15. Полиацетилен және хлорланған полиацетилен
Полиацетилендер ацетиленді не оның туындыларын Циглер-Натта катализаторларының қатысуымен 0-800 С температура аралығында полимерлеу арқылы алынады. Мұнда молекулалық массасы шамамен 7000 кристалды олигомерлі транс-полиацетилен түзіледі.
Полиацетилен қара түсті, оттекпен оңай тотығып ашық сары түске көшетін кристалды ұнтақ.
Алмасқан полиацетилендерден белгілісі полифенилацетилен. Оны фенилацетиленді ионды-координациялық немесе радияциялық полимерлеу арқылы алады.
Фенил группалары транс жағдайында орналасқан полифенилацетилен мол. массасы 78 мыңдай қоңыр түсті қатты зат. Оның өткізгіштігі температураның өсуімен арта түседі. 4000 С дейін қыздырғанда оның құрамы өзгермейді.
Әртүрлі әдістермен алынған ацетилен, органикалық еріткіштерде катализатордың қатысуымен төмен температурада толығымен полимерленген соң, әрі қарай хлорланады.
Бұл реакция кезінде HCl бөлінбейді, сондықтан бұл әдіс технологиялық жағынан да, экологиялық жағынан да аса тиімді. Алынған хлорлы полиацетилен мол. массасы 20 мыңнан 100 мыңға дейін, органикалық еріткіштерде еритін сынғыш ұнтақ.
Қазіргі кезде бұл полимерді өнеркәсіпте алынатын хлоркаучуктердің орнына пайдалану мүмкіндігі көрсетіліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |