ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



бет7/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,77 Mb.
#18597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Тақырып 7:.Негізгі құралдардың пайдалануын талдау

1. Талдаудың мәні, міндеттері және ақпараттық көзі

2. Шаруашылық субъектінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін талдау

3. Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын талдау

4. Негізгі қордың тиімді пайдаланылуын талдау

5. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылату есебінен өнімдер шығаруды көбейтудің резервтері


Негізгі қорлар әрбір кәсіпорының маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы кәсіпорының шаруашылығық қызметінің соңғы нәтижелеріне тура әсер етеді. Негізгі қорларды рационалды пайдалану техника экономикалық көрсеткіштердің жақсартуына әкеледі. Оның ішінде онім көлімінің осуі өзіндік құнның, төмендеуі. Негізгі қорлар талдауын бірнеше бағыт бойынша жүргізуге болады. Бул бағыттар комплексте негізгі қорлардық құрылышына динамикасына, пайдалану тиімділігіне баға беруге мүмкіндік береді.

Негізгі қорларды талдаудың бағыттары мен міндеттері.

Негізгі бағыттары

Міндеттері

1.Негізгі қорлардың құрылышдық динамикасын талдау

1.Негізгі қорларды салынған капиталдық мөлшері мен құрылышына баға беру.

2.Кәсіпорының қаржылық жағдайы мен баланс құрылшына негізгі қорлар құнының өзгеруінің мінездемесі мен әсер ету көлімін анықтау.

2.Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың талдауы.

1. Негізгі қорлардың қозғалысын талдау.

2.Негізгі қорлардың тиімділік көрсеткіштерін талдау.

3.Құрал-жабдықтардың жұмысының уақытын пайдаланудың талдауы.

4.Құрал-жабдықтарды пайдаланудың интегралдық баға беру.

3. Құрал-жабдықтарды күтуге және пайдалануға жұмсалған шығындар тиімділігін талдау.

1.Күрделі жөндеудің шығындарын талдау.

2.Ағымды жөндеу шығымдарын талдау.

3.Құралдарды пайдалануға жұмсалған шығындарын мен пайда өнім көлемі арасындағы өзара байланысты талдау.

4.Негізгі қорларға инвестициялау тиімділігін талдау.

1.Капитал салымдарының тиімділігіне баға беру.

2.Инвестициялау үшін заимдерді келтірудің тиімділігіне баға беру.

Талдаумен аналитикалық есептер бағыттарын таңдау басқару қажеттілігімен анықталады. Негізгі қорлардың құрылымдық динамикасын талдау, инвестициялық талдау қаржылық талдаумен жүргізілсе негізгі қорларды тиімді пайдалуын талдау, оларды пайдалануға жұмсалған шығындарды талдау басқару талдаумен жүргізіледі. Құрал-жабдықтарды жөндеуге және пайдалануға жұмсалған шығындар талдауы өнімнің өзіндік құнының талдауның құрамдас бөлігі болып табылады. Негізгі қорлар талдауын жүргізу әдістемелігі,оларды пайдаланудың тиімді вариантын талдауға бағытталған.Сондықтан талдаудың келесідей ерекшеліктері бар:

1.негізгі қорларды пайдалануға шешімдердің вариантылығы.

2. болжам жасауға бағытталуы.

Талдаудың сапасы ақпаратардың шындылығына бухгалтерлік есептің жүргізілу сапасына негізгі қорлар объектерлері мен операциялардың жүйесі мен тіркеулуінің жасалауына есептік классификациялық топтарға объектілерді жатқызу туралығына инвентаризациялық жазбалардың шындылығына, аналитикалық есеп регистиерінің жүргізудің тереңдігіне көп байланысты. Талдаудың ақпараттық базасына негізгі қорлардың бары мен қозғалысы жөніндегі есеп беру және негізгі қорларды есепке алудағы инвентарлық карточкалар жатады.

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін суреттейтін көрсеткіштер.

Негізгі қорлар өндірістік ресурстардың бір түрі болып табылады. Оларды пайдаланудың тиімділігіне баға, беруі қайтарым және сиымдылық көрсеткіштерін есептеу мен талдауна негізделген. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жалпылама көрсеткіші қор қайтарышы болып табылады.

Қор қайтарымын есептеген кезде, негізгі қорлардың құнына , өз меншіктегі және жалға алынған қорлар құны кіреді. Ал жалға берілген және консервациядағы қорлар есептелінбейді. Есептеу жүргізу үшін жалпы өнім көлімін бағалармен құрылымдық қозғалыстардың өзгеруіне.Ал негізгі қорларды қайта бағалау коэффициентіне түзету жасау қажет.

Қор қайтарымының жоғарылауы амортизациялық төлемдердің төмендеуіне /әкеледі/ тауар құнындағы пайда үлесінің өсуіне әкеледі. Қор қайтарымының өсуі өнім өндіру көлімінің интенсивті өсуінің бірден бір факторы болып табылады. Осы бағыныштылықты факторлық модель арқылы көрсетуге болады.
ЖОК= Fқ*S
Осы факторлық модель негізінде өнім колемінің өсімшесі негізінде қорлардың кеңейуі есебінен және қор қайтарышты өсуі есебінен есептеледі.

Қор қайтарымы есебінен өнім көлемінің өсімшесі келесі әдістер арқылы жүргізуге болады


1) абсолюттік ауытку әдісі

2) интергролдық әдіс.


Қор қайтарамының есебінен өнім көлемінің өсімшесінің үлесінің ресурстар есебінен өсімшесінің үлесінен асуы, өнім көлемінің өсу темпінің ресурс шығындарының өсу темпынен жоғары екенін көрсетеді.Бұл басқа да шарттар кезінде капиталмен, сатулардың рентабильділігінің өсуіне әкеледі.Қор қайтарышының өсуі кезінде , рентабельділіктің өсуінің маңызды шарты өнім көлемінің өндірілуі және сатылдының тепе теңдігін айтамыз. Себебі қор қайтарымы өндірілген өнім көрсеткіші бойынша есептелсе, рентабельділік сатудан түскен қаржы нәтижесін көрсетеді. Сонымен қор қайтарышы кәсіпорының тезнологиялық тиімділігін, ал рентабельділік экономикалық тиімділігін көрсетеді . Негізгі қор тиімділігін көрсететін тағы бір көрсеткіш қор сиымдылығы.

Бір теңге жалпы өнім көлеміне қанша теңге, негізгі қор сапасы шақ келетінін корсетеді. Негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу сапасы келесі формула арқылы анықталады

Негізгі қорлар құнының өсім қарқынының өнім көлемінің өсім қарқына қор сиымдылығының тағы бір көрсеткіші 1 пайыз өнім өсімшесіне негізгі қорлар өсімшесін анықтауға мүмкіндік береді. Егер бұл көрсеткіш 1-ден томен болса, онда бұл негізгі қорлар тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Өндірілген өнім колемінің осу қарқына құралдарың орташа құнының осу қарқынынан жоғарлауы қор қайтарымының осуіне экеледі.

Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерді.

Көрсеткіштер



Базистік жыл

Есептік жыл

Ауытқуы/+,-/

Өзгерту қарқыңы


1

Жалпы өнім көлемі мт

115000

12353


+853

1,0742


Өндірістік негізгі қор мт

9106


9388

+282


1,031
3

Қор қайтарымы

1,262

1,315


+0,053

1,041
4

Қор сиымдылығы

0,791


0,759

-0,032


0,959
Жалпы ондірілген өнімнің өсемшесі өндірістік потенциалдық кеңейуі әсерімен/ ол 356,2 мың тг / 282*1,263/ және осы пайдаланудың тиімділігінің өсуімен /ол 496,8 мың тг / 0,053*9,388// анықталады. Негізгі қорлардың кеңейуінің өнім көлеміне әсерінің үлесі келесідей анықталады. 356,2/853=0,418. Ал қор қайтарымының әсері 496,8 мың тг/ 853= 0,582 өнім көлеміне әсер еткен екі фактордың қатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуінің алғы шарты болып табылады. Қор сиымдылығының төмендеуі қорлардың салыстырманы үнемдеуінің барын қорсетеді.

Негізгі қорларға жұмсалған қаржыларды үнемдеудің басты факторы қор қайтарымының өсуі. Негізгі қолардың әртүрлі топтарының тиіммді пайдалануын анықтау үшін топ арсындағы қор қайтарышы ,жалпы қор қайтарышы активті бөлік қорлардың қайтарышы өндірістік негізгі қорлар қайтарышы есептемнеді. Кәсіпорынның технологиялық саясатын жобалау үшін негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсетніштерінің тереңдетілген факторлық талдауын жүргізу қажет.


Қор қайтарымының факторлық талдауы.
Қор қайтарымының жоғарлауына келесі факторлар әсер етеді.
1өндірістің механизациялығы, автоматизациялығы, прогрессивті технологияны пайдалану, құрал-жабдықтардың модернизациялығы.
2. құрал-жабдықтардың жұмыс уақытының ұзаруы.
3.техникалық процесс сураныстарына сай шикізат пен материалдардың сапалығын қамтамасыз ету және өндірістік персонал квалификациясын көтеру арқылы құрал жабдықтардың интенсивті жұмысын жоғарлату.
4. негізгі қорлар ішінде активті бөлігінің үлесінің осуі.
Құрал жабдықтарды пайдалануын талдау үшін қолдану дәрежесіне байланысты топтастырады.

Негізгі құрал-жабдықтардың топтастырылуы.

Есептегі құрал-жабдықтар

Авариялық , жоспардан тыс жөндеудегі

Есептегі құрал жабдықтарға кәсіпорын балансындағы техникалық жағдайына орнатылған орнына байланыссыз барлық құрал жабдықтар жатады. Орнактылған құрал жабдықтарға станоктар, агрегаттар, машиналар және жөндеуге модернизациялауға берілген құралдар жатады. Орнатылмаған құрал жабдықтарға орнатылатын және моральдық немесе физикалық тозуынан есептен шығарылатын құралдар жатады. Құрал жабдықтардың саны белгілі бір датаға немесе период ішіндегі орташа ретінде анықталады. Негізгі қорлардың жұмыс істеп жатқан бөлігінің қор қайтарымының моделі келесі корініске ие
Факторлар әсерін абсолюттік ауытқу әдісі арқылы есептеймыз.
1) негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесінің өзгеруі арқылы қайтарымының өзгеруі
2) жұмыс істеп тұрған құралдардың үлес салмағының өзгеруі есебінен қор қайтарымының өзгеруі.
3) жұмыс істеп тұрған негізінде қорлардың қор қайтарышының өзгерту әсерінен негәізгі қорлардың қор қайтарышының өзгеруі
Өсы факторлар әсерінің жиыны келесідей анықталады.
Қор қайтарымының өсуіне негізгі қорлар құрылымдағы өзгерустер әсер етеді.Бірақ жұмыс істеп жатқан негізгі қор қайтарымы төмендеп отыр.Оған әсер еткен факторлық келесідей есептеледі.
1.Сменалық жұмыстардың өзгеруі әсерінен

2 Құралдарды жұмсаудың өзгерту әсерінен

3.Бір бірлік құралдарға шақ орташа сағаттық өнім көлемі әсерінен

4.Бір бірлік құралдардың орташа құнының өзгерту әсерінен

5 Смена ұзақтығы және жұмыс күндер саны қор қайтарымына әсер етпейді. Себебі өзгеріссіз.

Факторлардың жиынтық әсері келесідей анықталады.

Сменалық және жумсалу коэффициентінің өсуі жұмыс уақытының жоғалтуының төмендеуін көрсетеді (күнделікті сменалық тұрып қалулар). Бұл қор қайтарышының өзгертуіне оң әсерін тигізіп отыр. Құралдарды жұмсауды көтеру нәтижесінде қор қайтарышы 0,264 тг өсіп отыр. Орташа сағаттық өнім көлемінің төмендеуі және бір бірлік құралдардың орташа құнының өсуі қор қайтарымына теріс әсерін тигізіп отыр.

Негізгі қорды қайта жаңғырту жоспарлау мен есептеу табиғи және құндық көрсеткіште іске асырылады. Табиғи өлшеуіштер кәсіпорынның өндірістік күштерін есептеуде, өндірістік процесті ұйымдастыруда, еңбек құралдарының техникалық жағдайын анықтауда және олардың сапалық түсіндірмелерінде, негізгі қор мен құрал-жабдықтардың салааралық және жоспарлы баланстарын өңдеуде қажет. Экономикада құндық көрсеткіштердің жүйесін қолдану кең пайдаланылады, бұл және нарық жағдайында ерекше дамыда.

Негізгі қорларды басқаруда құндық бағалаудың дифференциалдық жүйесі қолданылады, ол негізінен капиталдың құнын өлшеуді мақсатты бақылау арқылы анықталады.

Бұл ішкі өндірістік қызымет және нәтижені бақылау үшін, амортизацияны бөлу мен салықты есептеу үшін, сату мен жалға беруүшін, кепілдік операциялар үшін және т.б. үшін анықталады. Негізгі құралды бағалаудың базалық түрлері болып мыналар есептеледі: алғашқы, қайта тағайындау және қалдық құн. Негізгі қордың толық алғашқы құны еңбек құралдарын құруға және сатып алуға қазіргі жүріп жаттқан бағамен есептегендегі нақты шығынның сомасын көрсетеді. Еңбек құралдарын сатып алу немесе ққұру дегеніміз - ғимараттар мен құрылғыларды соғу, машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алу, тасу, орналастыру және монтаж жасау. Негізгі құралдардың толық алғашқы құны бойынша кәсіпорынның балансына қабылданады, және де еңбек құралдарының жұмыс істеу кезінде өзгеріссіз болады, ол тек кәсіпорынның қорын қайта бағалағанда қаралады немесе күрделі жөндеу және жаңалау кезінде өзгертіледі. Негізгі қордың амортизациясы да толық алғашқы құнымен есептеледі. Осы бағабойынша еңбек құралдары күнделікті шаруашылық қызыметі жоспарланады және ескеріледі. Негізгі қордың ағымдағы бағасымен тарифтері инфляция, сұраныс пен ұсыныс фаторларының әсерімен өзгеріп отырады. Уақыт өтуіне қарай негізгі қордың алғашқы құнында қарама-қайшылық пен үйлеспеу орыналады. Сол 1 станок немесе машинаның құны әр жылда әртүрлі болады .Негізгі капиталдың алғашқы құны оның нақты бағасын шаруашылық қызыметтің бүгінгі (ағымдағы) жағдайында көрсетуін тоқтатады. Негізгі қорды қайта жаңғырту процесін басқару қиындайды, кәсіпорынның коммерциялық қызыметінің дұрыс өмір сүруіне кедергілер пайда болады. Негізгі құралдардың алғашқы құнын қолдануда есептелетін көрсеткіштер (капитал қайтарымы, ұтымдылық, төлеу қабілеттілігі және т.б.), Олардың нақты деңгейін көрсете алмай қалады. Амортизацияны өзіндік құнды, сонымен қатар пайда мен салықты басқаруда ірі мәселелер тап болады. Негізгі қорды қайта бағалау қажеттілігі туады және оларды ортақ құндық өлшемдерге алып келеді.

Қайта тағайындалу құны қазіргі заманғы қайта бағалау мезетіндегі негізгі қорларды қайта жаңғырту бағасын көрсетеді. Бұл сонымен қатар қайта бағаланатын объектінің бағасы, тарифы және т.б. белгіленген мерзімде, қолданылатын номативтері бойынша құру мен тұтынуға кететін шығындарды көрсетеді.

Толық қайта тағайындау құны - сәйкес қайта бағаланып отыратын және еңбек құралдарын алу немесе тұтынуға икеткен есептелген шығынның сомасы.

Негізгі қордың қалдық құны толық алғашқы немесе толық қайта тағайындалу құны және есептелген тозу арасындағы айырмашылық, яғни есептелген тозу дегеніміз - еңбек құралдарының құнын ақшалай түрде дайындалатын өнімге аудару. Қалдық құн еңбек құралдарының тозу дәрежесі туралы түсіндіруге, оларды жаңарту мен жөндеуін жоспарлауға мүмкіндік береді. Өткізіліп жатқан қордың қайтабағалануды еңбек құралдарының әрбір бөлігі бойынша есептелген тозудың көлемі анықталады.

Баланстық құн - негізгі қорлар кәсіпорын балансында бухгалтерлік есептің олардың бар және қозғалыста екендігі туралы мәліметтерімен есептелетін құн. Кәсіпоынның балансында негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: яғни, қайта бағалау жүргізілген объектілер берілген мерзімге қайта тағайындалу құны бойынша есептеледі, ал қайтабағаланудан кейін тұтынылған жаңа еңбек құралдары алғашқы құн бойынша есептелінеді. Кәсіпорынның тәжірибелік жұмысында және әдістемелікмәліметтерінде баланстың құн көбіне алғашқы құн ретінде қаралады, себебі қайтатағайындау құны соңғы қайтабағалау кезінде осы мерзімдегі алғашқы құнымен сәйкес келеді.

Негізгі қорларды қайта бағалау 2 әдіспен жүргізіледі, эксперттік және баға индексі жүйісінің құралы. Кәсіпорында және салаларда эксперттік әдісін жүргізу үшін арнайы комиссиялар құрылады; комиссия құрамына тәжірибелі және білімді инжинер мен экономистерді қабылдайды. Негізгі қорлардың қайтатағайындау құнын эксперттік әдіспен анықтау, еңбек құралдарын объектілеп инвентаризациялық құралдарын анықтау еңбекті көп қажет ететін және қымбат тұратын шара.

айта бағалау индекстік әдісте объектінің баланстық құнын берілген негізгі қордың тобына арналған баға индексіне көбейтуге тең. Баға индексінің жүйесі үкіметтің арнайы жарлығында бекітілген. Осылай 1996 жылдың 1-қаңтарында қайта тағайындау құнын анықтау үшін бағаны есептеу коэффициенті 15 түріне бөлінген.

Бухгалтерлік есептің №6 стандартты бойынша негізгі қорларға 1 жылдан аса қызымет ететін өндірістегі материалдық активтерге жатады. Негізгі қорларды талдау үшін төлемдегі негізгі міндеттерді шешу қажет.
1. Негізгі қордың көлемін, құрамын, қозғалысын талдау;

2.Негізгі қордың жаңару, істен шығу, тозу, жарамдылық коэффициенттерін талдау;

3. Негізгі қордың орта жылдық құнын анықтау;

4. Негізгі қордың активтегі бөлігінің үлесін анықтау;

5. Негізгі қордың қор қайтарымын, қор сйымдылығы, қормен қамтамасыз ету көрсеткіштерін анықтау;

6. Қор қайтарымдылығының ауытқуына әсер ететін факторлардың шамасын талдаудың әдісі бойынша есептеу;

7. Өнімнің (қызыметтің, жұмыстың) өсу резервтерін есептеу;

8. Оптимальды басқару шешімдерін қабылдау;

Негізгі қордың құрылымын және қозғалысын талдау үшін №11-ші форманың мәліметтерін қолданамыз.

Жоғарыдағы кестенің мәліметтері бойынша негізгі қорлардың құрамы мен құрылымына баға беретін болсақ, яғни соның ішіндегі машина мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы 55,0 пайыздан 50,1 пайызға төмендеген, яғни 2002 жылмен салыстырғанда кеміген, ал көлік құралдары 2002 жыл салыстырғанда 2003 жыл 22961 теңгені құрап отыр, яғни 2002 жыл салыстырғанда 2003 жыл 9,3 пайызға азайған. Сонымен бұл жағдай ойдағыдай емес. Себебі машинамен құрал-жабдықтар өндіріс процесіне тікелей қатысады. Үйлер мен ғимараттардың үлес салмағы 2002 жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға кеміген. Сонымен негізгі қорлардың құрамымен құрылымын талдай отырып, мынандай қорытындыға келеміз. Олардың құрылымы ойдағыдай емес. Себебі негізгі қорлардың активті бөлігінің көлемі пассивті бөлігінің көлеміне қарағанда жоғары. Негізгі қордың құрылымының өзгеруі тікелей қор қайтарымдылығы көрсеткішіне әсер етеді.


1. Негізгі қордың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.

а) Негізгі қордың еңгізу коэффициенті


Фт
Ке =
Фж.а.
б) Істен шыққан негізгі қор коэффициенті
Негізгі қордың техникалық күй-жайына баға беру үшін бухгалтерлік баланстың мәлімтетерін (тозу сомасы, бастапқы құны, жыл басындағы, жыл аяғындағы) және ғ 11-ші форманың мәліметтерін қолданамыз.
Баланстық мәліметтер бойынша негізгі қордың жылдың аяғындағы құнын, динамикасын, жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуге болады.
1. Негізгі қордың жылдың аяғындағы құнын есептеу үшін.
Фж.а.=Фж.б. + Фт - Фш = 217717+44100-15892 =245925
Мұндағы: Фж.б.- жыл басындағы негізгі қор құны, Фт - келіп түскен
негізгі қор құны, Фш - істен шыққан негізгі қор құны.
Негізгі қордың орта жылдық құнын дұрыс дәл анықтау үшін төмендегі формуланы қолданамыз.

Фт Тт + Фш Тш


Ф = Фж.б. +


12
Мұндағы: Тт - келіп түскен негізгі қордың жұмыс істеген уақтысы (ай), Тш - негізгі қордың істен шыққаннан кейінгі уақтысы.
2. Негізгі қордың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер.
а) Тозу коэффициенті
И 8080 И 8704
К2000 = = =0,03 К2001 = = = 0,04
Ф 245925 Ф 217717
Мұндағы, И - тозу құны, Ф - негізгі қордың толық құны.
б) негізгі қордың жарамдылық коэффициенті.
Кжар= 1-Кт = 1-0,04 = 0,96.
Жоғарыда аталған көрсеткіштерге “Облжылукоммунқуат” МКК-ның мәліметі бойынша баға беру шін келесі кестені құрамыз.

Негізгі қордың техникалық күй-жайын талдау


Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Іс жүзінде

Ауытқуы (+,-)


2001

2002

Негізгі қордың бастапқы құны.

Негізгі қордың орта жылдық құны.

Тозу сомасы

Негізгі қордың жыл ішінде келіп түсуі.

Негізгі қордың істен шығуы.

Тозу коэффициенті

Жарамдылық коэффициенті
Жоғарыда берілген кестедегі мәліметтер бойынша талдау жасайтын болсақ негізгі қорлардың жыл ішінде келіп түсуі +35767 мың.теңгеге өскен (44100,0-8333,0), ал жыл ішіндегі негізгі қорлардың істен шығуы - 63572 мың. теңгеге кеміген. Яғни бұл кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың істен шығуының азаюы кәсіпорын үшін пайдалы болып саналады.

Тозу коэффициенті 2002 жылы 2001 жылға қарағанда +0,01 тг өскен. Тозу коэффициентінің оптималды мәні 0,5-тен аспауы керек. Сол себептен кәсіпорынның негізгі қорларының күойдағыдай.

Жарамдылық коэффициенті 2002 жылы 2001 жылға қарағанда +0,1 тг кеміген. Оның себебі, тозу коэффициентінің өсуінен болып отыр.

Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын оны жақсартудың маңызды резерві құрал-жабдықтарды пайдалануды жақсарту болып табылады. Талдау кезінде құрал-жабдықтардың тиімді пайдалануын екі жолмен анықтайды.

- экстенсивті (уақыт бойынша)

- интенсивті (қуаты бойынша)

Құрал-жабдықтардың экстенсивті пайдалануын келесі көрсеткіштер сипаттайды.
1. құрал-жабдықтардың саны

2. атқарылған станок сағаттары және құрал-жабдықтардың жұмысының сменалық коэффициенті.

Интенсивті пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер: бір станоктың бір сағатта шығарған өнімінің көлемі.

іс жүзінде атқарылған маш/сағ.

Кэ =

жоспар бойынша белгіленген маш/сағ.



іс жүзінде шығарылған өнім көлемі

КИ =


жоспар бойынша қуаттылығына

Осы аталған көрсеткіштер бойынша құрал-жабдықтардың тиімді пайдалануын талдаймыз.


Негізгі құралдардың пайдалануын талдау

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Нақты


Ауытқуы (+,-)

2001


2002

Өнім өткізуден түскен кіріс.

Негізгі құрлдардың орташа жылдық құны

Таза кіріс (зиян)

Негізгі құралдардың рентабельдігі

Қор қайтарымы

Қор сыйымдылығы

Кестеден қор сыйымдылығы -0,28 тг кеміген, қор қайтарымдылығының -0,30 теңгеге өсіп, 1,19 теңгені құрағанын айтамыз. Бұл көрсеткіштер негізгі құралдардың есеп жылдарында тиімді пайдаланылуын көрсетіп отыр.

Жеке факторлардың қор қайтарымына әсерлерін бағалау

Көрсеткіштер

өлш. бірл.

Іс жүзінде

Ауытқуы

(+,-)


Қызмет көрсетуден түскен кіріс

мың тг


238232

260240


+22008

Жалпы кіріс

мың тг

15889


45628

+30639


Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

мың тг


436975,5

458617,5

+21642,0

4.


Қызметкерлердің орташа тізімдік саны

адам


472

483


+11

5.


Қызметкерлердің қормен қамтамасыз етілуі

мың тг


925,8

949,5


+23,7

6.


Негізгі қорлардың 1 мың теңгесінің қор қайтарымы (1:3)

тг


0,55

0,57


+0,02

7.


Қор сыйымдылығы

тг


1,83

1,76


-0,07

8.


Негізгі қорлардың рентабельдігі (2:3)

%

3,64



9,95

+6,31


Кестеде берілген мәліметтерде негізгі қорлдардың орташа жылдық құнының өткен жылмен салыстырғанда есеп жылында 21642,0 мың теңгеге артқаны көрінеді. Негізгі қорлардың 1 мың теңгесінің қор қайтарымы есеп жылында 0,02 теңгеге көбейген. Бұл қызмет көрсетуден түскен кірістің 2 2008 мың теңгеге өсуімен, көрсетілген қызметтің қор сыйымдылығының 0,07 теңгеге кемігенімен байланысты болған. Негізгі қорлардың рентабельдігі 3,64%-тен 9,95%-ке дейін көбейгені есеп жылында 6,31%-ке өскенін көрсетеді.

Қызметкерлердің есеп жылындағы қормен қамтамасыз етілуі өткен жылмен салыстырғанда 23,7 мың теңгеге өсіп, 949,5 мың теңгені құрауы, кәсіпорындағы қызметкерлердің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуінің өскенін көрсетеді.



Тақырып 8:Материалдық ресурстардың пайдалануын талдау

  1. Талдаудың міндеттері мен ақпараттық көздері

  2. Шаруашылық субъектінің материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

  3. Материалдар шығындарының нормасын талдау

  4. Материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын талдау

Кәсіпорынды ұйымдастырудағы қажетті шарт ретінде оның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі қарастырылады.

Материалдық қорларға:шикізат, материал, отын, энергия, жартылай фабрикаттар. Қолдану кезінде бұл қорлар материалдық шығындарға трансформацияланады. Сондықтан осы қорларды үнемдеп жұмсау өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Материалдық қорларды рационалды пайдалану арқылы өнімнің өзіндік құны төмендетіліп рентабельділік пен пайданың өсіру факторы болып табылады.

Талдаудың актуалды міндетіне еңбек өнімділігінің өсу қарқынын анықтау кезіндегі қолданылатын ресурстар көлемін төмендету жатады. Материалдық қорларды рационалды пайдалану және үнемдеу варианттарын іздестіру талдаудың негізгі мәні болып табылады.

Материалдық қорларды талдаудың негізгі этаптары:

1. Материалдық қорларды тиімдіпайдалануына баға беру.

2. Материалдық қорларды тиімді пайдалануының материалдық шығындардың көлемінің әсеріне баға беру.

3. Кәсіпорынның материалдық қорлардың қамтамасыз етілуін талдау.

4. Материалдық техникалық қорлардың шығындалу нормаларының негізделгендігін талдау.

5. Материалдық қорларға оптималды қажеттілікті талдау.

Материалдық қорларды талдаудың ақпарат көздеріне келесілер жатады:

1)Материалдық қорлардың барымен пайдалану туралы есеп берулер.

2)Өндіріс шығындары туралы есеп берулер.

3)Материалдық техникалық қамтамасыз етілуі оперативтік мәліметтері.

2) Материалдық қорлардың түсуі, шығындалуы, қалдығы жайлы бухгалтерлік есеп мәліметтері.

3) Материалдық қамтамасыз етілудің жоспары.

4) Шикізат пен материалдарды жеткізу келісім шарттары.

Материалдық қорлардытиімді пайдалануына баға беру. Көрсеткіштер жүйесі арқылы экономикалық жұмыс тәжірибесінде жасалады. Материалдық қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері: жеке және жалпы болып бөлініді.

1)Жалпы көрсеткіштерге: өнімнің материал сиымдылығы, материал қайтарымы, өнімнің өзіндік құнының ішіндегі материалдық шығындар үлесі, материалдық қорларды пайдалану коэффициенті.

2)Жеке көрсеткіштер: материалдық қорлардың жеке элементтерін пайдалану тиімділігіне мінездеме беру үшін пайдаланылады.

Бұл көрсеткіштер натуралды, натуралды- құндылықты, құндылықты болып көрсетіледі.

1) Өнімнің материалджық сиымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнім құнына қатынасы ретінде анықталады да, әр бір теңге өнімге шақ материалдық шығындар сомасын көрсетеді.

2) Материал қайтарымы – Мс кері көрсеткіш 1тг.

3) Барлық шығындар ішіндегі материалдық шығындар улес салмағы материалдық шығындардың барлық шығындарға қатынасымен анықталады.

4) Материалдық қорларды пайдалану коэффициенті деп – бұл нақты материалдық шығындар сомасының жоспарлы материалдық шығындар сомасына қатынасын айтамыз. Бұл көрсеткіш арқылы материалдар шығындарының нормаларын сақталуын көрсетеді.

Егер коэффициент 1-ден жоғары болса материалдардың үстеме шығындалуы, ал 1-ден төмен болса материалдық қорлардың үнемделуін көрсетеді.

Материалдық қорлар пайдалануына объективті бағаны материал сиымдылығы көрсеткіш береді. Бұл көрсеткіш материалдық шығындар сомасын анықтайды. Егер материал сиымдылығы өссе – материалдық шығындар да өседі, ал төмендесе- материалдық шығындар да төмендейді.

Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеу шартта материалдық қорлармен толық қамтамасыз етілуі жатады. Кәсіпорынның материалдық қорларға қажеттілігі өндірістік бағдарламаны орындау қажеттілігімен анықталады. Запастардың түзілуіне қажетті материалдық қорлар 3 бағамен анықталады.

1) натуралджы бірліктермен (қойма қажеттілігін есептеу үшін)

2) құны бойынша (айналым қорларына қажеттілікті анықтау үшін)

3) қамтамасыз етілу күндерімен (жеткізу графигін жоспарлап оның орындалуын қадағалау үшін)

1. Кәсіпорынның запастармен (құндылықтармен) қамтамасыз етілуінің күндері келесідей есептеледі.

2. Орташа күндік материалдық шығындар материалдық қорлар шығынның сомасын периодтағы календарлық күндер санына қатынасымен есептеледі. Материалдық қорлармен қамтамасыз етілуді талдау кезінде келесілер ескерілуі тиіс:

1) материалдық қорлар қажеттіліктерін қамтамасыз етілуді материалды жеткізу келісім шарттармен қамтамасыз ету дәрежесі.

2) Жеткізулердің ырғақтылығы және бағдарламаның орындалуына жеткізудегі қателіктер әсері.

3) Жоспарлы тауарлы қорлардың нақты мәліметтерге сәйкестігі.

4) Материалдық қорлардың толық қамтамасыз етілмеу салдарынан өндіріс көлемінің төмендеуі.

Материалдық шығындардың

құралы және құрылымы.

Материалдық шығындар



2000ж

2001ж


ауытқуы
м.тг

%

м.тг



%

абс.


сал.

1

Тұқым егілетін материал



914

8,2


2116

17,1


1202

131
2

Минералды тыңайтқыш

294


2,6

152


1,2

142


48,3%
3

Жанар жағармай

3333

29,8


2686

21,8


647

19,4
4

Электроэнергия

127


1,1

0

127



100
5

Қосалқы бөлшектер

1480

13,2


1590

12,9


110

7,4
6

Басқалары

5033


45,1

5,778


47,0

745


14,8

Барлығы


111,81

100


12322

100


1141

10,2
Келесі кестеден көріп отырғанымыздай өндірістік кооперативтік 2000-2001 жылдар ішінде материалдық шығындар құрамында да, құрылымында да өзгерістер байқалады. Жеке айтар болсақ 2001 жылы тұқымға 2000 жылға қарағанда 12002 мың теңге немесе 131%көп жұмсалған. Бұл қосымша өсімдіке шаруашылығының өнімдерін: жаздық арпа,жүгері, қант қызылшасы, сафлор өндірумен және өнім көлемін өсірумен байланысты болған. Жалпы құрамы бойынша материалдық шығындардың келесі түрлері бойынша азайған: минералды тыңайтқыштар, жанар жағармай. Бірақ жылдық көрсеткіш бойынша 2001 жылы материалдық шығындар 1141 мың теңгеге (12322-11181), яғни 10,2 % ке өсіп отыр.

Үлес салмағы бойынша талдау жүргізсек, 2001 жылдағы материалдық шығындар ішінде ең көп үлесті басқалар тобы алып отыр 47%, содан кейін жанар жағармай – 21,5%, тұқым – 17,1, қосалқы бөлшектер – 12,9%, минералды тыңайтқыш – 1,2%.

Өнім өндіру, оның өзіндік құнын төмендету, пайданы рентабельдікті өсіру бойынша жоспарды орындаудың қажетті шарты. Кәсіпорынды шикізатпен, материалдардың қажетті ассортиментімен, сапасымен, толық және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін энтенсивті жолмен (материалдармен энергиялардың көп данасын сатып алу немесе жасап шығару) немесе энтенсивті жолмен (өнімді өндіру процесінде бар құндылықтарды үнемдірек пайдалану).

Бірінші жол өнімнің бір данасының материалдық шығындар үлесінің өсуіне әкеп соғар; бірақ оның өзіндік құны өндіріс көлемінің ұлғаюы және тұрақты шығындарының үлесінің азаюы есебіне төмендеуі мүмкін. Екінші жол материалдар шығындары үлесінің қысқаруын және өнім данасының өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Шикізат, материалдар және энергияны бір үнемді пайдалану олардың өндірісінің ұлғаюына сеп болады.

Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және пайдаланудың міндеттері:

а) материалдық техникалық жабдықтау жоспарының растығын, олардың орындалу деңгейін және өнімді өндіру көлеміне, оның өзіндік құнымен басқа көрсеткіштеріне әсерін бағалау.

б) материал ресурстарын тиімді пайдалану деңгейін бағалау.

в) материал ресурстарын үнемдеудің ішкі өндірістік резервтерін және оларды пайдалану бойынша нақты шаралар жасау.

Материалдық ресурстарды талдаудың ақпарат көздеріне материалдық техникалық жабдықтау жоспары, өтініштер, шикізат және материалмен жабдықтауға келісім – шарт, материалдық ресурстардың нақты бары және пайдаланылуы туралы, өндіріске шығындалуы туралы статистикалық есептер, материалдық техникалық жабдықтау бөлімінің оперативтік мәліметтері, аналитикалық бухгалтерлік есептің материалдық ресурстардың келіп түсуі, шығысы және қалдығы туралы мәліметтері және т.б.

Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау кезінде бірінші кезекте материалдық техникалық жабдықтау жоспарының сапасын тексереді. Жоспардың нақтылығын тексеруді кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттіліктерін есептеу негізінде жасалған нормалар мен нормативтерді зерттеуден басталады. Осыдан кейін өнім өндірудің қажеттіліктерін жабдықтау жоспарына материалдардың шығындары прогрессивтік нормаларына қажетті қорлардың құрылуы тексеріледі. Кәсіпорынның кідіріссіз жұмысының маңызды шарты материалдық тесурстарға деген қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету болып табылады. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көздері бар. Сыртқы көздеріне жасалған шарттарға сәйкес жабдықтаушылардан келіп түсетін материалдық ресурстар жатады. Ішкі көздері - бұл шикізат қалдықиарын қысқарту, қайтарма шикізатты пайдалану, меншіктік өндірісте дайындалған материалдар мен шикізаттар, ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін ендіру нәтижесінде материалдарды үнемдеу.

Сыртттан алып келінетін материалдық ресурстарға нақты қажеттілік, бұл белгілі бір материалдарға жалпы қажеттілік пен оны жабудың меншіктік ішкі көздерінің сомалары арасындағы айырма.

Талдау барысында сонымен қатар материалдық ресурстармен жабдықтауға жасалған келісім – шарт негізінде қажеттіліктерін қамтамасыз ету және олардың іс жүзінде орындалуы тексеріледі. Жоспар бойынша қамтамасыз ету коэффициенті қажеттіліктерді жабу көздерінің жоспар бойынша қажеттіліктерге қатынасына тең болады.

Сонымен қатар, жабдықтаушылардан алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттарға және келісім – шарт талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыспен және кооперациялық жабдықтаумен берілген материалдармен жабдықтаудың орындалуын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.

Материалдармен жабдықтау мерзімі бойынша жоспардың (ырғақтылық) орындалуына ерекше назар аударылады. Жабдықтау мерзімінің бұзылуы өнімді өндіру және өнімді сату бойынша жоспардың орындалуына әкеліп соқтырады. Жабдықтаудың ырғақтылығын бағалау үшін ырғақтылық коэффициенті, вариация коэффициенті қолданылады.

Шикізат пен материалдардың қоймадағы қорының жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Қорларды ағымдағы, маусымдық және сақтандыру деп бөледі. Ағымдағы қордың мөлшері жабдықтау интервалы (күнмен) және і-материалының орташа тәуліктік шығындарына байланысты:
МҚағым = Инт * Штәулік
Талдау процессінде шикізат пен материалдардың маңызды түрлерінің нақты мөлшерінің нормаға сәйкестігі тексеріледі. Осы мақсатпен материалдардың табиғи өлшеммен нақты бары және олардың орташа тәуліктік шығыны туралы мәліметтері негізінде материалдармен іс жүзінде қамтамасыз етілуінің күндері есептелінеді, және оны нормамен салыстырады.

Сонымен қатар, шикізат пен материалдар қорының жағдайы, артық және қажет еместерін анықтау мақсатында зерттеледі. Оларды қойма есебінің мәліметтері бойынша кірісері мен шығыстарын салыстыру арқылы анықтауға болады. Егер кейбір материалдар бойынша жыл ішінде шығындар болмаса, онда оларды қажетсіздер тобына жатқызып, жалпы құнын есептейді.

Қорытындысында өнімді өндіру көлемінің әр түрі бойынша өсімі (кемуі) мыналардың әсерінен өзгеруі анықталады.
Материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін бағалау

Көрсеткіштер

2003

2004


Ауытқуы
(+,-)
1. Шикізат пен материалдар

4434,8


3,7

5901,0


4,7

+1466,2
2. Отын

84989,8

71,3


81737,1

65,8


-3252,7
3.

Энергия


27796,8

23,3


31409,3

25,3


+3612,5
4.

1930,9


1042,7

1,7


0,9

5197,8


1367,6

4,2


1,1

+3266,9


+324,9

жиыны


119152,3

100


124245,2

100


+5092,9
Кестеде берілген мәліметтерден есеп жылында өткен жылмен салыстырғанда жалпы материалдық шығындардың 5092,9 мың тг. өсіп 124245,2 мың тг. құрағанын көреміз. Жалпы материалдар жиынының ішінегі үлес салмағы жоғары отынның 3252,7 мың теңгеге, үлес салмағының 5,5 %-ке кемуі жалпы жиынға әсері елеусіз болып отыр. Басқа материалдардың барлығының үлесі мен сомасы жөнінен өткен жылмен салыстырғанда есеп жылы өскенін көреміз:
Шикізат пен материалдар 1466,2 мың теңгеге үлес салмағы 1,0 %-ке,

Энергия 3612,5 мың теңгеге үлес салмағы 2,0 %-ке,

Орындалған жұмыс, қызмет 3266,9 мың теңгеге үлес салмағы 2,5 %-ке көбейген. Бұл мәліметтерден біз кәсіпорынның материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуінің жалпы алғанда қалыпты жағдайда болғанын көреміз.

Материалдық ресурстардың тиімді пайдалануын сипаттау үшін жалпы және жеке көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.

Жалпы көрсеткштерге материалдық шығындардың бір теңгесіне келетін табыс, материал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өндіріс көлемі және материал шығындарының өсу қарқыны арақатынасы коэффициенті, өнімнің өзіндік құныныдағы материал шығындарының үлес салмағы, материалдарды пайдалану коэффициенті жатады.

Материал қайтарымы өндірілген өнім құнын материал шығындары сомасына бөлумен анықталады. Бұл көрсеткіш материалдардың қайтарымдылығын сипаттайды, яғни әрбір пайдаланылған материал ресурстарының теңгесінен қанша өнім өндірілген.

Өнімнің материал сиымдылығы – материал шығындары сомасының өндірілген өнімнің құныныа катынасы- өнімнің бір данасын өндіруге қанша материал шығындалады немесе нақты қажет болатынын көрсетеді.

Өндіріс көлемі және материал шығындарының өсу қарқыны ара-қатынасы коэффициенті жалпы немесе тауарлық өнімнің индексінің материал шығындары индексіне қатынасымен анықталады. Ол қатысты шамамен материал қайтарымы динамикасын сипаттайды және бір мезгілде оның өсу факторларын ашып көрсетеді.

Өнімнің өзіндік құныныдағы материал шығындарының үлес салмағы материал шығындары сомасының өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материал сыйымдылығы өзгерісін сипаттайды.

Материал шығындарының коэффициенті материал шығындары сомасының шығарылған өнімнің нақты көлеміне келтірілген жоспарлық сомасына қатыныасын көрсетеді. Ол материалдар өндіріс процессінде қаншалықты үнемді пайдаланылуын, олардың бегіленген нормамен салыстырғанда артық шығындалу орын алмауын көрсетеді. Егер коэффициент бірден жоғары болса, онда өнім өндіруге материал ресурстарының артық шығындалуын көрсетеді және керсінше егер бірден төмен болса, онда материалдық ресурстар үнемдірек пайдаланылған.

Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері материал ресурстарының жеке түрлерінің тиімді пайдалануын сипаттау үшін, сонымен қатар жеке бұйымдардың материал сыйымдылығы деңгейін сипаттау үшін қолданылады.

Үлестік материал сыйымдылығы құндық өлшемен (барлық пайдаланылған материалдар құнының көтерме бағасымен өнім данасына қатынасы) және табиғи немесе шартты табиғи өлшеммен (өнімнің і-түрін өндіруге шығындалған материал ресурстарының данасы немесе салмағаның осы өнім түрінің шығарылған данасына қатынасы) есептеледі.

Талдау процессінде материалдарды тиімді пайдалану көрсеткіштерінің нақты деңгейін жоспармен салыстырады олардың динамикасын өзгеру себептерін зерттейді және өнім өндіру көлеміне әсерін бағалайды.

Материал сыйымдылығы материал қайтарымы сияқты бірінші кезекте өнім шығару көлемімен оның өндірісіне материал шығындары сомасына байланысты. Құнық өлшеммен жалпы өнім өнірілген өнім данасы, оның құрылымы және босату бағасының деңгейі есебінен өзгереді. Материал шығындарының сомасы сонымен қатар өндірілген өнім көлеміне, оның құрылымына, өнім данасына материал шығындарына және материал шығындарының данасымен олардың құнына байланысты болатын тұрақты материалдарының сомасына тәуелді. Қорытындысында жалпы материал сиымдылығы өндірілген өнім көлеміне, оның құрылымына, өнім данасына материалдар шығынның нормасына, материал ресурстарының бағасына және өнімнің босату бағасына тәуелді.

Материал қайтарымы немесе материал сыйымдылығына бірінші қатардағы факторлардың әсерін тізбекті ауыстыру әдісімен анықтауға болады.
Осыдан кейін жалпы материал сыйымдылығының құрамдас бөлігі ретінде жеке материал сыйымдылығы көрсеткіштерін талдау қажет. Басты назар өнімнің бір данасына шикізат шығыны үлесінің өзгеру себептерін зерттеуге және оны қысқарту резервтерін іздестіруге бөлінеді.Өнімнің бір данасына шығындалған материалдар ресурстарының данасы материалдар сапасы, бір түрін басқасымен алмастыру, өндірістің техникасы мен технологиясы, материалды-техникалық жабдықтау және өндірісті ұйымдастыру, қызметкерлердің мамандануы, шығын нормасы өзгерісі, қалдықтары мен жоғалтулар және т.б. есебінен өзгереді. Бұл себептер шараларды енгізу туралы акт бойынша, шараларды енгізуден шығындар нормативтерінің өзгерістері туралы хабарландырумен және т.б. белгіленеді.

Шикізат пен материалдардың құны сонымен қатар олардың сапасына, топ ішінің құрылымына, шикізат нарығына, оларға бағаның инфляцияға байланысты өсуіне, көлік дайындау шығындары және т.б. байланысты.

Материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың өнім өндіру көлеміне әсерін жіктеудің әртүрлі деңгейімен анықтауға болады. Бірінші деңгей факторлары пайдаланылған материалдық ресурстар сомасының және оларды пайдалану тиімділігінің өзгерістері болып табылады:

ЖӨ = МШ * МҚ, немесе

ЖӨ = МШ / МС,

Мұндағы МШ - өнім өндіруге кеткен материал шығындары, МҚ - материал қайтарымы.

Өнім шығару көлеміне факторларының әсерін бірінші модель бойынша есептеу үшін тізбекті ауыстыру, абсолюттік айырма, қатысты айырма, индекстік және интегралдық әдістерді, ал екінші модель бойынша тек қана тізбекті ауыстыру немесе интегралдық әдісті қолдануға болады.

Егер материал қайтарымы (материал сыйымдылығы) неден өзгергені белгілі болса, өнім шығару қалай өзгергенін есептеу қиын емес. Ол үшін материал қайтарымы і-факторы есебінен көбейуін материал шығындарының нақты сомасына көйту қажет. өнім өндіру көлемінің материал сыйымдылығын анықтайтын факторлардың әсерінен өзгеруі тізбекті ауыстыру әдісінің көмегімен белгіленеді.

Материалдық құндылықтардың тиімді пайдаланылуын талдау

Көрсеткіштер

2003

2004


Ауытқуы

(+,-)


1. Қызмет көрсетуден түскен кіріс

203411,6

134705,4

-68706,2


2.

Материалдар шығыны

119152,3

124245,2

+5092,9

3.


Материал қайтарымы

1,71


1,08

-0,63


4.

Материал сыйымдылығы

0,59

0,92


+0,33
Кесте мәліметтерінен 2004 есеп жылында материалдық шығындар 5092,9 мың теңгеге көбейіп, 124245,2 мың тг. құрағанын көреміз. Қызмет көрсетуден түскен кірістің материалдық шығындарға қатынасы ретінде анықталатын, материал қайтарымы есеп жылында өткен жылмен салыстырғанда 0,63 тг. кеміп, 1,08тг. құрады. Бұл көрсетілген қызметтің материал сыйымдылығы 0,33 тг. (0,92-0,59) өскені себебінен болған.

Кеседе берілген мәліметтер есеп жылындағы материалдық шығындар сомасының өсуі қызмет көрсетудің 8708,86 мың тг. (5092,9х1,71) көбеюіне, ал материал қайтарымының азаюы қызмет көрсетудің 78274,48 мың тг. (124245,2х0,63) кемуіне әсер еткен. Факторлардың әсер етуінің сомасы -68706,2 мың тг. құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет