Радиометрлік титрлеу әдісі екі түрлі жағдайда қолданылады.
а) Анықталатын ионмен нашар еритін тұнба түзетін радиоактивті изотопы бар ерітіндімен титрлейді.Титрлеу үрдісіндегі ерітіндінің активтілігін өлшейді.
б) Ерітіндіге анықталатын элементтің радиоактивті изотопын индикатор ретінде аз мөлшерде қосады.Титрленуіне қарай анықталатын ион изотоппен бірге тұнбаға түседі де ерітінді активтігі төмендей келе тұрақтанады.
Радиоактивті әдіс зерттелетін затты б-бөлшекпен, нейтрондар, протондардың ағынымен сәулелендіруге негізделеді.Мұндай сәулеленген заттардың құрамындағы түзілген әр түрлі элементтердің радиоактивті изотоптарын гамма-спектроскопиялық немесе басқа әдістермен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |