11. Полиакрилонитрил (ПАН) – акрилонитрилдың эмульсиядағы радикалдық полимеризациясы арқылы алынады.
n СН2 = СН - СН2 – СН -
СN
СNn
ПАН молекулалық массасы ~40-70 мыңдай, тығыздығы 1,13-1,16 г/см3, шынылану температурасы 800 С. Диметилформамидте, лактамдарда, KCNS, ZnCl2, LiBr т.б. тұздардың судағы ерітіндісінде ериді. Температураға шыдамды, физико-механикалық көрсеткіштері жоғары. Жарыққа төзімділігі жөнінен барлық белгілі полимерлерден асып түседі.
ПАН – талшық және пластмассалар өнеркәсібінде қолданылады.
12. Полиизопрен (ПиП) – изопреннің эмульсиядағы радикалдық полимеризациясымен алынады.
n СН2 = С – СН = СН2 СН2 – С = СН – СН2 -
СН3 СН3
n
Табиғи каучук пен гуттаперча ПиП кеңістіктік изомерлері болып табылады.
Каучук (цис-форма) мол. массасы 200-400 мыңға дейін, тығыздығы 0,92 г/см3, шынылану температурасы -700 С, бензинде, хлорланған көмірсутектерде еритін эластикалық зат.
Гуттаперча – молекулалық массасы 23 мыңдай, тығыздығы 0,94 – 0,96 г/см3, бензинде тек қыздырғанда еритін қатты зат.
Синтетикалық ПиП табиғиға қарағанда физико-механикалық көрсеткіштері төмен: ол созғанда не суытқанда кристалданбайды. Бұл оның молекуласының тізбегінің құрылысының ретсіздігімен түсіндірілсе керек. Соңғы кезде құрылысы ретті цис. – 1,4 – полиизопрен (мол. Массасы 2 млн. дейін) алынды. Ол қасиеттері жағынан табиғи каучукке жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |