газ-сұйық хроматогра-фия, ионалмасу, таралу және жұқа қабатты хроматография болып бөлінеді.

Хроматографикалық талдау әдісі – бұл екі немесе көп компонентті (газдар, сұйықтар, бу қоспалары) заттарды сорбциялық әдіспен бөледі. Химиялық, физикалық және физико-химиялық талдау әдістерінің ішінде хроматографиялық талдау әдісі маңызды орын алады. Бұл талдау әдісінің кең таралуы оның тиімділігінде, эксперименттің қарапайымдылығы және тез жүруі; сонымен қатар сезімталдығы жоғары болуында. Тағы бір айырмашылығы ол әмбебап - қатты, сұйық және газ тәрізді бейорганикалық және органикалық заттарды бөлуде қолданылады.

Хроматография әдісі дегеніміз - көп компонентті заттарды сорбциялық үрдіс негізінде бөлу. Сорбция үрдісі дегеніміз газдың, будың немесе еріген заттардың қатты немесе сұйық сорғыштарға (сорбенттер) сіңуі. Ал кері үрдісті десорбция деп атайды. Егер сіңірілу тек фазалардың бетінде ғана жүрсе онда оны адсорбция, ал сіңірілу бүкіл фаза көлемінде жүрсе оны абсорбция деп атайды.

Сорбция үрдісін екі түрде жүргізуге болады: статикалық немесе динамикалық. Статикалық сорбцияда екі фазада тыныштық күйде болады, ал динамикалық сорбцияда жылжымалы фаза жылжымайтын фаза арқылы өтеді. Хроматографиялық талдау әдісі осы динамикалық сорбция үрдісіне негізделеді. Бөліну көбіне келесі түрде жүреді. Көп компонентті жүйе сорбенті бар колонка арқылы өтеді, осы кезде тез сорбцияланатын зат сорбенттің жоғары жағына жиналады, ал аз сорбцияланатын зат әрі қарай колонка бойымен жылжи береді. Таңдамалы адсорбцияда яғни зат құрылысына қарай сорбентпен әр сіңірілу үрдісі жүреді. Әрбір сорбциялық үрдіс таралу константасымен (Ктаралу) сипатта-лады.Ол жылжымайтын фазадағы заттың тепе-теңдік концентрациясының (С1) жылжымалы фазадағы заттың концентрациясына (С2) қатынасына тең:
Ктаралу═с12
Хромотографияда анықталатын зат әртүрлі формада болады, сондықтан мұндай жағдайда таралу коэффицентін қолданады (Кд).
Кд=Са1а2

а12 – а - затының барлық формадағы жалпы концентрациясы.


Таралу коэффициенті заттың табиғатына, температураға, рН-қа, концентрацияға, жылжымалы және жылжымайтын фазалар табиғатына байланысты. Егер берілген заттың Кд жоғары болса ол қозғалмайтын фазаның жоғары жағында қалып, жәй қозғалады. Ал Кд кіші болса онда ол колонка бойымен тез жылжиды. Сонымен таралу коэффиценті әр түрлі заттар әр түрлі жылдамдықпен таралып колонка бойында бөлінеді. Хроматографиялық талдауды классификациялаудың бірнеше әдісі бар.

1. Қозғалмайтын және жылжымалы фазалардың агрегаттық күйіне қарай:

а) сұйықтық хроматография (жылжымалы фаза сұйық) СХ;

б) газды хроматография (жылжымайтын фаза газ) ГХ.

в) газ-сұйық хроматография

Сұйықтық хроматография қозғалмайтын фазаның физикалық қасиетіне қарай: қатты - сұйық хроматография (қозғалмайтын фаза қатты) ҚСХ; сұйық - сұйық хроматография (қозғалмайтын фаза сүйық) ССХ.

Дәл сол сияқты газды хроматография – газды адсорбциялау хрома-тография ҚГХ; газды сұйық хроматография ГСХ болып бөлінеді.

Егер қозғалмайтын фаза сұйық болса, онда оны таралу хроматографиясы деп атайды, мысалы:

- ССХ - таралу хроматографиясы;

- ГСХ - Газды таралу хроматографиясы.



2.Сорбциялану механизіміне қарай молекулярлы және хемосорбциялық
хроматография:

а) молекулярлы хроматографияда қозғалмайтын фаза (сорбент) мен
анықталатын компоненттердің арасында молекулааралық күш немесе Ван
- Дер - Ваальс күші әсер етеді;

б) хемосорбциялық хроматографияға ион алмасу, тұнбаға түсіру,
комплекс түзу, тотығу – тотықсыздану, адсорбционды-кешентүзу хроматогра-фиясы жатады.Мұнда химиялық реакцияның нәтижесінде сорбциялану үрдісі жүреді.

Хроматографиялау әдісі бойынша: а) фронтальді, б) элюенттік, в) ығыстыру болып бөлінеді.

Орындау техникасына қарай колонкалы (қозғалмайтын фаза колонкада болады),капиллярлы және жазықтық (қағазды, жұқа қабатты (қозғалмайтын фаза қағаз немесе сорбенттің жұқа қабаты) ол пластинаға немесе шыныға орналастырылады.және мембранды болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет