|
Студенттің құқықтары мен міндеттері
|
бет | 4/39 | Дата | 21.10.2022 | өлшемі | 460,5 Kb. | | #154430 |
| Байланысты: СПОРТСтуденттің құқықтары мен міндеттері
Студент:
пәннің силлабусын электронды немесе қағаз түрінде алуға;
алған бағалары туралы уақытынды ақпарат алуға;
қойылған бағаға дәлел алуға;
оқытушыға босатқан күндегі материалды және өздік жұмысты тапсыруға;
пәннің мазмұны , өзіндік жұмыстарды орындау бойынша кеңес алуға;
ағымдық бақылауда өзінің бағасын көтеру мақсатында қосымша тапсырма алуға;
емтихандағы бағасын белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға беругеи құқылы.
Студент:
сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарға қатысуға;
сабақты себепті жағдайлармен босатқанда медициналық анықтама көрсетуге немесе деканаттан белгіленген тәртіп бойынша ресімделген рұқсат қағаз әкелуге;
сабаққа кешікпеуге;
өзіндік жұмыстарды уақытында орындап және тексеруге беруге;
аудиториялық жұмыстарға жүйелі түрде дайындалуға;
аудиториялық жұмыстарға белсенді қатысуға;
тәртіп сақтауға;
оқытушылар, студенттер, университет қызметкерлеріне қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Оқытушының құқықтары мен міндеттері
Оқытушы:
семестр бойында силлабусқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
сабақты босатқан студенттен түсініктеме талап етуге;
себепсіз сабақ босатқан студенттердің жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
уақытында өткізілмеген өздік жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
10 минуттан артық уақыт сабақтан кешіккен студентті сабаққа кіргізбеуге;
академиялық адалдық ережесін бұзған студенттердің жұмыстарын тексермеуге құқылы.
Оқытушы:
студенттерге пән бойынша силлабусты бірінші оқу күні электронды немесе қағаз түрінде беруге;
семестр бойында силлабусқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы студентті уақытында ақпараттандыруға;
сабақ кестесіне сай аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда аудиторияда болуға;
студенттерге бағалары туралы ақпарат беруге;
студенттерге қойылған бағаларды дәлелдеп беруге;
студенттерге қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|