4.Масс-спектроскопия – электр және магнит өрісінің әсерімен әр түрлі иондарды, молекулаларды, радикалдарды анықтайды. Газ күйіндегі иондардың электромагниттік өрісте өздерінің массасының зарядқа қатынасына (m/z) қарай бөлу қабілетіне негізделген. Ион салмағының зарядқа қатынасы және осы иондардың салыстырмалы ток шамасының қосынды мәндері заттың масс-спектрін құрайды.Газды-сұйықтық хроматографиялық әдіспен біріккен масс-спектрометр ұшқыш қосылыстардың күрделі қоспасын дәл және тез талдайды.Ал сұйықтқ хроматографпен масс-спектрометр бірігуі жылу шаңдатқыш құрылғының көмегімен ауыр ұшатын қоспаларға талдау жасайды.