Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы» 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған ОҚу- әдістемелік материалдар


Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері



бет62/130
Дата06.02.2022
өлшемі207,03 Kb.
#51203
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130
Байланысты:
балалар психологиясы

3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет