ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Дифференциалды психология»


-тақырып . Оқыту және дара айырмашылықтар



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,84 Mb.
#27206
1   2   3   4

6-тақырып . Оқыту және дара айырмашылықтар.
Жоспар:

  1. Тәжірибе, дағды және тестік қателіктер.

  2. Тәжірибе және даралық айырмашылықтар.

  3. Мектепте оқыту және ақыл-ой қабілеті.

Көптеген уақытқа дейін интеллект коэффиценті ағзаның тұқым қуалаушылық қасиеті деп есептелінді. Интеллект коэффиценті нақты тестің көрсеткіші ғана екендігін психологтар мойындауда. Егер тестің мазмұнын өзгерткен жағдайда оның мәні де өзгеретіні белгілі. Сонымен қатар, бұл мән әрекет-қылыққа әсер ететін сыртқы факторларға да тәуелді екендігі белгілі. Яғни, индивидтің тестен өту тәжірибесіне тәуелді болмақ.. Көптеген зерттеулер барысында зерттелінушілерге белгілі бір интервалды (бірнеше күннен бір жылға дейінгі аралықта) өткеріп, нақты тест түрінен өту ұсынылады. Бұл зерттеу жұмысына қалыпты және психикалық ауытқулары бар үлкендер, балалар қамтылады. Қайталап тестілеу кезінде нәтиже біршама жақсарып отырған.

Сондықтан, тестілік қателіктердің болатыны белгілі. Бұл деген сөз өткен тәжірибесінде көптеген тесттерден өткен индивидтің мүмкіндігі әрине, тәжірибесі жоқ индивидке қарағанда жоғары. Тәжірибенің негізінде индивид ұсынылатын тесттерге алғашқыдай үрке қарау сезімінен арылып, өз-өзіне деген сенімділігі арта түседі. Сондықтан, біз бұдан екі түрлі қорытынды жасай аламыз, біріншісі, тестік тапсырманы ұсыну кезінде жеке индивидтің немесе топтың өзіндік жеке ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым лайықты нұсқаны ұсыну қажет, екіншісі, тестілеу нәтижесінің мәніне тәжірибенің ықпалының үлкен екендігін ұмытпау. Ендеше , адамның әрекет-қылығына байланысты тесті өту кезінде оның кез-келген дара тәжірибесі (ресми, ресми емес) тестің нәтижесіне өз әсерін тигізеді.

Ал тәжірибе мен дара айырмашылықтар арасындағы қатынасқа байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Тәжірибенің негізінде дара айырмашылықтар ұлғайады ма, әлде азаяды ма? Жаттығу кезінде ол өзінің бастапқы индивидуалдылығын сақтай ала ма? Бұл сұрақтардың практикалық та, теориялық та маңызы өте зор. Өйткені бұл мәселе, персоналдарды тағайындауда, білім беру немесе кәсіптік сапа көрсеткіштерінде маңызды роль атқарады. Тәжірибе уақыты бірдей адамдардың да нақты еңбек көрсеткіштерінде айырмашылықтардың болатыны белгілі.

Мектепте оқытудың адамның интеллектуалдық дамуына әсерін білім деңгейі мен ақыл-ой дамуын анықтау тестерінің көрсеткіштерін салыстыра отырып, зерттеуге болады. Бұндай салыстыру нәтижесінде сабақ үлгері мен ақыл-ой дамуы арасындағы корреляция 0,73 және0,74 арасында болған. Әрине білім алу интеллектуалды мүмкіндіктерді көтереді және сонымен қатар, тек ақылдылар ғана білім алудың сатыларынан көп бөгетсіз өте алады. Білім алу тек адамның дара қабілетіне де байланысты емес екенін түсінуіміз қажет. Өйткені көпшілік жағдайда білім алу басқа да факторларға да тәуелді. Мысалы, қаражат мүмкіндігі, жанұялық дәстүрлер, нақты аймақтардан білім алу мүмкіндігі және т.б.

Оқыту және білімді бағалау кезіндегі адамның дара ерекшеліктерін ескеруде педагогтардың психологиялық білімі мен олардың педагогикалық жеке интуициясының маңызы өте зор.

Оқыту процесі кезінде оқытудың білім дағдылырын есепке алып, оларды бақылау жіне бағалау оқыту прцесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Мұғалімнің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру білуі, көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының кепілі.

Бақылау үшін бақылауды дұрыс ұйымдастыру, яғни теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілікпен дағдының қалыптасу дәрежесін анықтау, оларға талдау жасаудың әдістемелік мәселелері туралы М.Р.Ловов, Н.Н.Светловский, Е.И.Перовский және т.б.зерттеу жұмыстарын жүргізген. Білім мен білік, дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдануы және практикада қолдану тәжірибесі арасындағы әлі де болса қарама-қайшылықтар болып отыр. 80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық негіздерін талдау қолға алынды. Оның дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алудың қатаң тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.

Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту прцесінде оқушылардың оқу-әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау белгілі әрекеттің немесе бар білімнің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту прйесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білім мен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Бақылау негізінен үш сипаттағы қызметті атқарады: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Қазіргі педагогикадағы білімді бақылау мен бағалау келесі принциптер арқылы жүзеге асырылады:


  • әділдік, шындық;

  • жан-жақтылық;

  • жүйелілік;

  • жеке даралық;

  • дифференциалдық;

Әділдік пен шындық – субъективтік факторлардың болмауын көздейді, яғни білім сапасының нақтылығын көздейді.

Жан-жақтылық – бақылау оқу бағдарламасының барлығын қамтидв, оқушылардың теориялық ьілімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдыны бақылауды қамтамасыз етеді.

Жүйелілік - әр сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді.

Жеке даралық - әр оқушының өзіндік ерекшелігін бағалау (қабілеті, денсаулығы,белсенділігі және т.б.) қарастырылады.

Дифференциалдық қатынас - әр пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдеріне, сонымен бірге, оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың түрлі әдістерін, мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.


7-тақырып. Адамның мінездік ерекшеліктері

Жоспар:


  1. Мінездің дара ерекшеліктері.

  2. Мінез және темперамент.

  3. Даралалықты зерттеудегі мінез типологиясының маңызы.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.

Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт бағдарын құрайды, яғни оның материалдық және рухани қажеттіліктеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мақсатарына негіз болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі, әрекет-қылықтарының себептері анықталады.

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді - мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.

Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.

Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :


  1. Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер);

  2. Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов);

  3. Темпераментті мінездің элементі ретінде;

  4. Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.

Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.

Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.

Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,



Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мінезді адам" және "еркі күшті адам" сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен және т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, турақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әр уақыт мақсатына орай нық, турақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда "мінезсіз" деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік және т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.

Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән турақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.

Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға ие, Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.

Мінез құрастырушы кептеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилык, т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, кө-ңілділік т.б.), ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланыскан: батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.

Мінез түрі әзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.

Адам мінезінің белгілі турде калыптасуы оның коршаған дүниеге кдтынасына байланысты. Бул қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік

объекттердің маңызымен анықталады:

  1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті - дөрекі т.б.).

  2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер - еріншек т.б.)

  3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).

  4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, үқыпты - салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көй адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама\ қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,

Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда бол-са, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітіс-төрді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) - адамдар-дың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінөзінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себөбі - мінез тума берілмей-ді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрөкетіне сай қалыптасады.

Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.

Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:

    1. Үйдесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды. ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

    2. Іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет - кылығы арасында келіспестік бола түрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жол-дарын іздестіруге дайын түрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мүндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани кундылық-тарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көңіл-күй, ниет-тері мен элеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, үнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бүл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп түратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жүмса-май-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.

Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажыр-сыз. Балалық шағында бүл адамдар шектен тыс мәпе-леніп, тәңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпей-ді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.

4. Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам - бағыт-бағдарының түрақсыздығынан, принциптік бостығынан тө-ңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық дең-гейі төмен. Түрақты мінез-қүлығы кдланбаған, осыдан барша

іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік ушін болған әрекет-қимылы тікө, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бүл адамдардың барша ынта-ықласы, нақгы, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы

8-тақырып. Мінез психопатиясы.
Жоспар:

  1. Мінез акцентуациясы.

  2. Мінез ауытқушылығының клиникалық формалары.

Мінез акцентуациясы ұғымын психологияға енгізген К.Леонгард болды. Мінездік (акцентуация) психологияда - мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз жерлері" формасында көрініс беруі, яғни мінездің кейбір ерекшеліктері өте айқын байқалады, және бұл түрлі жағдайларда біртиптік конфликтілер мен жүйке күйзелістеріне әкелуі мүмкін. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте кінәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айры-лып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тулғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлерінө берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне" соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзге-реді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінез акцентуациясының көріну дәрежесіне байланысты анық немесе жасырын (латентті) болып бөлінеді. Мінез акцентуациялары жанұя тәрбиесі, әлеуметтік орта, кәсіптік әрекеттер мен жалпы денсаулық деңгейіне қарай ауысып отыруы мүмкін. Ендеше мінез акцентуациясы тұрақты емес. Мінез акцентуациясы біртіндеп жайдақталуы мүмкін.



Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады. Демек, мінез акцентуациясы қалыпты норманың ең шеткісінде орналасып, психопатияға ұласуы мүмкін.

Мінез акцентуациясы психопатияға қарағанда тұлғаның тұлғаның психологиялық әсер етулерінің кез-келгеніне емес, нақты бір жағдайларында ғана ерекше әсерін байқауға болады. Күрделі психогенді жағдайларда ғана мінез акцентуациясы өткір аффективті реакцияға айналуы мүмкін (невроз). Мінез акцентуациялары психопатиялық бұзылыстармен шекаралас болғандықтан оның типологиясы психиатрияда жасақталған психопатия классификациясының негізінде жасалынады (тек бұл типология психикалық дені сау адамдарға тән болады).

Психогениялар – психикалық түрлі психикалық травмалардың нәтижесінде бұзылуы. Психогениялар бір сәтте жүзеге асырылған өткір ситуациялар нәтижесінде де, сондай-ақ салыстырмалы түрде әлсіз, бірақ ұзаққа созылған ситуациялар нәтижесінде де болуы мүмкін. М-ы: түрлі ауруларға байланысты организмнің әлсізденуі.ж.ж-нің шаршауы немесе тұлғалық ерекшеліктердің спецификасы болуы мүмкін.

Психикалық аурулар клиникасында психогения екіге бөлінеді:



  1. реактивті көрінісіне қарай психогендік және психоздар;

  2. невроздар.

Мінездің ұлтгық ерекшеліктері. Ұлгтық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың,. үлттың, халықтың өмір тіршіліп" мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-қүлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-касиеттері бар, Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра касиеттерді атап көрсеткен-ді, Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзщрас, қонақжайлылық пен пайымшыл-дық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншы-лықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз әнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет