Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет22/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
17 дәріс Тұран жазығы

Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары, климатының ерекшелігі. Гидрогеографиялық торы. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Маңғыстау тауы және Үстірт, Торғай үстірті. Торғай иіні, Тұран ойпаты, Бетпакдала, Мойынқұм. Іле - Балқаш – Алакөл ойыстары.


17 дәрістің қысқаша конспектісі

Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды.



Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі. Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар: - Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының; - дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы; - оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат - мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы; - Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы; - транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы; - Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы. Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады. Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен (Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі. Тұран плитасының ірге тасы бірқатар тектоникалық жарықтарға бөлшектенген солардың ішінде жербедерін қалыптастыруда субмеридианальды бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары жетекші орын алады. Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан.

Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герцинк қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран ойпатының солтүстігіндегі батыс Сібір плитасынан торғай үстірті бөліп оларды бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр. Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік – Шығысы мен оңтістік шекарасы және оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы өтеді. Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін арал теңізіне қарай еңіс болып келетін тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м) Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтістігімен оңтүстік бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп көтерілетін үстірттерге ұласады . Солардың ішіндегі ең биігі аймақтың оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті (150-400м) үстірт (100-350м). Амудариямен Сырдари өзендерінін аралығында Қызылқұм таулары, “Бұқантау” “Тамдытау” “Құлжықтау” сияқты қалдық атулы алқаптармен үстіртер бар “Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу – Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді.Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 1000 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстік- батыс бөлігінде жоғары Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті, Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді олардын қатарына солтүстік арал маңы немесе оңтістік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы жатады кейде ірге тасы теренде жатқанымен үстірт сияқты қабатты тұғырлы үстіртті жазықтарда кездеседі. Оларда пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет