ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



бет9/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,77 Mb.
#18597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

  1. Шығындарды талдаудың мәні, міндеттері және ақпараттық базасы. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтері

  2. Өнім өндіруге кеткен жалпы шығындар сомасын талдау

  3. Өндірілген өнімнің бір данасына шығындарды талдау

  4. Өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау

  5. Шығындардың жеке баптары бойынша өзіндік құнның өзгеруіне әсер ететін

  6. Қолданылған әдебиет:

  7. 1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

  8. Санкт-Петербург, 1994

  9. 2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

  10. 3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

  11. 4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

  12. 5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

  13. 6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

  14. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000



10-тақырып. Ұйымның іскерлік белсенділігін талдау.

Мақсаты: Тақырыпты ашу.

  1. Іскерлік белсенділікті талдаудың рөлі.

  2. Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері

  3. Іскерлік белсенділікті есептеу әдістері

1-сұрақ. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда атап өткендей кейбір актив түрдлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау−өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді –бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процесстер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланыстың болмауы тыс қор жинауға әкеліп соқтырады да, айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

2-сұрақ. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:


  1. Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті.

Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формуламен анықталады:


Дn

Ко/а= ------------------------

Ак

Ко капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Дnөнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша) ;

Ak – авансталған капитал (кезеңдегі баланс валютасы)

Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан жақты түсінік береді.



  1. Негізгі құралдардың айналымдылығы.

Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда, бұл жерде жалпы заңдылық бойынша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлетіндігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш төменде жан жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.



  1. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффиценті.

Ол мына формула бойынша қаралады:

Дн

К°с =------------------------

Ск
Мұнда: К°с меншікті капиталдың айналымдылықкоэффициенті;

Дн - өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

Ск - баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.

Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды:коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудыңартықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналымжылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырғанақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланыстыкәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді.



4. Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффцциенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Дн

Кта=---------------------

Кма

Мұнда:


Кта - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

Кма - ағымдағы активтердің орташа шамасы. Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:



Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айналым коэффициентімен).

Ағымдағы активтердің бір айналымының үзақтығы мына формуламен анықталады:



360

Д°=---------------------------

К°А

Мүнда:


Д°- бір айналымның күнмен есептелген ұзақтығы;

К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.

Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға ~ 30 күн құрайды.
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы



Көрсеткіштер

Өткен жылы

Есеп беру жылы

Ауытқу

<+ -)

1.

Өнімді сатудан түскен табыс, мың теңге

24392

23179

-1213

2.

Кезендегі ағымдағы активтердің орташа шамасы, мың теңге

13551

17868

+ 4317

3.

Ағымдағы активтердің айна-лымдылық коэффициенті

(1 қатар • 2 қатар)



1.80

1,30

-0,50

4.

Ағымдағы активтердің бір айналымының күнмен есептелген ұзақтығы

(360:3 қатар)



200

277

+ 77

5.

Айналым қаражатын бекіту коэффициенті

(2 қатар:1қатар)



0,56

0,77

+ 0,21

Кестеден ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығының 1,8-ден 1,3 есеге дейін қысқарғаны көрінеді, нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 77 күнге артқан, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын куәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың толық циклден өтуі мен қайтадан ақша түріне келуі былтырғы жылға қарағанда 77 күнге - ұзақ болады). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік-коммерциялық қызметін жалғастыру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды.



5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта солғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді қүрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Қоэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында - сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде - кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.



SN

Коз = ----------------------------

Қорт

Мұнда:


Ко/з - материалдық айналым құралдарының

айналымдылық коэффициенті;

SN- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

Қорт - өндірістік қорлардың орташа құны. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болғанан, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады.



6. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Дн

Кд.ө=---------------------

Дө

Мұнда: Кд.ө - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

Дө- баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді, Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың арт-қанын көрсетеді, ал төмендеуі - сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді.



7. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдеп дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады

Дн

Кд/б = -----------------------------

Дб

Мұнда:


Кд/б-дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Дб- дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.


Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау ушін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің үлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай қүрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі - несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі -несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен анықталады:

360

Дд/б= ---------------------------------------



Кд/б

Мұнда: Дд/3 - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі - оң, ал артуы - теріс бағаланады 8. Кредиторлық борыштын айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:


Дн

Кк/б =-----------------------------

Кб
Мұнда: Kк/б - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Кб - кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы.


Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті сияқты коммерциялық несиенщ артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың аиналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілген аиқындайды Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі -кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын , ал төмендеуі - несиеге сатып алудың артқанын

Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:



360

Док/б=-----------------------

Кк/б

Мұнда:


Ко -кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемелерін қоспағанда) көрсетеді.


9. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақшақаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндайаса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорының қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырганын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:



АҚ°

Ка.к =---------------------------------

АҚС

Мұнда:


Ка.қ - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;

АҚ° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;

АҚС - ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойыңша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.

Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 "Есептесу шотындағы барлық" шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілігі өздершің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.



10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

Дн

Кик=-------------------------

Мұнда: Ұи+Ки

Ұи - және Ки - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.


11. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.

Дн

Фк=------------------------

Фк

Мұнда: Фк - істегі капитал.

Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысына (ақша) тікелей әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенггік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
Дн

Кпер/к=----------------------

Пер/к
Пер/к - перманентгік капитал капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер

Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндетте-мелерінің әсерін еске алу керек.


13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталдын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:

Дн
И д.а=--------------* До/S


Фк

Дн

Мұнда: —— - істегі капиталдың айналымдылық



Фк коэффициенті;
До/S-негізгі қызметінің табыстылығы

Д°- негізгі қызметтен түскен табыс;

Дн- өнімді сатудан түскен табыс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Іскерлік белсенділікті талдаудың рөлі қандай?

  2. Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ата?

  3. Іскерлік белсенділікті есептеу әдістері қандай?


Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
11 - тақырып. Ұйымның банкртоттық ықтималдылығын бағалау және талдау

Мақсаты: Тақырыпты ашу.

1. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері

2. Қаржылық көрсеткіштерді талдаудың әдістері мен тәсілдері

3. Банкроттықтың ықтималдылығын талдау

4. Қаржылық ағымдарды талдау

1-сұрақ. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жариянады. Қазақстан Республикасының "Банкроттьіқ туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарыз-ды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады (50). Басқаша айтқанда, шаруашылық субъекті-сінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндет-тердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағат-танғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіс-пеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы түрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сома-сына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталы-ның шаруашылық механизімінің балансының бұзылуы-нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясаты-ның тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:



1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:

  • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

  • инфляцияның аса жоғары деңгейі;

  • фирманың қүнды қағаздарының нарықтық қүнының төмендеуі;

  • бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сүранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

  • өндіріс көлемінің төмендеуі;

  • үқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

  • ақталмаған жоғары шығындар;

  • өнімнің төменгі рентабельділігі;

  • өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

  • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

  • ескі басқарма басшыларының нарықты қүруға бейімделе алмауы, сүранысы жоғары өнімдерді , шығаруда керлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа үшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет