Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет21/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
16 дәріс Қазақтын қатпарлы даласы (Қазақтың ұсақ шоқысы)
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялық орны, Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшелігі.

2. Өзендері, көлдері, жер асты сулары. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Көкшетау кыраты, Шыңғыстау, Ұлытау, Қарқаралы.
16 дәрістің қысқаша конспектісі

Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігін алып жатыр. Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен, оңтүстігінде Тұран ойпатымен шектеседі. Оның батыстан шығысқа қарай ұзындығы 1200 км, ені шығысында 400 км, ал батысында 900 км.

Жер бедерінің сипаты. Сарыарқа аумағы негізінен мүжіліп, тегістелген қыраттар мен ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Олардың арасында ірілі-ұсақты қазаншұңқырлар мен ойыстар кездеседі. Олар бір-бірінен геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипаты бойынша айырмашылық жасайды. Ұсақ шоқының шығыс бөлігі батысымен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Сарыарқа — палеозойдың шөгінді және магмалық (гранит, порфирит, кварцит) жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесстері басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады.

Ұсақ шоқылардың шығысында неғұрлым биік таулар орналасқан. Оларға Сарыарқаның таулы-шоқылы бөлігі — Қызыларай, биік нүктесі Ақсораң гранитті массиві (1566 м). Салыстырмалы түрде биік бөліктеріне Қарқаралы тауы (1403 м), Кент (1460 м), Шыңғыстау (1300 м), Баянауыл (950 м) таулары жатады. Бұл тау жүйесі негізінен шөгінді және магмалық жыныстардан құралған, ішінара граниттер, порфирит, кварцит, құмтас пен тақтатас кездеседі. Солтүстік беткейлерде қарағайлы ормандар өседі, оңтүстік беткейлер жалаңаш жартасты келеді. Тау етегінде тау жыныстарының үйінділері кездеседі.

Сарыарқаның батыс бөлігінде тегістелген және аласарған жерлер басым, ал қалдық таулар мен шоқылар сирек. Ерте палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстары мұнда тек жартасты жалдарда ғана көзге көрінеді. Ал жазықтар мен ойыстарда олар палеоген дәуірінің көлдік және теңіздік шөгінділерінің астында көміліп қалған.

Сарыарқаның бұл бөлігінде жер бедерінің қалыптасуына ұзаққа созылған үгілу процесімен қатар, бор және палеоген дәуірлерінің шөгінді жыныстары да әсер етті. Бұл аумақтағы ірі қазаншұңқыр — Теңіз-Қорғалжын (304 м). Ол Сарыарқаның батысын екі бөлікке бөледі. Оның солтүстік-батыс бөлігінде Көкшетау таулары, ал оңтүстік-батысында Ұлытау орналасқан.

Көкшетау таулары онша биік емес (900 м). Бұл палеозойлық әктастан, кварцит пен порфириттен түзілген. Оның беткейлерін ағын сулар тілімдеген. Тау аралық аңғарларда өте әдемі көлдер орналасқан. Олардың жағалауында және тау беткейлерінде қарағайлы ормандар өседі.

Ұлытау (1134 м) — бойлық бойымен созылып жатқан ірі антиклиналдардың қалдығы, оның негізін гранит құрайды. Тау беткейлері тақтатас, құмтас, конгломераттардан түзілген. Тау күшті тілімделген. Қайың шоқтары кездеседі. Ұлытау маңын төменгі кайнозойдың сазды жыныстарынан түзілген төбелі жазық алып жатыр.

Жер бедерінің қалыптасуы. Сарыарқа – палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процестері бастыроль атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады.

Пайдалы қазбалары. Сарыарқа пайдалы қазбаларға бай. Қарағанды және Екібастұз республикадағы аса ірі көмір алаптары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір және марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек кездесетін металдар өндіріледі. Оларды әрі қарай өндеу Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау металлургия комбинаттарында жүзеге асырылады.

Климаты. Сарыарқа мұхиттар мен теңіздерден шалғай орналасқан, мұнда сібір антициклоны мен арктикалқы ауа массалары еркін өте алады. Сондықтан климаты құрғақ және шұғыл континентті болады. Қыс суық, қаңтардың орташа температурасы — 14°-18°С. Кей күндері температура -40°С-қа дейін төмендейді. Жаз құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20()+24°С, кейде +35°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 200-300 мм. Таулы бөліктерде көбірек (370 мм) жауады.

Өзендері мен көлдері. Мұнда өзендер біршама көп. Олардың ең ірілері - Есіл, Нұра, Сарысу, Селеті, Шідерті, Тоқырау. Бұл өзендер негізінен көктемгі еріген қар суымен толығады. Су тасуы кезінде арналарынан асып, жайылады. Жаз айларында таязданып немесе кеуіп қалады, су тек еспелер мен өзектерде ғана қалады. Тұрақты ағын тек Есілде ғана байқалады.

Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қазақстан каналы салынған. Сарыарқада тұзды көлдер өте көп. Тұщы сулы көлдер негізінен Көкшетау қыраты маңында орналасқан, олар: Бурабай, Шортанды, Қорғалжын. Тың жерлер алқабы, Қорғалжын, Теңіз көлдері мен олардың маңы Қорғалжын қорығының аумағын құрайды.

Табиғат зоналары. Өсімдік және жануарлар дүниесі. Сарыарқа дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады.

Көкшетау, Атбасар маңында және Есіл өзенінің жағалауында қара топырақтар басым таралған. Мұнда бидай өсіріледі. Аласа таулар мен шоқыларда қарағай ормандары мен қайың шоқтары кездеседі.

Дала зонасының оңтүстік бөлігі, Теңіз-Қорғалжын ойысы, Сарысу өзенінің алабы, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау массивтерінің аумағы шөлейт зонасына жатады. Оның климаты құрғақ және шұғыл континентті. Мұнда күңгірт каштан топырақтарда таралған өсімдіктер арасында жусан, бетеге, селеу басым өседі. Өзен аңғарлары мен тау беткейлерін шалғындар алып жатыр, мұнда қайың, терек, қарағай, арша, талдар өседі. Шөлейт зонасы мал жайылымы ретінде пайдалануға өте қолайлы.

Шөл зонасына Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстігі (Ұлытаудың оңтүстігі, Жезқазған маңы, Солтүстік Балқаш маңы) жатады. Мұнда шөлдің қоңыр топырақтарында бұйырғын, қара жусан сияқты шөл өсімдіктері өседі.

Жануарлар дүниесі дала, шөлейт және шөл жағдайларына бейімделген жануар түрлерінен тұрады. Қарағайлы ормандарда бұғылар, елік, ал дала мен шөлейттерде киік, қасқыр, түлкі мекендейді. Көлдерде құстар көп. Қорғалжын қорығында (1958) құстардың 26 түрі, балықтардың 10 түрі, өсімдіктердің 235 түрі, сүт қоректілердің 35 түрі мемлекеттің қорғауына алынған. Сарыарқаның аласа тауларының барлық жерінде: көлдерде де, олардың жағалауында да жел мен жаңбыр әрекетінен жасалған таңғажайып тас бейнелер кездеседі. Мысалы, Көкшетауда "Түйе", "Ұйқыдағы батыр", "Жұмбақтас", "Бүркіт", "Оқжетпес", Қарқаралыда "Тас бақа", Баянауыл тауларында "Жалмауыз кемпір" және т.б. Бұл айрықша пішіндегі жартастарды әсем табиғат көріністері қоршап тұр. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл таулары -Қазақстанның өте көрікті жерлері, сондықтан мұнда туристер жиі келеді. Халық арасында бұл жерлер туралы көптеген аңыздар тарап, ән-жыр айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет