ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



бет4/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,77 Mb.
#18597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық талдау түсінігі?

2. Талдаудың кәсіпорынды басқарудағы және оның қызметінің өнімділігін артырудағы атқаратын ролі?

3. Шаруашылық қызметінің талдауының қарастыратын мәселесі?

4. Шаруашылық қызметінің ғылым ретінде талдауы туралы түсінік?

5. Шаруашылық қызметінің талдауының құралы мен объектісі?

6. Шаруашылық қызметінің талдау түрлерінің классификациясы қандай ұғымды береді?

7. Қандай талдау түрі үлкен мағынаға ие: ретроспективті немесе перспективті, оперативті немесе нәтижелік?

8. Шаруашылық қызметінің негізгі принциптерін ата және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

9. Шаруашылық қызметінің талдауының басқа ғылымдармен байланысы неден туындайды.



Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
2. тақырып. Басқаруды талдауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер

1. Талдау әдісі және оның сипаттық ерекшеліктері.

2. Жүйелік ыңғай және өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жасау.

3. Басқаруды талдауда экономикалық ақпараттарды өңдеудің дәстүрлі тәсілдері.

4. Факторлық талдау әдістері.

5. Детерминирлік талдаудағы факторлардың әсерлерін өлшеу тәсілдері.

6. Резервтердің экономикалық мәні, іздестіруді және есептеуді ұйымдастыру.

Әдістерді кеңінен қарастыратын болсақ, танымның жалпылама диалектикалық әдісінің негізінде базаланатын затты танып білудің әдісі деп қарастыруға да болады. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді міндетті түрде тұрақты қозғалыста, өзгерісте және даму үстінде қарастыру керек.

Басқаруды талдау әдісінің мінездемелік ерекшеліктері:

- экономикалық құбылыстарды өлшеуге арналған көрсеткіштер жүйесін қолдану;

- талданушы құбылыстың ерекшеліктеріне байланысты баға өлшеуіштерін таңдау;

- факторлардың пайда болуы және өлшенуі, олардың математикалық, статистикалық, есептік әдістерін қолдану көмегі арқылы нәтижелік көрсеткішке әсеріне өзара байланысы.

Талдау әдісінің әдістемелік белгілері:

- салыстыру тәсілін қолдану;

- талдау тек ғана себеп-салдар байланысын орнатып қана қоймайды, сонымен қатар, оларға сандық сипаттама береді;

- ішкі қарама-қайшылықты, әрбір құбылыстық жағымды және жағымсыз жақтарын оқып білу қажеттілігі;

- зерттеудің жалпы әдістемелік тәсілдерін қолдану: индукция және дедукция тәсілдері.

- талдау объектісін оқып білудің жүйелілігі мен кешенділігі;

- экономикалық құбылыстың құрамдас бөліктерінің детальдануы. Ол зерттелінетін объектінің негізін түсіндіру үшін өте қажет;

- элементтердің жүйеленуі олардың өзара байланысын, өзара әсерін, өзара тәуелділігін және бағыныңқылығын оқып үйрену негізінде жүргізіледі. Бұл - зерттелінетін объектінің моделін құруға, талдаудың зерттелуші көрсеткішті және осы көрсеткіштің ішкі байланыстарын оқып үйрену үшін арнайы логикалық - әдістемелік схемасын толығымен ашып зерттеуге мүмкіндік береді;

- жалпылық (синтез)- көптеген зерттелуші факторлардың арасынан типті факторды бөліп алуға, негізгісі мен шешушісін таңдауға мүмкіндік береді;

Экономикалық құбылыстарды оқып үйрену үшін жүйелік ықпалдың мәнін анықтап алуымыз керек. Жүйелік ықпал – бұл экономиканы талдау айқындамасынан алғанда бүтін бірлік ретінде кешенді оқу. Ол объектіні тереңірек оқып білуге, ол туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді және бұл объектінің жеке бөлімдері арасында себеп-салдар байланысын анықтайды.

Жүйелік ықпалдың негізгі ерекшеліктері:

- динамикалылығы;

- өзара қызметі;

- жүйе элементтерінің өзара тәуелділіктері мен өзара байланыстары;

- кешенділігі;

- бүтіндігі;

- бағынушылығы;

- бастаушы звеноны белгілеу;

Жүйелік ықпал анықталған басымдылыққа ие: шаруашылық есептерді шешудің ғылыми негізделген нұсқасын өңдеуге мүмкіндік береді, осы нұсқалардың нәтижелілігін анықтайды, мақсатқа лайықтырақ басқару шешімдерін таңдайды, резерфтерді іздеу схемасын, шаруашылықтандырудың нәтижелерінің объективті бағасын, оперативтілікті, әрекеттілікті, талдаудың нақтылығын және оның нәтижесін қамтамасыз етеді.

Жүйелік ықпал оның қолдануының кезеңдерін қарастырады:

1. кезең: жүйенің функциялануының мақсаттарын анықтау, басқа да жүйелермен өзара байланысын анықтау;

2. кезең: барлық элементтер мен өзара байланыстарға сапалы да толық баға беретін көрсеткіштерді таңдау;

3. кезең: жүйенің негізгі компоненттерін, өзара байланыстарын және олардың арасындағы бағыныңқылығын орнату;

4. кезең: жүйенің экономикалық, математикалық модельдерін тұрғызу;

5. кезең: шаруашылық қызметтің нәтижелерін объективті бағалау, өндірістің нәтижелілігін көтеру үшін арнайы резервтерді енгізу.

Сонымен, жүйелік ықпалдың шаруашылық қызметіндегі негізгі құндылығы – ол логикалық – математикалық схеманы тұрғызуға мүмкіндік береді, онда көрсеткіштер мен факторлар арасындағы ішкі байланыстар көрсетіледі.

Талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің нақты әдістемелер қатары арқылы пайда болады. Әдістеме арқылы әдістер жиыны, қандай да бір жұмыстың мақсатқа лайықты орындалу ережелері түсіндіріледі.

Басқаруды талдауда әдістеме экономикалық құбылыстарды зерттеудің аналитикалық ережелер жиынынан, талдау мақсатының жетістіктеріне бағынышты шаруашылық қызметінің процестерінен тұрады.

Талдаудың жалпы және жеке әдістемесін ажыратады.

Жалпы әдістеме – бұл ұлттық экономиканың түрлі секторларындағы экономикалық талдаудың түрлі объектілерін оқып білуде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі.

Жеке әдістемелер экономиканың анықталған секторларын, өндіріс типін, зерттеу объектісін, талдау түрін нақтылайды.

Шаруашылық қызметін талдауда түрлі әдістер қолданылады, олар келесі схемада көрсетілгендей түрде болады:

1. Дәстүрлі тәсілдер:

1.1. салыстыру

1.2. қатысты және орташа өлшемдер

1.3. мәліметтердің графикалық және кесте түріндегі көрінісі

1.4. топтастыру

1.5. балансты

1.6. эвристикалы әдістер

2. Детерминирлі факторлы талдау тәсілдері:

2.1. тізбекті алмастру

2.2. абсолютті айырмашылық

2.3. қатысты айырмашылық

2.4. индексті

2.5. интегралды

2.6. пропорционалды бөлінім

2.7. логарифмдеу

3. Стохастикалық факторлы талдау тәсілдері:

3.1. корреляциялы талдау

3.2. дисперсиялы талдау

3.3. компонентті талдау

3.4. дискриминантты талдау

3.5. көп өлшемді

4. Есептерді тиімді шешу әдістері:

4.1. сызықты және сызықты емес программалау

4.2. ойын теориясы

4.3. массалы қызмет көрсету теориясы

4.4. операцияны зерттеу

Талдауда кеңінен таралған - дәстүрлі әдістер болып табылады.

Салыстыру әдістері экономикалық құбылыстарда жалпы және спецификаны анықтауға, зерттелуші объектінің өзгерістерін, олардың дамуының заңдылықтары мен тенденциясын оқып білуге мүмкіндік береді. Жоспардың орындалуының дәрежесін бағалау үшін фактілі көрсеткіштерді жоспарлы көрсеткіштермен салыстырады, ал бақылау жүргізу үшін болса резервті көрсеткішті нормативтімен салыстырады. Экономикалық процестердің даму тенденциясын анықтау мақсатында есеп беру периодының фактілі көрсеткіштері бұрынғысымен салыстырылады. Қолданылмаған резрфтерді анықтау үшін, қол жеткізілген нәтиженің бағасы, талданушы кезеңнің көрсеткіштері орташа көрсеткіштермен салыстырылады. Қызмет нәтижесін фактордың өзгеруіне дейін және фактордың өзгерісінен кейін салыстыру факторлар әсерін есептеуге және резерфтерді қайта санауға мүмкіндік береді. Резерфтерді іздеу үшін талданушы кәсіпорынның көрсеткіштері тәжірибенің ғылыми жетістіктерімен салыстырылады. Шешімнің бір нұсқасының басқа да түрді нұсқалармен салыстырылуы тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Экономикалық құбылыстар мен процестер абсолютті және қатысты өлшемдерде сипатталады. Абсолютті көрсеткіштер құбылыстардың сандық өлшемдерін өлшем бірліктермен, салмақпен, көлемімен, ұзақтығылымен, ауданымен, құнымен көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер зерттелініп отырған құбылыс өлшемін қандай да бір басқа құбылыстың өлшемімен көрсетеді немесе осы көрсеткіштің өзінің өлшемімен көрсетеді, бірақ басқа уақыт бойынша алынған немесе басқа объект бойынша көрсетеді. Қатысты өлшемдер коэффициенттер мен пайыз формасында беріледі. Талдауда қатысты өлшемдердің бірнеше түрі қолданылады: болжам, жоспардың орындалуы, динамикасы, құрылымы, координаттары, интенсивтілігі, нәтижелілігі.

Орташа өлшемдер қандай да бір белгісі бойынша біртекті құбылыстар жиынының жалпылама сандық сипаттамасы үшін қолданылады, сонымен қатар бір ғана санмен объектінің барлық жиынын сипаттайды. Талдау практикасында орташа өлшемдердің бірнеше түрлері қолданылады (қарапайым және өлшенген орташа арияметикалық, орташа гармоникалық, орташа хронологиялық және т.б.). Орташа өлшемдерді қолдану кезінде есте ұстайтын мәселе, олар массалы мәліметтерге сүйене отырып құбылысқа жалпылама сипаттама береді. Олардың бар күші мен кемшілігі осында.

Кеңінен қолданылатын – ақпаратты топтастыру – яғни, зерттелініп отырған объект жиынының массасын сәйкес белгілері бойынша санды біртекті топтарға бөлу болып табылады. Талдаудың мақсатына байланысты типологиялық, құрылымдық, аналитикалық топтастырулар қолданылады. Типологиялық топтастыруға мысалы ретінде қызметі бойынша халық топтарын, меншігі бойынша кәсіпорындар топтарын алуға болады. Құрылымдық топтастыру көрсеткіштердің ішкі құрылымын зерттеуге, ондағы жеке бөлімдердің қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен жұмысшылар құрамын мамандықтары бойынша, жұмыс өтілі бойынша, жасы бойынша, норманы орындау мүмкіндігі бойынша зерттейді. Аналитикалық топтастыру зерттелінуші көрсеткіштердің өзара байланыс формасы мен бағытын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топтастыру негізделген белгілердің сипаттамалары бойынша, ол сапалы немесе сандық болуы мүмкін (егер белгі сандық түрде болмаса). Құрылу күрделілігіне байланысты топтастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз, яғни: жай және комбинациялы. Жай топтастырудың көмегімен құбылыстар арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Комбинациялы топтастыруда мұндай зерттелуші жиынның бөлінуі басынан бастап, бір – бір белгісі бойынша жасалады, ал сосын әр топтың ішінде - басқа белгілері бойынша жасалады. Сонымен, екі не үш деңгейлі топтастыру құрылуы мүмкін. Олар өте көп түрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.

Индексті әдіс – индекстер анализі мен құрылуға негізделген, статистикалық зерттеу әдісі, ол күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды салмақтауға мүмкіндік береді. Басқа да индекс тағайындау – жеке факторлардың нәтижелік белгілерді өзгеруіне әсерін оқып білу.

Балансты әдіс – бұл шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің олардың өзара әсерін өлшеу және түсіну мақсатында құрылуының арнайы қабылдауы, сонымен қатар, өндірістің тиімділігін арттыруды есептеу. Балансты талдау әдісін қолдануда жеке көрсеткіштер арасындағы байланыс - нәтиже түрінде беріледі.

Факторлардың қызмет нәтижесіне әсерін зерттеу үшін талдауда детерминирлі және стохастикалы факторлы талдау тәсілдері қолданылады.

Әрбір құбылысты себеп немесе нәтиже терінде қарастыруға да болады. Егер көрсеткіш нәтиже бір немесе бірнеше себептің қызметі түрінде қарастырылатын болса және зерттелу объектісі болып табылатын болса, онда оны нәтижелік деп атаймыз. Нәтижелік белгінің сипаттамасын анықтайтын көрсеткіштерді факторлы деп атаймыз. Мысалы, еңбектің өнімділігі факторлы көрсеткіш болып саналады, егер де оны өндіріс көлемінің өзгеруінің себебі ретінде немесе өнімнің өз құнының деңгейі ретінде қарастыратын болсақ және басқа жағынан алғанда ол нәтижелік көрсеткіш болуы да мүмкін, егер де оны механизация немесе автоматизация әсерінен өзгеру нәтижесі деп қарастыратын болсақ.

Әрбір нәтижелік көрсеткіш көп санды және көп түрлі факторға байланысты. Факторлы талдаудың келесі типтерін қарастырайық:

- детерминирлі (функционалды) және стохастикалы (корреляциялы);

- тікелей (дедуктивті) және кері (индуктивті);

- бір баспалдақты және көп баспалдақты;

- статикалы және динамикалы;

- ретроспективті және перспективті;

Детерминирлі факторлы жүйені құру – зерттелуші құбылысты алгебралық сумма түрінде, оның өлшемі мен өзімен функционалды тәуелділікте тұрған жеке немесе бірнеше факторлардың түрленуі ретінде ұсыну деген сөз. Детерминирлі факторлы жүйенің дамуы кешенді факторлардың детальдану есебінен жүзеге асырылады. Жүйенің дамуы бойынша кешенді факторлар өз кезегінде өзінің аналитикалық құрамы бойынша элементіге жақындай түсе отырып бірқалыпты деталданады.

Сонымен, факторлардың жүйеленуі зерттелуші көрсеткішті формалауда факторлар арасындағы өзара байланысты тереңірек оқып білуге мүмкіндік береді.

Факторлы талдау келесі мәселелерді шешеді:

1. зерттелуші көрсеткіштерді талдау үшін актор таңдау;

2. классификация және олардың жүйелі ықпалды қамтамасыз ету мақсатында жүйелендіру;

3. нәтижелік және факторлы көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды модельдеу;

4. факторлар әсерін есептеу және олардың әрқайсысының ролінің бағасы;

5. факторлы модельді процестерді басқару үшін тәжірибе жүзінде қолдану.

Факторлы талдаудың тағы бір есебі – нәтижелік көрсеткіштер мен олардың өлшемін анықтайтын фактор арасындағы өзара байланысты модельдеу болып табылады. Модельдеу маңызы – зерттелінуші көрсеткіштің өзара байланысы факторлы түрде нақты математикалық теңдеу түрінде беріледі.

Детерминирлі талдауда жиі кездесетін факторлы модельдер түрлерін бөліп қарастырайық.

1. Аддитивті модельдер:

Y=∑ Xi=X1+X2+X3+…+Xn

Олар егер де нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлы көрсеткіштердің алгебралық суммасы түрінде болса ғана қолданылады.

2. Мультипликативті моделдер:

Y=∑ Xi=X1 х X2 х X3 х…хXn

Бұл тип моделі нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлар туындысы түрінде болғанда ғана қолданылады.

3.Еселі моделдер:

Y=X1/X2

Олар нәтижелік көрсеткіш бір факторды екіншісінің өлшеміне бөлгенде алнса ғана қолданылады.



4. Аралас моделдер: - бұл жоғарыдағы модельдердің түрлі комбинацияда болуы:

Y=a+b/c; Y=a/b+c; Y=a x b/c; Y=(a+b)c және т.с.с

Мультипликативті факторлы жүйелердің модельденуі берілген жүйенің факторларын тізбекті мүшелеу жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, өндіріс өнімінің процесінің көлемін зерттеуде келесі детерминирлі модельдерді қолдануға болады:

ВП=ЧРхГВ


ВП=ЧРхДхДВ

ВП=ЧРхДхПхЧВ

Мұнда ВП – өнім өндірудің жылдық көлемі;

ЧР – орташа тізімдік жұмысшылар саны;

ГВ – бір жұмысшы үшін орташа жылдық өндірілген өнім;

Д – бір жыл ішіндегі бір жұмысшымен өңделген күндер саны;

П – жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат;

ЧВ –бір жұмысшының орташа сағаттық өндірген өнімі;

Бұл модельдер деталдау процесін бейнелейді. Детальдау деңгейі мен модельдің кеңеюі зерттеу мақсатына байланысты, сонымен қатар детальдау мүмкіндіктеріне және көрсеткіштердің бекітілген ереже шеңберінде формалануына байланысты.

Аналогты түрде аддитивті факторлар жүйесін жүзеге асырады. Кратный модельдерде оларды түрлендірудің келесі тәсілдері қолданылады: ұзарту, кеңейту және қысқарту.

Сонымен, нәтижелік көрсеткіштер құрамдас элементтерге түрлі әдістер арқылы жатқызылады және детерминирлі модельдің түрлі типтер түрінде ұсынылады. Модельдеу тәсілін таңдау зерттеу объектісіне және қойылған мәселеге байланысты

Талдауда факторлар түрлі белгілері бойынша классификациялануы мүмкін

Басқаруды талдауда факторлар классификациясы

Классификация белгілері

Фактор топтары

Өз табиғаты бойынша


Табиғи-климаттық, әлеуметтік- экономикалық, өндірістік-экономикалық

Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша

Негізгі, екінші дәрежелі

Зерттелу объектісіне қатынасы бойынша

Ішкі және сыртқы

Ұжымға байланысты

Объективті, субъективті

Таралу деңгейіне байланысты

Жалпы, спецификалы

Жұмыс істеу уақытына байланысты

Тұрақты, айнымалы

Қызмет ету сипатына байланысты

Экстенсивті және интенсивті

Құбылыстар құрамына байланысты

Санды, сапалы

Өз құрамы бойынша

Жай, кешенді

Бағыныңқылығы деңгейі бойынша

Бірінші, екінші ретті

әсерді өлшеу мүмкіндігі бойынша

өлшенетін, өлшенбейтін
Детерминирлі талдау жеке факторлардың нәтижелік көрсеткіштер өсіміне әсер ету өлшемін анықтау үшін келсі тәсілдерді қолданамыз: тізбекті алмастыру, абсолютті ауырмашылық, қатысты айырмашылық, пропорционалды бөлініс, интегралды, логарифмдеу, балансті және т.б.

Олардың ішінде едәір әмбебабы тізбекті алмастыру тәсілі болып табылады. Ол факторлардың барлық типтегі детерминирлі факторлы модельдеріне әсер етуін есептеуде қолданылады. Ол жеке факторлардың нәтижелі көрсеткіш өлшемдеріне тигізетін әсерін есеп беру периодында нәтижелі көрсеткіштің көлемінде әрбір көрсеткіштің базисті өлшемінің деңгейлеп алмасу жолы арқылы анықтауына мүмкіндік береді. Осы мақсатпен нәтижелі көрсеткіштің шартты өлшемдерінің қатарын анықтайды, ол көрсеткіштер алдымен бірінші сосын екеуінің , сосын үшеуінің және тізбектелген факторлардың өзгерісін есепке алады, ал басқалары болса өзгеріссіз қалған жағдайда ғана.

Нәтижелі көрсеткіштің өлшемдерін басқа да факторлардың деңгейінің өзгеруіне дейін және олардың өзгерісінен кейін салыстыру- барлық факторлардың әсерлерін элиминирлеуге мүмкіндік береді, олардың ішінде тек біреуінен басқасын, және соңғысының нәтижелі көрсеткіш өсіміне әсерін анықайды. Тізбекті алмастыру тәсілін қолдана отырып, міндетті түрде келесі есептер тізбегіне арқа сүйеу керек: бірінші кезекте сандық өзгерістерді есепке алу керек, сосын ғана сапалы көрсеткіштерді есептеу керек. Егер бірнеше сапалы және бірнеше сандық көрсеткіштер болатын болса, онда алдымен бірінші деңгейлі бағыну факторларының өлшемдерін өзгертеміз де сосын ғана, одан төмендегілерін өзгертуге болады.

Абсолютті айрмашылық тәсілі факторлар әсерінің мультипликативті модельдердегі және мультипликативті – аддитивті типтегі модельдердегі нәтижелі көрсеткіштер өсімінің әсерін есептеуге қолданылады. Оның қолданылуы кезінде факторлардың әсер ету өлшемі зерттелуші фактордың абсолютті мәнінің өсімін базалы өлшемді (жоспарлы) факторларға көбейтумен есептеледі, ол факторлар оның оң жағында және оның моделінің сол жағында орналасқан фактілі факторлар өлшемінде орналасқан.

Қатысты айырмашылық тәсілдері – факторлар әсерінің тек мультипликативті модельдердегі нәтижелі көрсеткіштің өсімінің әсерін өлшеуге қолданылады. Мұнда факторлы көрсеткіштердің қатысты өсімдері қолданылады, олар коэффициенттер мен пайыз түрінде беріледі.

Өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жоғарылату мақсатында өсім резервтерін анықтаймыз.

Толық және мақсатқа бағытталған түрде қолдану үшін шаруашылық резервтері түрлі белгілері бойынша классификацияланады.

Классификация белгісі

-Резерв тобы

Кеңістікті белгісі бойынша

-Ішкі шаруашылық, салалық, аймақтық, жалпы мемлекеттік

Уақыт белгісі бойынша

-қолданылмаған, ағынды, перспективалы

Қызмет нәтижесіне тигізетін әсерінің сипаты бойынша

-Экстенсивті сипаттағы, интенсивті сипаттағы

Жариялау әдісіне байланысты

-Анық, анық емес

Олардың уақытша туындау уақыты бойынша

-Алғашқы түрі, басқа түрі

Резервтерді іздеу үшін келесі принциптерді сақтау керек: ғылыми, кешендік және жүйелілік, экономикалық негіздеме, нақтылық, оперативтілік, дискреттілік және т.б.

Резервтердің өлшемдері тікелей есеп, детерминирлі факторлы талдауды салыстыру, есептік – құрылысты әдісі, функционалды – құндылықты талдау, математикалық программалау тәсілдерін қолдану арқылы анықталады.

Тікелей есептің тәсілі – ресурстардың шамадан тыс шығынының өлшемі мен қосымша ықпалдар өлшемдері белгілі болғандағы экстенсивті сипаттағы резервтерді есептеуге арналған. Өнімнің шығу деңгейін көтері мүмкіндігі былай анықталады: қосымша ресурстар саны немесе шығындар саны кәсіпорынның кінәсінан олардың табысын өнім бірлігіне фактілі түрде бөледі және фактілі ресурске көбейтіледі.

Салыстыру тәсірдері интенсивті сипаттағы өлшемдерді есептеу үшін қолданылады, егер де ресурстар шығыны немесе олардың мүмкін үнемділігі олардың бекітілген шығын нормасымен салыстыру арқылы анықталатын болса. Үлкею резерві былай анықталады: ресурстың шығынының өнім бірлігіне дейін төмендеу резерві ғылым жетістіктерінің есебінен ресурстардың жоспарлы шығынына бөлінеді немесе жоспарлы ресурс деңгейіне көбейтіледі.

Есептік – құрылысты әдіс еселі модельдерде қолданылады.

Мұндай әдіспен анықталған барлық резерфтер сәйкес мерекелік шараларға бекітілген болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана резервтер өлшемі нақты және негізделген түрде болады.

1.Әдіс деп («әдіс» - грек тілінен аударғанда «ізденіс жолы») жолдар және тәсілдер жиынтығын айтамыз. Зерттеу кезіндегі жалпы әдіс ретінде диалектика әдісі қарастырылады. Бұл әдіс бойынша: біріншіден барлық құбылысшылар өзара байланысты және өзара шартты, екіншіден барлық құбылыстар даму кезінде, өзгеру кезінде, қозғалыс кезінде зерттеледі. Зерттеу объектісін қолданған кезде экономикалық талдау әдісі бірқатар ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктердің үшеуін қарастырамыз.

1) Экономикалық көрсеткіштер жүйесі зерттеліп, осылардың көмегімен шаруашылық субъект қызметінің басқа жақтарының сандық бағасы беріледі. (сурет 3). әрбір экономикалық процесс, экономикалық көрсеткіштер кешенімен суреттеледі. Мысалы: кәсіпорында еңбекті пайдалану, еңбек өнімділігі, персанал саны, орташа еңбек ақы көрсеткіштері арқылы есептеледі, зерттеледі. Талдаудың нәтижесі көрсеткіштердің зерттелетін құбылыстың мәнін толық әрі дұрыс суреттеуіне байланысты. Талдаудың объектісіне байланысты барлық көрсеткіштер жүйелерге топтастырылады.

2) Көрсеткіштер жүйесі өзара байланыста, бағыныштылықта, шарттылықта зерттеледі. Өзара байланысты зерттеу көрсеткіштердің бағыныштылығын анықтайды, жиынтықты, нәтижелі көрсеткішті және оған әсер ететін көрсеткішті бөлуді қажет етеді. Талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты бір көрсеткіш әртүрлі жағдайда факторлық көрсеткіштердің, сондай-ақ нәтижелі көрсеткіштердің рөлін атқарады. Мысалы: еңбек өнімділігі кәсіпорынға инвестициялау нәтижесін көрсетеді, сонымен бірге бұл көрсеткіш кәсіпорын көлемінің өсу факторы болып табылады.

3) Жиынтық көрсеткішке әсер ететін факторлардың сандық есептеуі жүргізіледі. Сонымен экономикалық талдау әдісін қолдану өзіне бірнеше кезектесетін процедура қарастырады.

- Бөлінген бағытбойынша зертеу объектісін суреттейтін көрсеткіштер жүйесін анықтау.

- Көрсеткіштердің бағыныштылығын анықтау.

- Бағынышты фактордың топтарын бөлу.

- Факторлар тобының ішінде негізгі және негізгі емеске бөлу.

- Көрсеткіштер арасында өзара байланыс факторларын анықтау.

- Өзара байланысты зерттеу үшін тәсілдер мен жодарды таңдау.

- Талдау объектісінің жағдайын суреттйтін көрсеткіштер жүйесі.

- Қамтамасыз ету көрсеткіштеріне талдау.

- Өндіріс көрсеткіштеріне талдау.

- Өндіріс көрсеткіштеріне талдау.

- Кәсіпорын қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау

- Материалдық қорлардың пайдалану көрсеткіштерін талдау

- Тірі еңбек қорлардың көрсеткіштік талдау.

- Кәсіпорынның іскерлік және экономикалық потенциалына талдау.

- Қаржылық жағдайды талдау.

- Пайда және рентабелдікті талдау.

- өнімнің өзіндік құнына талдау.

- Еңбек құралы

- Еңбек заты

Экономикалық талдаудың жолдары мен тәсілдерінің классификациясы. Шаруашылық процесстерді зерттеу кезінде қолданатын тәсілдермен, жолдардың жиынтығы экономикалық талдау әдістемесін құрайды. Зерттеудің кезеңде талдаудың әдістемелік өз ерекшеліктері бар:

1. Ақпаратты алғашқы өңдеу.

2. Зерттелетін объектінің жағдайы мен заңдылығын оқу.

3. Кәсіпорын қызметінің нәтижесін факторлар әсерін анықтау.

4.Кәсіпорын тиімділігінөсіру резервтеріне баға беру.

5.Бизнес жоспарларды түсіндіру.

1.Әрбір кезеңде аналитикалық тәсілдер мен жолдардың белгілі біртізімі қолданылады.Сонымен ақпаратты алғашқы өңдедеу кезінде топтастыру,салыстыру талданады ақпаратты график түрінде беру,орташа және салыстырмалы шамаларды есептеу әдістеріқолданылады.

2.Зерттелетін обьектінің жағдайы мен даму заңдылығын динамика қатарлары статистикалық әдіс арқылы жасайды.

3. Кәсіпорын қызметінің нәтижесін факторлар әсерін,факторлық талдау арқылы анықтаймыз.

4. Кәсіпорын тиімділігінөсіру резервтеріне баға беруүшін экономикалық, матрицалық,сала аралық, баланс теориясы , оптималды прграмалауәдістері кеңінен таралған.

Шаруашылық қызметін талдауға қолданылатын тәсілдер мен жолдар келесі белгілер бойынша топтастырылады:

1. ғылыми.

2. көрсеткіштер арасындағы өзара түріне байланысты.

3. қолданатын құралдар ауырмашылығына байланысты.

4. оптималдық.

1. Ғылыми белгінің 3 тобы бар:

а) жалпы экономикалық, бұл топқа келесі әдістер жатады: салыстыру, графикалық, баланстық байланыс, тізбектеп қою, арифметикалық айырмашылық лагорифмдік, интегралдық.

б) стистикалық, бұл топқа келесі әдістер кіреді: традициялық (динамика қатары, индекстік орташа салыстырмалышамалар) математика – статистикалық (корреляциялық, регрессиялық, дисперсиялық, класстерлік.)

в) математикалық, бұл топқа келесі әдістер кіреді: экономикалық, оптималдық програмалау, шешімдерді қабылдау, операцияны зерттеу.

Көрсетілген білімдердің қиылысында экономикалық талдаудың әдістемесі құрылады. Мәселен факторлық талдау жүргізу үшін алдымен тапсыру әдісі, абсалютік және салыстырмалы шараларды анықтау тәсілі. Факторлар әсерін анықтау, жүргізу керек.

Сонымен факторлық талдау деп – бастапқы факторлық жүйеден, соңғы факторлық жүйеге бірқалылыпты көшуді айтамыз.

2. Өзара байланыс мінезіне байланысты факторлық талдау екіге бөлінеді.

Қолданатын құралдау ауырлығына байланысты аналитикалық әдістер 2-ге бөлінеді.

1. элиментарлы математика.

2. жоғарғы математика.

Элиментарлы математика әдісі кәдімгі экономикалық есептеулерде қолданса, жоғарғы математика әдісі математикалық статистика, матисатикалық бағдарлау әдістеріне ғана емес, сонымен қатар өз бетімен де пайдаланады.

4. оптималдық белгі бойынша барлық экономика математикалық есептер 2 топқа бөледі.

1. оптимизациялық.

2. оптимизациялық емес.

Қолданаылатын жолдары немесе тәсілдерін таңдау, талдаудың мақсатымен, аналитикалық есеп мінезімен, көрсеткіштер арасындағы байланыс арқылы анықталады. Тандалған тәсілге байланыссыз әрбір аналитикалық есептелген салыстыру, топтастыру, баланстық байланыс, графикалық жолдар арқылы жүргізілетін бастапқы ақпараттарды өңдеу тәсілдері пайдаланады.

3. Экономикалық ақпараттарды өңдеу тәсілі:

1. Салыстыру тәсілі, талдау жиі қолданатын тәсіл. Бұл тәсілдің клксі түрі бар:

а) жоспарлы мәліметтермен нақты мәліметтерді салыстыру.

б) экономикалық құбылыстың дамуындағы заңдылықтар мен тенденцияларды табу мақсаты мен динамикада көрсеткіштерді салыстыру.

в) сала бойынша орташа мәндермен белгілі бір талданатын кәсіпорынның көрсеткіштерімен салыстыру.

г) зерттелетін кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерімен, оның бәсекелестерінің көрсеткіштерімен салыстыру.

д) динамикалық шешім таңдау мақсатымен әртүрлі басқару шешімдерінің нәтижелерін теңестіру.

е) зерттелетін көрсеткіштердің өзара байланысын зерттеу үшін параллелдік динамикалық қатарларды салыстыру.

ж) басқару шешімдерін қабылдағанға дейін және қабылданған соң олардың тиімділігіне баға беру мақсатында қызмет нәтижесін салыстырады.

Сонымен қатар экономикалық талдауда келесідей салыстыру әдісі бар: горзонтальдық. Вертикальдық, тренттік, бір өлшемдік, көп өлшемдік

Горзонтальдық салыстыру талдау, зерттелетін көрсеткіштердің нақты деңгейінің жоспарланған деңгейіне абсолюттік және салыстырмалы ауытқуын анықтау үшін жүргізіледі.

Вертикалдық салыстыру талдау бүттіннің ішіндегі бөлшектердің үлес салмағымен есептеу жолымен экономикалық құбылыстардың структурасын зерттеу үшін жүргізіледі.

Тренттік салыстырмалы талдау арқылы базистік жылдың деңгейіне салыстырып бірқатар жылдарға өсу қарқынымен, өсім қарқыны зерттеледі.

Бір өлшемдік салыстыру талдауында бір көрсеткін бойынша бін немесе бірнеше объектінің бір немесе бірнеше көрсеткіштері теңестіріледі.

Көп өлшемдік салыстыру талдауында бірнеше кәсіпорынның қызметінің нәтижелері бірнеше көрсеткіш бойынша теңестіріледі.

2. Топтастырылатын экономикалық құбылыстардың мәнінің бастапқы талдауы негізінде топтастыру белгісінің әсері анықталады. Мысалы: өндіріс шығындарын талдау кезінде өндіріс көлемі және сатулардың бағыну белгісі бойынша статьялар топтастырылуын қолданамыз.

3. Баланстық әдіс шаруашылық қызметін талдаудың негізгі және көмекші әдісі ретінде қолданылады. Негізгі әдіс ретінде, бұл әдіс баланстық бағынштылықта жататын көрсеткіштерді зерттеу үшін қолданады.

Көмекші әдіс ретінде жиынтық нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін есептеу нәтижелерін тексеру үшін пайдалынылады.

4. Графикалық әдіс, салыстыру әдістерінің динамикалық, құрылымдық жылжуларын суреттеу үшін пайдалынады.

Дитерминирленген факторлық талдау.

Дитерминирленген факторлық тадлау өз алдына факторлар әсерін зерттеу әдістемесін көрсетеді. Бұл факторлар нәтижелі көрсеткішпен байланысты функионалдық сипаттау болады. Дитерминирленген факторлық тадлаудың негізгі қасиеттері:

1. логикалық талдау жолы арқылы дитерминирленген модельді анықтау.

2. көресеткіштер арасындағы қатаң байланычтың болуы.

3. бір модельге біріктілмейтін№ бір мезгілде қызмет ететін факторлардың әсер ету нәтижелерін бөлу мүмкіндігінің жоқтығы.

4. қысқа мерзімде өзара байланыстарды оқу.

Дитерминирленген факторлық тадлаудың жүргізу этаптары:

- экономикалық тұрғыда негізденген модельді құру.

- талдау тәсілін таңдау және оны орындау үшін қажетті шараларды орындау.

- есептеу процедураларын жүргізу.

- қорытынды жасау.

Міндеті: Логикалық талдау жолымен анықталатын модельді құру. Бұл фақторлық талдаудың келесідей типтері бар.

1. Аддитивтік.

2. Мультипликативтік.

3. Қысқаша.

4. Аралас.

Аддивтік модель көрсеткіштердің алгебралық сомасын көрсетіп өз алдына келесі математикалық түрі бар:

Мысал ретінде тауарлармен қаматамасыз етудің баланстық моделін қарастырамыз.

Nзап1 +Nтускен =Nсату + Nшығыс+Nзап2

Мұндағы: Nзап1 – период басындағы запастар

Nтускен – түсу көлемі

Nсату – сату көлемі

Nшығыс – тауарлардың басқа да шығысы

Nзап2 – таладанатын период соңындағы запастар.

Мултипликативтік модель факторлар көбейтіндісін көрсетеді.

Мысал ретінде сату көлемінің 2 факторлық моделін қарастырамыз.

Nсату = С*Ө

Мұндағы: С – еңбекшілердің орташа тізімдік саны

Ө – бір еңбекшінің өндірген өнімі.

Қысқаша модельдер факторлар қатынасын көрсетеді.

Мысал ретінде тауар айналымының мерзілік анықтауды көрсетейік.

Аралас модельдер жоғарыда айтылған модельдердің комбинациясын көрсетеді.

Эрбір математикалық көріністі факторлық модель деуге болмайды. Мысалы: еңбек өнімділігінің көрсеткіші сатудан түскен түсімді орташа тізімдік еңбекшілер санына болу арқылы анықтаймыз. Бұл көрініс модель болып табылмайды. Себебі себеп-салдар байланысы жоқ. Сату көлемінің өсуі еңбек өнімділігінің өсуіне фактор болып табылмайды. Сол сияқты шатты қысқарту еңбек өнімділігінің өсуіне әкелмейді.

Дитерминирленген факторлық модельді құру жолдары.

Нәтижелі көрсеткішке әсер еткен көрсеткіштер арасындағы бағыныштылықты және себептерді сандық өлшеу үшін дитерминирленген факторлық модельді құру қажет. Бұл модельді құрудың әдістері бар:

1. Факторлық жүйені ұзарту әдісі.

Бастапқы факторлық модель.

2. Факторлық жүйені қысқарту әдісі.

Бұл әдісте алымы мен бөлімі бір санға бөлінеді.

Мысалы капитал рентабельділігін анықтау.

3. Факторлық жүйені кеңейту әдісі.

Бұл әдісте алымы мен бөлімі бір санға көбейтіледі.

Факторлық модельді құру дитерминирленген факторлық талдаудың 1-ші этапы болып табылады. әрі қарай осы модельдерді шешу үшін шешу тәсілін таңдай білу керек.

Тексеру процедурасы, бұл шаруашылық операциялардағы қателіктерді анықтау әдісі. Тек процедурасы шаруашылық субъекті персоналымен жасалатын арнайы тексерулер. Тексеру процедураларының мақсаты шаруашылық операцияларындағы қателіктерді анықтап, оларды жою және түзету. Тексру процедурасы мақсатына қарай келесідей бөлінеді.

1. шаруашылық операцияларының айқындылығы.

2. толықтылығы.

3. рухсаттылығы.

4. туралығы.

5. классификациясы.

6. стандарттылығы.

7. периодтылығы.

Есепте көрсетілген шаруашылық операция шын мәнінде болған, болмағанын анықтайтын тексеру процедурасы. Бұл процедура фиктивті операцияларды тіркеуді болдырмайды. Мысалы:

а) алғашқы құжаттарда материалдарды жіберу құжаттарымен сәйкестігін тексеру.

б) еңбек ақы беру кезінде қажетті қолдардың болуы.

бұл тексеру процедурасында болған шаруашылық операциялар есепте тіркелген, тіркелмегені тексеріледі. Бұл тексеру кезінде болған опрецияның фиктивті тіркелмегенін болдырмау үшін жүргізіледі.

бұл процедура бойынша есепте тіркелген операция шын мәнінде жүзеге асырылуға рухсат етілмеген операцияларды тіркеуді болдырмау үшін жүргізіледі.

бұл процедура кезінде есепте, алғашқы құжаттарда көрсетілген саналар дұрыстығы тексеріледі. Осы процедура нәтижесінде шаруашылық операциялардағы сандық көрсеткіштердің дұрыс еместігінің әдейі және әдейі емес фактілерін болдырмауды анықтайды. Мысалы: өнім бірлігінің бағасын, жөнелтілген өнім көлемін тексеруді айтамыз.

- классификация тексеру процедурасы кезінде есептегі барлық шаруашылық операциялар қажетті шаттарға жинақталғанын тексереді. Мысалы: алғашқы құжаттарды жүргізу дұрыстығын тексеру, түсіндірме әңгімелер жүргізу.

- бұл тексеру процедураларының мақсаты шаруашылық операцияларын есептеу әдістемелігінің заңмен белгіленген нормативке сәкестілігі және шаруашылық операцияларды есептеулердегі әдістемелік қателердің болдырмауын тексеру. Мысалы: тәуелсіз мамандардың шаруашылық операция есебінің әдістемелігін жауапты қызметкердің квалификациясын тексеру болып табылады.

- бұл тексеру процедурасы кезінде шаруашылық операциялар болған периодта, ескерілгені анықталады. Бұл тексерудің мақсаты, баланстық датаға дейін және кейін, әдейі емес жасалған әдістемелік қателерді болдырмау. Мысалы: қызметкерлердің квалификациясын тексеру. Шаруашылық субъектінің есептік саясатымен анықталатын әдістемелікті нақты тексеру процедураларының сәйкестігі.

Шаруашылық субъектісінің басқару жүйесін талдауы басқару талдауындағы екінші қадам болып қарастырылады. Шаруашылық субъектісінің есеп жүйесіндегі басқару талдауын аяқтаған соң, аналиктиктер басқару жүйесінің құрылымы жайлы сандық және сапалық параметрлері толық білуі қажет. Басқару жүйесінің талдауының мақсаты өндіріс жүйесінің экономикалық дамуы үшін негіз құру бағыттағы басқару шешімдерін жасау. Құн табиғатының фундаментальдық негіздеріне сәйкес басқару жүйесінің талдауы мүліктік адамдық және есптік капиталдарды талдауда теоретикалық негізделеді. Басқару жүйесінің мүліктік капиталы басқару жүйесі персоналдарының тиімді ой қызметіне жағдай жасау үшін қажет. Мысалы: персоналдың кабинеттермен, арнайы құралдармен, байланыс құралдарын, транспорт құралдарымен қамтамасыз етілуі. Басқару жүйесінің адамадық капиталы берілген жүйенің персоналдарының аналитикалық мүмкіншіліктерінде көрсетіледі. Мысалы: басқару персоналдарының проблемалық жағдайында әрекеті, ғылыми зерттеу жұмыстары және ғылыми дәрежелері. Басқару жүйесінің есептік капиталы элит теориясының негізінде зерттелуі мүмкін. Басқару жүйесінің сапасы жоғарғы басқарманы талдау жасау қажет. Айтылған талдау үшін ақпарат базасы қажет. Ол келесі ақпарат негізінде жасалады.

1. кадр бөлімі ақпараты арқылы.

2. жалпы ақпарат құралдары арқылы.

3. жоғарғы басқарманың өкілдері арқылы.

4. талданатын тұлғалардан алынған ақпарат арқылы.

Шаруашылық субъектінің жоғарғы басқарманың талдауы. Бұл талдау шаруашылық субъектінің экономикалық жағдайының талдау жүйесіндегі ең ауыр талдауы. Жоғарғы басқарманың талдауын жүргізу кезінде моральдық философия әдісін қолдану қажет. Кейбір кезде аналитиктер тәжірибесінің аздығынан басқарма қызметкерлерінің шешімдерінің құндылығы мен қажеттілігіне қорытынды жасай білмейді. Егерде басқарма қызметкерлері ұятты, адамгершілігі мол адам болса, онда шаруашылық субъектінің талдауын жүргізудің жалғастыруда мәні бар. Ал егерде жоғарғы басқарма мұндай сипатқа ие болмаса, онда аналитиктерге адекваттық емес нәтижелерді алу қаупі жоғары. Басқару жүйесінің, өндіріс жүйесінің тиімді қызметіне жағдай жасау жоғарғы басқарма және басқа да басқару қызметкерлеріне байланысты. Рационалды түсіндірілген пікірлерді құру және себеп салдарлы байланыстарды талдау қабілеті, яғни интеллектуалдық қызмет тулғаның физикалық жағдайымен анықталады. Сондықтан басқару жүйесіндегі басқару талдауының пәні ретінде жоғарғы басқарманың дені сауылығы, әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Өндіріс жүйесі деп тауарлармен қызметтерді технологиялық өндіру үшін шаруашылық субъектісімен қолданылатын құралды айтамыз.өндіріс жүйесінің мақсаты өнімді физикалық өндіру, бұл өнімдер саны және сапасы жағынан шаруашылық субъектісінің талаптарына сәйкес болуы керек.өндіріс жүйесі өз мақсатына есеп және басқару жүйесі арқылы жетеді.өндіріс жүйесінде мүліктік, адамдақ есептік капиталдар қарастырылады.өндіріс жүйелері мүліктік капиталға өнімді тікелей өндіретін мүліктік комплекс жатады.

1. Өндірістік негізгі қорлар.

2. Айналым қорлары.

Өндірістік негізгі қорлар – деп шаруашылық субъектісінің өндірістермен тікелей байланысындағы негізгі қорларды айтамыз. Олар: ғимараттар, құрылыстар, құралдар, машиналар, станоктар, транспорт құралдары және т.б.
Айналым қорлары – деп өнімді өндіруге жұмсалған материалдық объектілер жиынтығын айтамыз. Олар: материалдар, арзан, бағалы, тез тозатын заттар, отын, жартылай фабрикаттар, тара қосалқы бөлшектер және т.б.

Негізгі және айналым қорларының адекваттығы мамандармен белгілі объктілерді техникалық және технологиялық қарастыру арқылы анықталады.өндіріс жүйесіндегі аламдық капиталға шаруашылық субъектісі персоналы жатады. Олар: жұмысшылар мен мастерлер, өндіріс жүйесіндегі адамдық капиталдардың басқа жүйедегі адамдық капиталдардан айырмашылығы саны мен сапасында.

Басқа жүйелерге қарағанда, бұл жүйеде саны жағынан көп әрі сапасы жағынан бір текті жұмыс күшінен құрылады. Жұмысшылар деп шаруашылық субъектіге тікелей, тірі еңбек, қызмет көрсететін физикалық тұлғаларды айтамыз. Жұмысшылар қосалқы және негізгі өндірістегі болып бөлінеді.

Мастерлік шаруашылық субъектіге өз тірі еңбегің ғана бермей, сонымен бірге жұмысшылардың тірі еңбегіне тікелей басшылық жасайды. Жүйелер арасындағы байланысты қарастырсақ мастерлер өндіріс жүйесінен басқару жүйесіне кіру есігі болып табылады. Адамдық капиталдың адекваттығы тәжірибе жолы және аттестациялар арқылы анықталады.өндіріс жүйесіндегі есептік капиталға оперативтік есеп жатады. Оперативтік есеп деп өндіріс орнында тікелей жасалатын есепті айтамыз. Оперативтік есеп бухгалтерлік есеп жүргізу үшін қажетті алғашқы құжаттарды толтыру арқылы жүзеге асырылады. Оперативтік есеп сапасы өндірістік жүйесінің есептік капиталдың сапасын көрсетеді.

Жүйелер арасындағы байланысқа қарасақ өндіріс жүйелерінің есептік капиталы есеп жүйесіне кіру есігі болып табылады.өндіріс жүйесінің қажетті натуралды түрде өнім өндіру қабілеті потенциал көрсеткіштерімен анықталады.өндірістік потенциал деп өндіріс пен еңбекті оптималды ұйымдастырып жұмыс тәртібін тиімді құрып өндірістегі барлық өндірістік қорларды пйдаланып негізгі өндірістік жұмысшылармен белгілі уақыт мерзімі ішінде орындалатын еңбек шығындарын өлшеу бірілктеріндегі және көлемін айтамыз. Шаруашылық субъектінің өндірістік потенциалы оның жұмыс орнының өндірістік потенциалымен анықталады. Жұмыс орны өндірістік жүйедегі 1-ші элементі болып табылады.

Жұмыс орны

Персоналдыќ

Ќұрылымдыќ

Персоналдық жұмыс орны құрылымдық жұмыс орнының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мысалы:құрылымдық жұмыс орны, бұл жұмыс түрін орындау орны болса, персоналдық жұмыс орны, бұл осы жұмыс түрін орындайтын орындаушылардың орны. Мысалы: токарлық құрылымдылық жұмыс орны болса, бір токардың жұмыс орны персоналдық жұмыс орны болады. Сонымен өндіріс жүйелерін талдаудың мақсаты шаруашылық субъектінің болашақтағы тиімді техника ұйымдастыру қызметтерінің сандық көрінісін көрсету.өндіріс жүйелерінің талдауы негізгі өндірістік жұмысшылардың жеке нгормаларының нақты орындауын талдаудан бастау қажет. Берілген талдаудың ақпарат базасы өндірістік шығындар және өнімнің бір бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау есебінің жүйесімен құралады.

Бухгалтерлік есеп жұмысшылар профессионалдық қабілеті және мамандық түрлері бойынша бөлінеді. Осының негізінде шаруашылық субъектінің нақты өндірістік потенциалы зерттеледі. Шаруашылық субъектінің экономикалық жағдайын талдаудың теоретикалық негізіне байланысты өндіріс жүйесін талдау шаруашылық субъектінің максималды мүмкін өндірістік потенциал мәні аз ғана еңбекті жұмасап өндірістік потенциалды жоғарлатуда жатыр. Мысалы: ресурсты оптималды беру, өнімді оптималдыжинау, цехқа станоктарды оптималды түрде орналыстыру. Осындай өндірістік потенциалды жоғарлату резервтерін іздену үшін арнайы кәсіптік білімдер қажет. Ол үшін талдаудың математикалық әдістері қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет