Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Саздың иілгіштігін проф. П.А.Земятченский әдісі бойынша анықтау



бет102/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Саздың иілгіштігін проф. П.А.Земятченский әдісі бойынша анықтау.

Зерттелетін материалдың біраз бөлігін қолға жабыспайтындай қою «нан» болғанша илеңіз. Диаметрі 5 см болатындай домалақ шар жасап, оны екі жағынан Петрий табақшасымен жарықшақ пайда болғанша басу керек. Иілгіштігі жоғары саздарда жарықшақ шарды диаметрінің жартысына дейін басқанда пайда болады, иілгіштігі орташа саздарда — 1/3 бөлігіне шейін, нашар иілгіш саздарда — енді баса бастағанда жарықшақ пайда болады.

Иілгіштікті проф. А. М. Соколов әдісімен анықтау.

Бұл әдіс саз құрамындағы немесе сазға қосылған нашарлатушы (отощающих) материалдардың саздың сумен шайылуын жылдамдату қасиетіне негізделген. Қоюлығы қалыпты зерттелетін саздан жасалған 1,5*2*6 см өлшемді пирамидалардың суда ыдырау уақыты — иілгіштік өлшемі болып табылады. Тәжірибені бастамас бұрын, дайындалған пирамидкаларды кептіргіш шкафта 110°С –та тұрақты масса болғанша кептіріп алу қажет. Кептірілген сынамаларды құрғақ стақанның ішіне салып, сумен толтырып, пирамидкалардың ыдырау уақытын бақылау керек. Майлы, иілгіш саздан жасалған пирамидкалар суда 20–40 мин немесе одан да көп уақыттан кейін ыдырайды, иілгіштігі орташа пирамидкалар 10–15 минуттан кейін бұзылады, ал нашар, иілгіш емес саздан жасалғандар — 2 – 3 минуттан кейін бұзылады. Сонымен қатар, майлы саздан жасалған пирамидкалардың суда ыдырауы иілгіштігі нашар саздан жасалғанға қарағанда өзгеше. Майлы иілгіш саздан жасалған пирамидкалар жоғарыдан бастап ірі жапырақша түрінде, ал иілгіштігі нашар саздан жасалған пирамидкалар тез арада ұсақ бөлшектерге ыдырай бастайды.


Алынған нәтижелерді кестеге енгізіңіздер

Үлгінің №

Зерттеу нәтижесінде анықталған саз түрі

проф. П. А. 3емятченский әдісі бойынша

проф. А. М. Соколов әдісі бойынша


















Зерттелген саздардың иілгіштігі жөнінде нәтиже жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет