ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#22871
1   2   3   4   5   6

5 Тапсырма. Ақмола – Алматы, Семей – Алматы, Орал – Қызылорда линиясы бойынша ботаникалық – географиялық қима құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін геоботаникалық қиманы құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар.

Өсімдік (геоботаникалық) қимасы – қима сызығын жүргізу ауданындағы өсімдік жамылғысының картографиялық сызықтық моделі. Топырақ жамылғысының үстінде шартты түрде бейнеленеді. Белгілермен көрсету немесе фондық бояумен өсімдік жамылғысын (ағашты, бұталы, шөпті) көрсетеді. Бұл үшін өсімдік жамылғысының типтік картасы қолданылады, онда қима құруға ыңғайлы масштаб болуы керек, өсімдіктер шекаралары, өсімдіктер ассоциациясының немесе ландшафт зоналарының шекаралары көрсетілген болуы керек.

1. Қима сызығы жүргізіледі, картада қиманың бірінші және соңғы нүктесі түсіріледі.

2. Өсімдік типтерінің шекараларымен, геоботаникалық кешендермен қима сызығының түйіскен нүктелері анықталады.

3. Нүктелер нөмірленеді, негізгі сызбадан жоғары орналасқан уақытша горизонтальды сызыққа ауысады. Сонымен қатар карта масштабтары мен сызбадағы горизонтальды масштабтың қатынасы есепке алынады.

4. Нүктелер нөмірленеді, геоботаникалық кешендер жазылады (2/Ш, 3/ТД, 4/ТШ, 5/ТОД, ...).

5. Геоботаникалық кешендердің шекаралары қалпына келтіріледі, сызықтың үстіне түсіріледі.



6. Шартты белгілер құралады, сызық боялады (4 - сурет).

4 – сурет. Геоботаникалық қиманың сызбасы

Шартты белгілер




Ш

шалғындық


ТОД

таулы – ормандыдалалы





ТД

таулы – далалы


I I

геоботаникалық шекаралар





ТШ

таулы – шалғындық



6 Тапсырма. Жұқпалы ауруларды тарататын зиянкес жәндіктерге толық сипаттама беріңдер.

7 Тапсырма. Картаны қолдана отырып (топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі), кестені толтырыңдар және осы табиғи компоненттердің өзара байланыстылығына қорытынды жасаңдар.


Территория

Табиғи зона

Топырақ

Өсімдік

Жануарлар әлемі
















Өзара байланыс қорытындысы:

10 САБАҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық –географиялық аймақтарға сипаттама

Сабақтың мақсаты: физикалық – географиялық аймақтарды анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Қазақстан Республикасының жазық территориясы табиғат комплекстерінің дамуының негізгі тенденциясы қандай?

2. Таулы аймақтардың табиғат комплекстері қандай физикалық – географиялық жағдаймен ерекшеленеді?

3. Таулы немесе жазық табиғат комплекстерінің қайсысы едәуір динамикалық болып келеді? Неліктен?

4. Табиғи комплекстердің құрылуына қандай антропогендік факторлар әсер етеді?

2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық – географиялық баға беріңдер.

3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың Қазақ Алтайы, Орал алды үстірт, Каспий маңы ойпаты мен Талас жотасы табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар.

4 Тапсырма. Ірі физикалық – географиялық аймақтар үшін физикалық – географиялық қима құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін физикалық – географиялық аудандастыру қимасын құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар.

Физикалық–географиялық аудандастыру сызығы – табиғат кешендерінің әлемдік, аймақтық, жергілікті (топологиялық) дифференциациясының шартты картографиялық бейнесі. Алдыңғы сызбалардың қорытындысы болып табылады. Алдыңғы сызбалардың мәліметтерін сараптау нәтижесінде жасалынады. Сызбаның негізгі бөлігінің астыңғы жағына орналасады. Оның құрамына кіреді: табиғат кешендер мен олардың шекаралары, физикалық – географиялық елдер, табиғи зоналар, ландшафттар.

Горизонтальды сызықтағы шекараларды ерекшелеу үшін есепке алынады:



  • Физикалық – географиялық елдер (А) – геоқұрылымдық туралық, морфоқұрылымдық, микроклиматтық, биогеографиялық ерекшеліктері;

  • табиғи зоналар (В) – климаттың, топырақ, өсімдік жамылғысының әртүрлілігі;

  • ландшафттар (С) – рельеф пен өсімдік ( 5 - сурет).




1

2

3













А







а




1

2

3

Шартты белгілер

А – физикалық- географиялық елдер

а - қала маңы зонасы






1 – ландшафт

11 САБАҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық –географиялық аймақтарға сипаттама

Сабақтың мақсаты: физикалық – географиялық аймақтарға сипаттама беру.

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар

1 Тапсырма. Шығыс Еуропа, Қазақтың қатпарлы аймағы, Солтүстік Қазақ, Тұран жазығына сипаттама беріндер.

2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық – географиялық баға беріңдер.

3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар.

4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер.
12 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық –географиялық аймақтарға сипаттама

Сабақтың мақсаты: Мұғалжар тауы, Алтай тауы физикалық–географиялық аймақтарына сипаттама беру.

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар

1 Тапсырма. сипаттама беріндер.

2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық – географиялық баға беріңдер.

3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар.

4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер.
13 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық –географиялық аймақтарға сипаттама

Сабақтың мақсаты: физикалық–географиялық аймақтарына сипаттама беру.

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар

1 Тапсырма. Сауыр-Тарбағатай таулары, Жоңғар Алатауы (Жетісу жотасы), Тянь - Шань таулары сипаттама беріндер.

2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық – географиялық баға беріңдер.

3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар.

4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер.
.


  1. Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ)

СӨЖ – ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді.

1. «XX ғас. Қазақстан аумағының зерттелуі» тақырыбына ауызша жауап дайындау.

2. «Қазакстан аумағының жер бедерін түзуші факторлар» тақырыбы бойынша конспект жазып, ауызша дайындалу және оны қорғау.

3. «Қазакстанның жер асты сулары» тақырыбы бойынша крнспект жазу.

4. «Казакстанның фитогеографиясы және қазакстанның зообиогеографиясы» тақырыбы бойынша конспект жазу.

5. «Табиғи және экологиялык қауіп географиясы» тақырыбы бойынша ауызша жауап дайындау.

6. «Қазақстандық Алтай таулы аймағы» тақырыбы бойынша реферат жазу және қорғау.

7. «Саур-Тарбағатай таулы аймағы» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау.


Әдебиеттер тізімі

1. Физическая география Республики Казахстан. Алматы: «Қазақ университеті», 1998.- 266с. Под ред. Джаналиевой Г.М.

2. Абдиманапов Б.Ш. География Казахстана втаблицах и рисунках. Алматы: «Таймас», 2006. - 88с.

3. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана: Учебное пособие. -Алматы: «Қазак университеті», 2003. - 338с.

4. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 2001. - 216с.



5. Бейсенова А.С. Исторические основы географических исследований Казахстана: КазгосИНТИ, 2001. - 280с.

  1. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1981.

  2. Бейсенова А.С. Физико-географическое исследование Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1982.

  3. Бейсенова А., Карпеков К. Физическая география Казахстана. - Алматы: Атамұра, 2004. - 256 с.

  4. Герасимов В.П. Казахстан. - М.: Наука, 1969. - 482 с.

  5. Климат Казахстана. Под ред. А.С. Утсшева, Л., Гидрометеоиздат, 1959.

  6. Чигаркин А.В. Памятникп природы Казахстана (Примечательные ландшафты и их охрана). А-Ата.: «Кайнар», 1980. - 144с.

  7. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-Ата.: «Ғылым», 1992.

  8. Ердавлетов С.Р. География туризма. Алматы, 2000.

  9. Пальгов Н.Н. Реки Казахстана. Изд. АН КазССР. А-А, 1959.

  10. Формозов А.Н. Животный мир Казахстана. М.: Наука, 1987. - 150 с.

  11. Қазакстанның кызыл кітабы. (өсімдіктер жэне жануарлар). Алма-Ата, «Кайнар», 1978-1981.

  12. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. А-Ата.: «Ғылым», 1992.

  13. Мырзабеков Ж.М. Особо охраняемые ириродные территории Казахстана. Алматы, 2000.

  14. Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанныц топьфақ экологиясы. Алматы, 1995.

  1. Экология және табиғат қорғау. Қазак тілі термнндерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Мектеп, 2002.

  2. Трофимова В.Л. Природопользование. М.: «Финансы и статистика», 2002.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет