Мақсаты:
Жоспар:
1. Физикалық географиялық аудандастыру тарихы. Аудандастыру принциптері.
2. Зоналык, азоналық, зоналық - азоналык, генетикалык және комплексті (кешенді) принцип. Гвоздецкидің, Давыдованың, Чупахинның аудандастыруларына салыстырмалы сипаттама.
№11 дәрістің қысқаша конспектісі
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№12 дәріс Қазақстанның экологиялық жағдайы Геоэкологиялық аудандастырылуы
Мақсаты: Қазақстаннның геоэкологиялық мәселелерімен таныстырып, олардың шешу жолдарын баяндау.
Жоспар:
1. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар.
2. Экологиялық проблемалардын себептері, салдары және шешу жолдары.
№12 дәрістің қысқаша конспектісі
Каспий теңізі – Қазақстанның басты бөлігінде орналасқан дүние дүние дүзіндегі ең үлкен тұзды көл.Жалпы көлемі 400 мың м2-ге жуық,айдыны өте үлкен болғандықтан,теңіз деп аталады.Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңізбен Жерорта теңізі арқылы дүниежүзілік мұхитпен жалғасқан.Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 45 м жоғары болған.Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қонытаған «Каспий» тайпаларына байланысты аталған. Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінді жазылған.
Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 метр төмен жатыр.Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша тнрен емес (200-300м), ең терен жер оңтүстік бөлігінде (1025м) Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр.Орташа ені 320 км.
Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континентті .Қыста Азия максммумы , ал жазда Азор максимумы тармақтары әсер етеді.Сондықтан жауын шашын аз,теңіз айдынына 20 мм шамасында жауады.Жазда орташа температурасы +260с шығыс жағалауында кейде +440с жетеді.Теңіз бетінің жылдық булану мөлшері доғары - 1000 мм-ге ,ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді.Теңіз әртүрлі климаттық белдеуде орналасқан(сол.түстік қоңыржай, бат.ылғ.субтропиктік, оңт.шығ.құрғақ субтроаиктік) су бетінде ірі толқын туғызатын жи турады.
Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-ге көтеріліп,жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген қиындықтар туғызып отыр.
Табиғи байлықтары. Өсімдіктердің 600 түрі,балдырлардың жасыл,қызыл және қоңыр түрлері өседі. Балықпен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі.Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың 82% ауланады.
Респебликамыздың шаруашылығына қажеті жүктер теңіз жағалауына орналасқан Атырау,Ақтау порттары арқылы тасымалданады.
Экологиясы.Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құйғанымен одан бірде-бір өзен ағып шықпайды.Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құлатып өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауды.Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңы ойпатынан мұнаймен газ өндіріледі. «Теңіз» мұнай кен орынынан өндірілетін мұнайдың құрамына 20%-ға дейін күкіртті газ бар.Күкіртті газ қоршаған ортаға қатты залалын тигізеді.Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп ,Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендері су басу қаупі туды.
Каспий теңізі жағалауында орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып,суын ластауды.Мысалы:Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау-кен металургия комбинатының өдіріске пайдаланған суымен бірге ағызған қалдық заттары әсерінен Қошқарата көлі тіршілігі жоқ өлі көлге айналған. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес ,Ресей,Әзірбайжан,Түркіменстан,Иран мемілекеттері ортақ мәселелері шешудің бірігіп жолдарын қарастыруды.
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді.Арал теңізі Туран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр.Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан.Жалпы ауданы 64,5 мың км2 ,ұзындығы 428 км,жағалаулары көбінесе ойпатты,жазық, құмды болып келеді.Арал теңізінің түбі тегіс,тұңба шөлінді.
Арал теңізі аймағының климаты қатаң котинентті ,құрғақ.Жылдық дауын-шашынның мөлшері 100мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын шашыннан бірнеше есе көп.
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы:
240с,+260с,қыста -70с,-13 0с-ге дейін төмендейді.Қыста теңіз бетіне мұз қатады.Суының тұздылығы 14%,соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайаздауына тайланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.
Табиғи байлықтары.Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар.Кәсіптік маңызы бар бекіре,сазан,қаяз,шабақ,ақмарқа сияқты балықтар ауланады.Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап теледі. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістіке орынсыз пайдалану ,ысырап ету салаларынан теңіз суы тартылып,айдыны тартылып барады.
Экология.Аралдың теңізінің тартылып ,теңіз маңайындағы аудандардың экологиялықжағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар.Соның ішінде ең басты себебі Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ,су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келеді.Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 м дейін төмендейді.Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап , орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл п.б.
Ғалымдардың зертеуіне қарағанда тарылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тонаға жуық тұзды шаң көтеріліп,қоршаған ортаға таралады екен . Шаңмен көтеріліп , шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып,егіс өнімін төмендетеді,ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.
Қазір Арал теңізінің экологиялық жғдайы шетел ғалымдарында алаңдатып отыр.Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп,Аралға көмек тесу жолдары іздестіруде.
1988 жылы «XX ғасыр:бибітшілік және экологиялық» атты ақындардың халық аралық Арал қозғалысы өткізіледі.Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемілекеттері басшылары Аарлды аман сақтап жолын қарастыруда.Өйткені бұл ғаламдық проблема.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан көл.Көлдің аумағы 18,2 мың км2 , көл ендік бағыт бойында созылып жатыр.Ұзындығы605 км,ең тар,жерінің ені 8км.Судың деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Ең терен жер 27 м. Балқаш көліне Іле,Қаратал,Ақсу,Аягөз өзендері келіп құяды.Балқаш көлінің көптеген ірі шығанақтары ,мүйізтері,түбектері бар.
Климаты. Балқаш көлінің климаты континентті.Шілде айындағы ауаның орташа температурасы +240с ,қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -80с-ге жуық.Жылдық жауын-шашын мөлшері 120мм . Көлдің бетін желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады.Жазда көл суының температурасы +270с-ге дейін жетеді.
Табиғи байлықтары.Көл әртүрлі малюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктермен планктонға бай.Балықтың 20 аса түрі бар.Оның 5 түрі тек Балқашта өсетін балықтар.
Экологиясы. Балқашқа құятын Іле өзенін Қапшағай су қоймасына ,бұрғаннан бері көл суының деңгейі 2 м төмендеген.Қазір Балқаш көлі түрлі өндірістік қалдықтармен ластануда,әсіресе оған Балқаш Мыс конбинатының өндірістік қалдықтары көп зиян келтіреді.Соның салдарынан көл суы құрамында мыс 14-54 есе артып, мырыш қалдықтары көлдегі тіршілік көзін жояды.Балқаш көлі экологиялық жағдайы дарша жұртты аландатып отырған өзекті мәселе.Қазір Арал –Балқаш қоры ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |