5.Радиометриялық талдау әдісі – бұл әдіс радиоактивті элементтер бөлетін сәулені өлшеуге негізделген. Радиометрлік талдау әдістеріне изотоптық сұйылту, радиометрлік титрлеу, радиоактивтік немесе жай ғана активтік талдау т.б әдістер жатады. Радиометриялық талдауда сцинцилляционды, ионизационды, нейтронды-активациялық және рентгенспектральды әдістері қолданылады.
Изотоптық сұйылту әдісі бойынша құрамында зерттелетін элементі бар анықталатын затқа белгілі бір меншікті активтілігі бар радиоактивті изотоптың өлшеулі мөлшерін қосады. Сонан соң анықталатын элементті тұнбаға түсіру,шаю, электролиз,сорбция сияқты арнайы әдістердің біреуін қолданып,талданатын заттан бөліп оның активтілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |