Мотивтер иерархиясы (сатысы) – мінез-құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. Мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады.
Нышандар – қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін ағзаның іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері (нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т.б). Рухани қажеттілік – тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік.
Ойын іс-әрекет (қызметі) – негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің басты түрі.