8. Полистирол (ПСТ) – стиролдың массадағы немесе эмульсиядағы радикалдық полимеризациясы арқылы түзіледі.
n СН2 = СН (- СН2 – СН -) n
Ол көптеген ароматты көмірсутектерде жақсы ерігенімен, судың, спирттердің, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты. ПСТ – молекулалық массасы 70 мыңнан бірнеше млн-ға дейін, тығыздығы 1,05-1,07 г/см3. Шынылану температурасы 800 С. ПСТ негізінен электроизоляциялық материал ретінде және пенопласт жасауда қолданылады.
9. Полиакрил және полиметакрил қышқылдары сәйкес қышқылдардың радикалдық полимеризациясы арқылы алынады:
Полиакрил – және полиметакрил қышқылдары суда жақсы еритін полимерлер. Жеке түрде олардың техникалық маңызы және қолданылуы шектеулі. Бұл қышқылдардың басқа мономерлермен сополимерлерінің синтетикалық каучук, ион алмастырғыш шайырлар т.б. өндірісінде маңызы зор.
10. Полиметилметакрилатты (П - ММА) метилметакрилатты радикалдық полимеризациялау арқылы алады.
CH3 CH3
n СН2 = С (- СН2 – С -) n
СООСН3 СООСН3
Оның молекулалық массасы 50-200 мыңның шамасында, тығыздығы 1,18-1,19 г/см3, шынылану температурасы 980 С. П-ММА ацетонда хлорланған көмірсутектерде, күрделі эфирлерде ериді. Ол негізінен органикалық шыны өндіру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |