Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар.
2. Экологиялық проблемалардын себептері, салдары және шешу жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№13 дәріс Жеке аймақтардың физико-географиялық ерекшеліктері. Шығыс Еуропа жазығы.
Мақсаты: Әр физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру
Жоспар:
1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық кұрылымы. Рельефі.
2. Пайдалы қазбалары, климатының ерекшелігі, өзендері, көлдері, жер асты сулары, зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Каспий маңы ойпаты, жалпы сырт, жем үстірті.
№13 дәрістің қысқаша конспектісі
Ежелгі платформаның фундаменті кембрийге дейінгі метаморфтық түзінділерден тұрады. Фундамент бетін қалыңдығы 20-30 км-ге жететін палеозой, мезозой, кайнозойдың шөгінді жыныстарының қалың қабаты жауып жатыр. Палеозой жыныстары негізінен сазды, құмды-тақтатасты, тұзды шөгінділерден тұрады. Ал мезозой мен кайнозойдың жыныстары теңіздік және континентті шөгінділері түрінде болады.
Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетті. Континенттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан.
Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы — мұнай мен газ. Олар шөгінді қабаттардан тұзды күмбездердің көтерілуі нәтижесінде пайда болған жарықтарда жиналған. Негізінен олар пермь-триас, орта юра, бор және палеоген шөгінділерінде сақталған. Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажолда аса ірі мұнай ұңғымалары салынған. Сондай ақ, ойпатта ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз және т.б.) өндіріледі.
Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар таулары арасында орналасқан, орташа биіктігі 100-300 м. Солтүстік-шығысында аздап көтеріңкі, ал солтүстігі, батысы мен оңтүстігіне қарай біртіндеп төмендеп, төбелі-жонды жазыққа ауысады.
Орал тауы мен Еділ өзені аралығын алып жатқан қыратты өңір, Қазақстан аумағына оның оңтүстік бөлігі енеді. Жалпы Сырт солтүстік-батыс бағытта аласа қатпарларға жиналған әктастан, бор мен басқа да шөгінді жыныстардан түзілген. Қыраттың жер бедері тілімденген, қазақстандық бөлігі тегістеу болып келеді. Жалпы Сырт арқылы Жайық өзенінің көптеген ұсақ салалары ағып өтеді.
Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі арқылы Жайық, Жем, Ойыл және басқа өзендер ағып өтеді. Жайықтың саласы Ойыл өзенінің ұзындығы 800 км, ол Орал тауынан басталып, Жайық өзеніне құяды. Соңғы жылдары бұл өзеннің суы жазда тартылып, кеуіп қалатын болған, сондықтан Жайық өзеніне жетпей қалады. Суы ауыл шаруашылық алқаптарды суаруға пайдаланылады. Жем өзені (ұзындығы 712 км) Мұғалжар тауының солтүстік-батысынан бастау алады. Соңғы жылдары өзен теңізге жетпей, кеуіп қалып жүр. Бұл аумақта жер шарындағы ең үлкен ағынсыз көл— Каспий теңізі орналасқан.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?
Жер бедерінің шөгілуінің негізгі факторлары?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№14 дәріс Оңтүстік Орал таулы аймағы
Мақсаты: Әр физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру
Жоспар:
1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық кұрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшеліктері.
2. Орал климат және су айырық жотасы. Гидрогеографиясы, топырақ - өсімдік жамылғысы және жануарлар дуниесі. Мұгалжар. Орал сырты үстірті.
№14 дәрістің қысқаша конспектісі
Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Батысы девонның порфириті, кристалдық тақтатасы, әктасы, тас көмір және пермь дәуірлерінің құмтасы тәрізді жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары ең қатты жыныстардан түзілген. Шығыс Мұғалжар кембрийге дейінгі кристалдық тақтатастан, порфириттен, диабаздан және т.б. жанартаулық жыныстардан, силурдың метаморфтық тақтатасынан түзілген.
Мұғалжар - герцин қатпарлығы кезінде түзілген палеозойлық таулы өлке. Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұғалжардың тау қатпарларының тегістелу процесі Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ұзақ геологиялық кезеңде өзгеру барысына өте ұқсас. Аталған ауданның жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың литогендік құрамы, эрозиялық және денудациялық процестер ықпал етті.
Мұғалжар тауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға бай. Кемпірсай кенішінің аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылған. Бершоғыр маңында көмір шахтасы бар. Бор дәуірінің соңына қарай қалыптасқан мергельді әктас цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжардың құмдарынан шыны жасайды.
Орал тауының Қазақстан аумағындағы жалғасы болып табылады, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылып жатыр. Мұғалжардың шығыс беткейі көлбеу, ал батыс беткейі тік келеді. Таудың Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км болатын Бершоғыр ойысы орналасқан. Кейбір бөліктерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстігінде төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Ең биік нүктесі - Үлкен Боқтыбай (657 м).
Каспий теңізінің өзі аттас түбегінде орналасқан. Оның құрамына Қаратау мен Ақтау жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы — 117 км, ал Ақтау 70 км-ге созылған. Бұл таулар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Сарыарқамен салыстырғанда Маңғыстау таулары жасырақ, бірақ құрылысы мен жер бедерінің сипатында көптеген ұқсастықтар бар. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі -Қаратаудағы Бесшоқы (556 м). Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Қазақстандағы және жалпы ТМД елдері аумағындағы ең төмен нүкте болып саналатын Қарақия немесе Батыр ойысы (-132 м) орналасқан, бұл ойыс дүние жүзі бойынша бесінші орын алады.
Климатының құрғақтығы беткі сулардың таралуына әсер етеді. Мұғалжардан Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды өзендері бастау алады. Олар қар суымен қоректенетіндіктен, көпшілігі жазда кеуіп қалады. Мұғалжарда жер қыртысының жарықтарында тұщы судың мол қоры жинақталған (7000 млрд м3), қазіргі кезде бұл су қоры кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |