Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»



бет3/39
Дата21.10.2022
өлшемі460,5 Kb.
#154430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
СПОРТ
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание

Пәнді оқыту міндеттері


1. Студенттерді дене тәрбиесі пәнінің бөлімдерімен, теориялық түсініктермен, Қазақстан республикасы дене мәдениеті жүйесімен, жаттығулардың денсаулықты нығайтудағы әлеуметтік мәнімен таныстырамыз.
2. Студенттерді дене тәрбиесі амалдарымен, жаттығу техникасымен, сипатамасымен, қимыл әрекетке үйрету құрылысымен, әдістерімен таныстырамыз, түсініктерін қалыптастырамыз.
3. Студенттерді қимыл қозғалысқа үйрету мен дене қуатын жаттықтыру қағидаларымен, әрттүрлі дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістерімен таныс - тырамыз.
4. Мектепте дене тәрбиесі сабағын, спорт түрлерінен жаттықтыру жүргізу әдістемесін үйретеміз.
5. Әртүрлі жастағы адамдармен сабақтар жүргізу әдістемесімен, жоспарлау технологиясымен, бақылау және есепке алу құжаттарымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер

  1. Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында студенттер дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыруға қажет дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін, қағидаларын үйренеді.

  2. Дене қуаты қасиеттерін, оны дамыту жолдары туралы теориялық мәліметтер алады.

  3. Жоспарлау технологиясын, сабақтарды талдауды үйренеді.

  4. Сабақтар жүргізу іскеліктері мен дағдыларына қалыптасады.

  5. Мектепте дене тәрбиесі сабағын, спорт түрлерінен жаттықтыру жүргізу әдістемесін үйренеді.

Пәннің пререквизиттері
Анатомия, физиология, биохимия, дене мәдениеті тарихы, сауықтыру технологиялары.


Пәннің постреквизиттері
Спорттық – педагогикалық пәндер, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру, спорттық медицина, балалар мен жасөспірімдер спорты, іс-тәжірибелік практика.
Техникалық дағдылар мен жабдықтар:
Студенттер пән бойынша берілетін тапсырмаларды орындау үшін MS Office - Word, Excel, Power Point; Internet бағдарламаларымен жұмыс істей алу керек.


Пән саясаты:
Сабаққа қатысу:
Күндізгі бөлімде оқитын студенттер сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық, аудиториядан тыс СОӨЖ сабақтарына қатысу керек. Студент СОӨЖ сабақтарына берілген тапсырмалар бойынша оқытушыға сұрағы болған жағдайда немесе СӨЖ жұмыстарын тапсыруға, босатқан сабақтарын өтеу үшін келеді. Кей жағдайда сабаққа қатысу оқытушының талабы бойынша міндетті.
Студенттің аудиториядағы жұмысы:
Аудиториялық сабақ кезінде студент өткізілетін жұмыс түрлерінің барлығына қатысуға міндетті(ауызша жауап, жазбаша жұмыс, талқылау, пікірталас, топпен жұмыс, жоба орындау т.б.)
Сабақты босату:
Сабақты тек себепті жағдайда ғана босатуға болады.
Себепті жағдайлар :

  1. ауырғанда (студенттік емханасының амтулаториялық орталығының берген медициналық анықтамасын көрсеткен жағдайда).

  2. спорттық жарыстар, олимпиадаларға, сайыстар мен конференцияларға қатысқанда (мұны айғақтайтын құжат болған жағдайда).

  3. отбасылық және басқа да себептерде (деканаттың рұқсаты болған жағдайда).

Соңғы екі жағдайда сабақтан босату деканаттың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Егер студент себепті жағдаймен босатса, өтілген тақырыпты оқытушыға тапсыруға құқығы бар және бағасы кемітілмейді. Ал себепсіз жағдаймен босатқанда да өтілген тақырыпты оқытушыға тапсырады, бірақ оқытушы бағаны 25 %-ға дейін кеміте алады. Егер студент сабақты үш рет себепсіз босатса, оқытушы факультет деканының атына мәлімдеме жазады. Егер студент сабақтың 50 пайызына қатыспаса, ол пәнді қайтадан өтуге міндетті.
Сабаққа кешігу:
Сабаққа мүлдем кешігуге болмайды.
Академиялық адалдық:
Аудиториялық және өзіндік жұмыстарды орындауда студентке көшіруге, басқа біреудің дайын жұмысын, ойын пайдалануға және басқа да академиялық мінез-құлыққа лайық емес әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
Аталған академиялық адалдықты бұзған жағдайда оқытушы жұмысты қабылдамайды және бағаламайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет